Май аудандық мәслихаты

самрук казМай аудандық мәслихат - ауданның халқы сайлайтын, халықтың еркiн бiлдiретiн және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны iске асыру үшiн қажеттi шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.

nachMaslihatАрынов Ғибадат Турсынұлы - Май аудандық мәслихатының хатшысы. 1963 жылдың 30 қантарында,Павлодар облысы, Май ауданы, Май совхозында дүниеге келген.
1988 жылы ұйымдастырушы техник-механик мамандығы бойынша Красноармейка ауыл шаруашылығы техникумын үздік бітірген. Білімі жоғары, 2013 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Көлік, көлік техникасы және технологиялары »мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1980 жылдан Май совхозына слесарь болып бастады. 1981 жылы Май селосындағы шоферлік мектебін бітіргеннен соң көлік жүргізушісі болып істеген. 1984-1986 жылдары Кеңес әскері қатарында әскери қызмет атқарған. 1988 жылдан Май ауылында бригадир, бас инженер болып қызмет істеген. 1998-2011 жылдары Май ауданы, Қаратерек селолық округінің әкімі қызметін атқарды.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып,қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқаны үшін Май ауданының Құрмет грамоталары және алғыс хаттарымен, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 10 жылдығына байланысты Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың алғыс хатымен, Қазақстан Республикасының және оның астанасының дамуы мен қалыптасуына елеулі үлес қосқаны үшін «10 жыл Астана» медалімен, 2011 жылғы желтоқсанның 5-дегі Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы бойынша «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 20 жыл» медалімен марапатталды.
Үйленген, 4 баласы бар.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңына сәйкес 2012 жылғы 15 қантарда өткен сайлау қорытындысы бойынша V-шақырылған Май аудандық мәслихатының № 3 Қаратерек сайлау округінің депутаты болып сайланды.
V сайланған Май аудандық мәслихатының I-ұйымдастыру сессиясының шешімімен мәслихат хатшысы болып бір ауыздан сайланды
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңына сәйкес 2016 жылғы 20 наурызда өткен сайлау қорытындысы бойынша VІ-шақырылған Май аудандық мәслихатының № 3 Қаратерек сайлау округінің депутаты болып қайта сайланды.
VІ сайланған Май аудандық мәслихатының I-ұйымдастыру сессиясының шешімімен мәслихат хатшысы болып бір ауыздан қайта сайланды.


Мәслихат хатшысының міндеттері.

1. Мәслихаттың хатшысы тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн лауазымды адам болып табылады. Оны мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшiлiк даусымен мәслихат сайлайды және қызметтен босатады. Мәслихаттың хатшысы мәслихат өкiлеттiгi мерзiмiне сайланады.
2. Мәслихат хатшысы лауазымына кандидатураларды мәслихат депутаттары мәслихаттың сессиясында ұсынады.
3.Мәслихат хатшысы:
1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеудi ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етедi және сессия төрағасымен бiрге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
2) мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтерiндегi жұмысқа қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды;
3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;
4) мәслихат аппаратының қызметiне басшылық жасайды, оның қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) сайлаушылар өтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады;
6) мәслихаттың жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады;
7) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;
8) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметiн үйлестiредi;
9) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкiл болады;
10) мәслихат шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi;
11) мәслихат шешiмi бойынша өзге де мiндеттердi орындайды.
4. Мәслихат хатшысының мәслихаттың тұрақты комиссияларында болуға құқығы жоқ.
5. Мәслихаттың хатшысы болмаған кезде оның өкiлеттiгiн мәслихат сессиясы төрағасының шешiмi бойынша мәслихат тұрақты комиссияларының бiрiнiң төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.


Мекен жайы: Май ауданы

Көктөбе селосы

Аблыйхан көшесі 32

Телефон 8-718-38-91-3-52

 

 

 

Каримов Кайыржан Уанұлы - № 8 Көктүбек сайлау округінің депутаты.

Karimov1971 жылы 21 желтоқсанда Май ауданы, Май совхозында туған.
Екі жоғары білімі бар, кәсіптік оқыту мамандығы бойынша Л.Гумилев атындағы Еуразия университетін құрылыс бұйымдары мен конструкциярының өндірісі институтын және Павлодар педагогика институтын бітірген.
Еңбек жолын 1989 жылы «Целинэнерго» құрылыс-монтаж басқармасына бірінші разряд балташы болып жұмыс атқарған. Май аграрлық техникалық колледжінің директоры болып жұмыс істейді. Үйленген, үш баласы бар.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңына сәйкес 2012 жылғы 15 қантарда өткен сайлау қорытындысы бойынша V-шақырылған Май аудандық мәслихатының № 9 Көктүбек сайлау округінің депутаты болып сайланды.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңына сәйкес 2016 жылғы 20 наурызда өткен сайлау қорытындысы бойынша VІ-шақырылған Май аудандық мәслихатының № 8 Көктүбек сайлау округінің депутаты болып қайта сайланды.
Қайыржан Уанұлы Кәрімов І-ұйымдастыру сессиясының шешімімен «Әлеуметтік-экономикалық даму және бюджет» жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болып сайланды.
Аталған комиссия Май аудандық бюджетін жоспарлауын және игерілуін бақылайды.

Павлодар облысы
Май ауданы
Көктүбек ауылы
Аблайхан көшесі 32
Телефон. 8-718-38-91-7-76

 

 

Жетыбаева Анар Ахметқызы - № 5 Малайсары сайлау округінің депутаты.

жетыбаева1978 жылы 22 мамырда Павлодар облысы Май ауданы Киров ауылында туған.
Білімі жоғары. 2003 жылы Павлодар университетін «педагогика және психология» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1997 жылы Малайсары орта мектебінің (Май ауданы, Малайсары ауылы) мұғалімі болып бастаған.
2015 жылы тәрбие ісі жөніндегі мектеп директорының орынбасары лауазымына тағайындалды. 2015 жылғы 1 желтоқсаннан Малайсары орта мектебі директорының міндетін атқарушы болып істейді.
Тұрмыс құрған, екі баланың анасы.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңына сәйкес 2014 жылғы V-шақырылған Май аудандық мәслихатының № 6 Малайсары сайлау округінің депутаты болып сайланды.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңына сәйкес 2016 жылғы 20 наурызда VІ -шақырылған Май аудандық мәслихатының № 5 Малайсары сайлау округінің депутаты болып қайта сайланды.
Жетыбаева Анар Ахметқызы І-ұйымдастыру сессиясының шешімімен «Әлеуметтік –мәдени даму және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау» жөніндегі аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрайымы болып сайланды.
Аталған комиссия Май ауданы бойынша «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламалар, әлеуметтік мәселелер жөнінде және т.б жұмыс атқарады.

Павлодар облысы
Май ауданы
Малайсары ауылы
Абай көшесі 1/1
Телефон: 8-718-38-95-2-31( жұм.)

 

 Дарабаев Медет Темірзақұлы - № 7 Көктүбек сайлау округінің депутаты.

Дарабаев1985 жыл 7 ақпанда Павлодар облысы Май ауданы Жалтыр ауылында дүниеге келді.
2007 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «құрылысшы-инженер» мамандығы бойынша бітірген.
2007 жылы № 85 «Казавтодор» Павлодар облыстық филиалында шебер болып істеді. 2012 жылы № 85 «Казавтодорға» инженер болып тағайындалды. 2013 жылдан бастап Май аудандық № 85 «Казавтодор» басшы болып тағайындалды.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңына сәйкес 2016 жылғы 20 наурызда VІ -шақырылған Май аудандық мәслихатының № 7 Көктүбек сайлау округінің депутаты болып сайланды.
Үйленген, екі баласы бар.
Дарабаев Медет Темірзақұлы І-ұйымдастыру сессиясының шешімімен «Аграрлық мәселелер» жөніндегі аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы болып сайланды.
Аталған комиссия «Индустиалды инновациалдық даму 2020», «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламалар бойынша жұмыс атқаруда.

Павлодар облысы
Май ауданы
Көктүбек ауылы
Аблайхан көшесі 32
Телефон. 8-718-38-91-7-76

 

Мәслихат тұрақты комиссияларының қызметі мен өкілеттігі 

Май аудандық мәслихатының тұрақты комиссиялары заң шеңберінде мәслихат сессиясында қаралатын кез келген мәселе бойынша мәслихатқа, мәслихат сессиясының төрағасына, мәслихат хатшысына ұсыныс енгiзеді;
- өздерiнiң құзырына жататын әрi мәслихат сессиясының қарауына енгiзiлген мәселелер бойынша қорытындылар береді;
- өздерiнiң құзырына жататын мәселелер бойынша мәслихат сессияларында баяндамалар мен қосымша баяндамалар ұсынады;
- өз құзыретi шегiнде сессияда жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының есептерiн тыңдау туралы мәслихатқа ұсыныс енгiзеді;
- комиссияның жұмысына мәслихаттың басқа да депутаттарын, сондай-ақ мемлекеттiк органдар, ұйымдар, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары өкiлдерiн және азаматтарды тартуға құқығы бар.
- мәслихаттың тұрақты комиссиялары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды.т.б.


 

Май аудандық Қоғамдық кеңестің Ережесін бекіту туралы

«Май аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы

Павлодар облысы Май ауданының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы

 Жұмыс тобы құрылды

Май аудандық Қоғамдық кеңестің құрамын бекіту туралы

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala