Май ауданының әкімі - Ардақ Амангелдіұлы Қаңтарбаев

Kantarbaev Ardak AmangeldinovachҚаңтарбаев Ардақ Амангелдіұлы 1968 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келді. Білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын тәмамдаған.
Еңбек жолын «Экибастуз Энергожилпромстрой» трестінде бастаған, кейін ҚР Ұлттық Ғылым академиясы Мемлекет және құқық институтының кіші ғылыми қызметкері болып еңбек етті, ҚР Салық полициясында қызмет етті; 2002-2006 жылдары - «Алматы техникалық түгендеу бюросы» ЖШС директоры; 2006-2008 жылдары - Алматы қаласы әкімдігінің «СейсмоСтройЗащита» МКҚК директоры. 2009-2012 жылдары Алматы қаласы Әділет департаментінің маманы, бөлім басшысы болып жұмыс істеді, 2012-2016.04 жылдары Павлодар облысы Әділет департаментінің басшысы болып істеді. 2016 жылғы 13 сәуірден Май ауданының әкімі болып тағайындалды.

«Май ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қысқаша мінездемесі:

«Май ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі аудан әкімінің жұмысын материалды-техникалық, ақпараттық-сараптамалық, ұйымдастыру- заңнамалық негізде қамтамасыз ететін атқарушы-белгілеуші орган болып табылады.

«Май ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Конституция, Қазақстан Республикасы заңдары, Президент, Үкімет акттері және басқа заңнамалық құқықтық акттер мен осы Ереже негізінде жүзеге асырады. «Аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңдық тұлға болып, Қазақстан Республикасының гербі бейнеленген мемлекеттік тілде аты жазылған печаті штампы, белгіленген тәртіптегі бланкі, заңмен белгіленген тәртіпте банктерде есебі болады.

«Май ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері болып Қазақстан Республикасының Конститутциясы, 2001 жылдың 23 қаңтарындағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңның, Президенттің, Үкіметтің акттері, басқа да заңдық, нормативтік құжаттарда белгіленген.
«Май ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне төмендегі міндеттер жүктеледі:

  1. ауданның қажеттілігі мен мұқтаждығы негізінде Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметтің ішкі және сыртқы саясатының басты бағыттарын жүзеге асыру.
  1. ауданның әлеуметтік-экономикалық жоспарын, жергілікті бюджетті жасауда қатысу және оны орындауды қамтамасыз ету мен бақылауға алу.
  2. аудан әкіміне, әкімдікке бағынышты мемлекеттік мекемелер мен атқарушы органдардың қызметін бақылау мен үйлестіру.
  3. әлеуметтік экономикалық процесстерді басқаруды жүзеге асыру, еңбек саласында, еңбекпен қамту және көші-қон бойынша саясатты ұстану, әлеуметтік қамсыздандыру мен үйлестіру және осы мақсатта селолық әкімдердің қызметін оңтайландыру, олардан сараптама және аудан әкімінің шешімі мен өкімін дайындауға уақытылы ақпарат алу, әлеуметтік- экономикалық халжағдайдың принциптерін қалыптастыру.
  4. Қазақстан Республикасы заңдары, Президент, Үкімет актілері және басқа Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету, жіберілген кемшіліктерді жою шараларын көру.
  5. аудан әкімінің жұмысын құжатпен қамтамасыз ету, қызметтік хаттарды, арыздар мен шығымдарды қарау, азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру, құжат айналымын сараптамалау, құжат айналымын жақсарту, құпия құжатпен жұмыс, құжаттастыруды мемлекеттік тілде жүргізілуін қамтамасыз ету.
  6. аудан әкімінің қатысуымен өтетін шараларды ұйымдастыру және ақпаратпен қамтамасыз ету, аудан әкімінің және оның орынбасарларының қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау, олардың ортасында үйлесімділікті қамтамасыз ету, Президент пен Үкімет жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатты, аудандағы әлеуметтік- экономикалық жағдайды түсіндіру, проблемалы мәселелерді шешіп отыру.
  7. аудан әкімінің кадрлар саясатын жүзеге асыру, мемлекеттік әкімшілік лауазымды иелену конкурстарын өткізу, кадрлер резервін дайындау сынақ мерзімі мен оқуын ұйымдастыру.

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala