Май ауданының тарихы

1939 жылдың 16 қазан күні Май ауданы үшін ерекше күн. Дәл осы күні Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Президиумы Павлодар облысында Май ауданын құру жөнінде Жарлығын жариялады. Жоғарғы Советтің Президиумы өзінің өкімімен Павлодар обласындағы жаңадан құрылатын аудандарды құруға байланысты арнайы ұйымдастыру комитетінің құрамын бекітіп, оның төрағалығына Жұмасейітовті, хатшылығына Чекушінді бекітті. Осы ұйымдастыру комитетінің 1939 жылғы 1 карашадағы №602 Қауылысымен жаңадан құрылған Май ауданының ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітіліп, оған мына адамдар енгізілген: Т.Рахымов – ұйымдастыру комитетінің төрағасы,   Ә. Ысмаылов – ұйымдастыру бюросының хатшасы, М.Лукаин – НКВД-ның аудандық бөлімінің бастығы, Ә. Раздыков аудандық жер бөлімінің менгерушісі.

Аудан құрылғанда оның құрамында 23 колхоз болыпты, оның 19-ы Бесқарағай, 2-і Баянаул, 2-і бұрынғы Каганович (қазіргі Ақсу) аудандарынан бөлінген.

Ауданың жер көлемі 5,7 мың шаршы километр құраған, халқы 7513 адам болған. Халық ағарту саласында 20 бастауыш , 4 орталау мектеп болған, оның ішінде бір бастауыш, бір орталау мектебінде сабақ орыс тілінде, жүргізілген. Қалған 21-і қазақ тілінде мектептері.

Мойке рудниктері 1929 жылы ашылып, жыл сайын 150-200 мың тонна отқа төзімді ақбалшық өндірген. Бұл рудник Кузнецк металлургия заводын балшықпен қамтамасыз еткен.

Жамантұз көмір орынын пайдалану 1888-1901 жылдары бастапты. Оның көмірі Қарқаралы түбіндегі мыс қорыту заводына жеткізіліпті.

Жамантұздың көмір қоры геологтар Афанасьев пен Егоровтың болжамы бойынша аумағы 500 шаршы километрлік 250 миллион тонналық көмірлі апан көрінеді.

Аудан құрылған жылы колхоздарда 48268 бас түлік болған екен. Оның ішінде жылқы – 1412, ірі қара – 5505, қой мен ешкі – 21240, түйе 297 бас болыпты, қалғаны Лацис атындағы совхоздікі.

Егістік көлемі 17692 гектарға жетіпті. Оның ең көбі тары дақылы көрінеді.

Мәдени-ағарту мекемелерінен 15 клуб, 3 оқу үйі, 9,3 мың кітап қоры жұмыс жасаған.

Денсаулық сақтау орындарынан 5 орындық 2 дәрігерлік амбулатория, 5 фельдшерлік пункт болыпты. Медициналық қызметкерлердің жоғарғы буынынан бүкіл ауданда 2 дәрігер болған.

Көмір өндіруші кәсіпорнының алғашқы директоры Головченконың мәліметіне қарағанда Жамантұздың алғашқы құрылған жылы 375 адам тұрғыны болған. Оның 196-сы балалар, 69-ы үй-шаруасындағы әйелдер, бесеуі инженер-техниктер, 82-і жұмысшылар, 21-і мұғалімдер, сауда және қызмет көрсетушілер. Ұлттық құрамына келсек – 308 қазақ, 41-орыс, 26 – басқа ұлт өкілдері Жамантұзда тұрыпты.

Кәсіпорынның материалдық-техникалық базасында: 3 –ЗИС-5, 3-ГАЗ АА автомашиналары, бір 15 метрлік транспортер, екі насос, екі механикалық лебедка болған. Оншама байлық емес. Дегенмен Жамантұз кәсіпорнының ұжымы алғашқы күндерінен-ақ екпінді еңбекке дағдыланған. Тарихи құжаттарға үңілсек кәсіпорын 1939 жылы жылдық жоспардағы 6000 тоннанаң орнына 10245 тонна көмір өндірген. Мұның тек қана 2745 тонннасы сатылып, 1940 жылдың басына 7500 тоннасы ешқандай жөнелтілмей қалған. Сол жылы көмір өндіру жоспары 10 мың тоннаға белгіленіп, ол 10365 тоннаға орындалады. Ертіс өзені арқылы бұл көмірдің 1865 тоннасы жөнелтіледі. Екі жылдық көмірдің қалдығы 17 мың тоннаға жетіп, тұтынушыларға жөнелтілмей қалады. Бұдан кәсіпорын орасан шығын шегіп, жұмысшылардың еңбек ақысына төлеуге қаржының жетіспеушілігіне ұшырайды.

1945 жылдың көктемінен ауданда егіннен мол өнім жінау жөніндегі звеношылар қозғалысы кең өріс жайды. Ауданда оның қатары 29-ға жеткен.

Ол звенолардың қарауында егін көлемі аудан бойынша 1353 га құраған: оның 554-і бидай, 745-і тары , 12,5 га – арпа, 28-і-сұлы дақылдары. Әрбір звенода 5-8 адамнан болған.Егіс көлемі 70-120 гектарға жеткен. Звено мүшелері егістік жерлерге қыс бойы тыңайтқыш төккен, көктемде барлық жұмыстарды өздері атқарған. Еңбек нәтижесі өнім алу көрсеткішмен бағаланған.

Егістік көлемі де өсе түскен. Мысалы, 1940 жылы аудан қолхозшылары мемлекетке 9237 центнер артық тапсырса, 1943 жылы бүл көрсеткіш 28772 центнерге жетіп, 274 процентке өскен. Ал 1940 жылы мемлекетке 1845 центнер ет сатылса 1946 жылы 2419 центнерге жеткен, яғни 41 процентке өскен. Сүт 1940 жылы 3558 центнер болса 1946 жылы 5737 центнер құраған, немесе 49 процентке өсті. Қоғамдық мал басы да көбейген. Ірі қарамал 1940 жылы 3988 бастан 1946 жылдың бірінші жартыжылдығында 4866 басқа жетіп, 22 процентке өсті. Қой-58, жылқы – 120, түйе – 9 процентке артты. 1940 жылы аудандағы барлық түліктің саны 19682 бас болса, 1946 жылы 28279 басқа жетті.

1964 жылдың аяғында Май ауданын қайта құру туралы Қазақ ССР-і Жоғары Советінің Указы жарияланды. Аудан халқы бұл хабарды жылы қабылдады. Тек қана аудан орталығын Май селосында емес, Белогорье болуы кейбір азаматтардың мәжіліс мінберлерінен кері пікірлер білдірумен тынды.

Ауданның құрылым жүйелерін түгендеген аудан басшылығы мәдени-әлеуметтік мәселелерге ден қойды. Жаңадан құрылған аудан орталығында өзінің ірге тасын 1961 жылы ғана қалаған «Белогорье» совхозынан басқа ештене жоқ еді. Совхоздың өзі әлі аяғынан қаз тұрған жоқ. Ауданның алғашқы құрылу жылдарының бар ауртпалығын «Жалтыр» совхозының өз мойынына алуына тура келді. Екі қатарлы шаруашылық кеңсесі аудандық партия комитетінің, атқару комитетінің, ауыл шаруашылығы басқармасының тұрағына айналды. Аудандық басқа мекемелер мен ұйымдар да Жалтырда, Белогорьеде жайғасты. Қызметкерлер бірлесіп жатақханаға, таныстарына жайғасты. Бірақ ешкім тұрмыстың, немесе қызметтік қиындықтарын көлденең тартқан емес. Әркім қызметін адал, беріле атқарды.

Бірінші кезекте, хатта Белогорьеде 640 орындық мектеп үйін, балабақша, кең экранды кинотеатр салуды 1965 жылдың аяғына дейін аяқтау ұсынылды. Мұның құрылыстарын жүргізетін трестер мен СМУ-лар да аталды. Сондайақ 1965 жылдың көктемі мен жазында аудан орталығында екі қатарлы сегіз пәтерлі және осыншама төрт пәтерлі үйлердің құрылысын аяқтап, пайдалануға беру міндеті қойылды.

2005-2006 оқу жылына ауданда 15 жалпы білім беру мектептері жұмыс істеді, оның ішінде 13 орта, 2 бастауыш. Аудандық жалпы білім беру мектептері тіл құрылымына байланысты 10 қазақ, 4 аралас және 1 орыс тілінде оқытатын мектептерге бөлінеді. Оқушылар контингенті 2217 құрайды.

Ауданда жалпы білім беретін мектептермен қатар 3 мектептен тыс мекемелер жұмыс істейді: балалар өнер мектебі, аудандық оқушылар үйі, «Балдәурен» бала-бақшасы. Мектептерде 341 мұғалім жұмыс істейді, олардың 246 жоғарғы кәсіби білімді, 91 кәсіби орта және 4 жалпы орта білімді. Ауданның кейбір мектептерінде жеке пәндерді терең зерделеу сыныптары енгізілген. Барлық мектептер компьютермен қамтамасыз етілген, 13 мектеп Интернет жүйесіне қосылған және Интернет жүйесіне қосуға екінші телефон байланысы орнатылған. Мектептерде 15 компьютер сыныптары бар. Жалпы компьютер саны 146.

Ауданда 1 стадион 19 спорт залдары, 8 ату тирі, 94 қарапайым спорттық ойын аландары жұмыс істейді. Көктөбе ауылында Қ. Түйтебеков атындағы «Жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорын бар, онда оқұтышу-тренерлер құрамы 13 адам. Мектепте айналысатын контингент саны 200 адам. 9 секция жұмыс істейді.  

Жергілікті өндіріс орындары – Мойке руднигі мен Май селосындағы темірбетон жабдықтары цехтары да мемлекеттік жоспарларын дер кезінде орындаумен көзге түсті. Отқа төзімді балшықты Батыс Сібір металл қорыту комбинатына су жолымен жіберуде кідіріс болған емес. Жыл сайын 122,9 мың тонна балшық жөнелтіліп тұрған. Ал Май темірбетон жабдықтары цехы үш жылда 3966 текшеметр құрастырмалы темірбетон, 3025 дана ірілі – ұсақты блоктар құйып шығырған. Бұл екі кәсіпорында жүздеген адамдар ұзақ жылдар еңбек жасады.

Аудан өмірінде әңгімеленіп отырған кезең мал шаруашылығың бір ірі саласы-қой шаруашылығының одан әрі өрістеуіне жаңа қозғалыстың қосылуы, жастардың араласуымен ерекшеленді.

«Белогорье» совхозы сүт өндіруші шаруашылық. Осындағы бір топ сауыншылар сүт бұлағын тасқындатуды алдарына міндет етіп қойды. Олардың әрқайсысы әр сауын сиырдан жыл сайын 2500-2800 литр сүт саууды көздеп, өз құрбыларын осындай нәтижелерге жетуге шақырды. Сауыншы Бибіәсима Хисматуллина сол жылдары әр сиырдан 3000 литр сүт сауған аудандағы тұнғыш сауншы еді. Әрине, сүт молшылығы өздігінен келмейді. «Сиырдың сүті – тілде» дегендей, оны күте, баға білу керек. Бұл орайда сауыншылар аз еңбектенген жоқ.

Бүкіл саналы ғұмырын осы салада, малшы қызметінде өткерген Халел Исабаевтің еңбегі шексіз еді.

Ауданда 5 асыл тұқымды – репродукторлы шаруашылықтар бар: «Дархан» шаруа қожалығы қазақтың ақ бас тұқымды ірі қара малын өсіруге мамандандырылған, «Май» шаруа қожалығы еділбай тұқымды етті-майлы қой өсіруге, «Ақтай» шаруа қожалығы, «Ақшиман» шаруа қожалығы және «Ақжар-Өндіріс» жауапкершілігі шектеулі серіктестік – «Жәбе» тұқымды қазақтың жылқыларын және еділбай тұқымды қой өсіруге бағытталған.

Аудан халқының бір үміті салынып жатқан Ақсу-Курчатов теміржолында. Теміржолдың іске қосылуы біраз да болса адамдарға жұмыс орнына айналады. 1999 жылдың өзінде мұнда 30 адам жұмысқа тартылды. Аудан аумағындағы разъездер мен станцияларға көмір және басқа жүктер келіп түсуі ықтимал. Ал әзірше Көктөбедегі № 29 кәсіптік-техникалық мектеп теміржол жөндеушілер мен бригадир мамандарды оқытып шығаруда. Теміржол құрылысының жұмыстары 1999 жылдың маусым айында аудан аумағында жаппай жүргізіле бастады.

Өмір – тіршілік арқауы. Бұл екі ұғым бірімен бірі тығыз байланыста. Оны жеке қарауға болмайды. Бүгінгі аудан тұрғындарын өмірі мен тіршілігі одан әрі жалғасуда.

Алда көптеген міндеттер тұр. Ол – «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасы. Біздің ұрпақтарымыз осы бағдарламаның орындауына жұмыла атсалысып, жемісіне уысын толтырса аға ұрпақтың болашақ алдындағы жауапкершілік сезімінің іске асқандығы.

Май ауданының мәдениет және тілдері дамыту бөлімінің инфраструктурасында 22 мәдениет ошақтары бар, оның ішінде 1 аудандық мәдениет үйі, 6 ауылдық мәдениет үйлері, 4 ауылдық клуб , 1аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі және 10 ауылдық кітапхана.

2010 жылы тағыда 5 ауылдық кітапхана ашылды, олар Босшада, Еңбекшіде, Жанатілекте, Ақсарай, Абайда.

Аудандық орталық кітапхана 2010 жылдың сәуір айында Интернет жүйесіне қосылды.

Ауданда 9 мешіт жұмыс істейді (Малайсары, Қаратерек, Кеңтубек, Ақшиман, Саты, Баскөл, Көктөбе , Май, Жұмыскер ауылдарында), олар әділет органдарында тіркеуден өтті, 3 саяси партия («Нұр Отан» республикалық саяси партия, «Ауыл» социал-демократиялық партия, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы), 2 қоғамдық бірлестіктер – «Жанашыр» қайырымдылық қоғамдық қоры, «Майталман» қоғамдық жастар бірлестігі, одан басқа «Жас Отан» жастар қанаты, аудандық ардагерлер кеңесі, мұсылман әйелдер лигасы іс-әрекет жасайды.

2006 жылы Темір жолы вокзалы ашылды.

2007 жылы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» ашылды.

2008 жылы Көктөбе ауылында 350 орынды мемлекеттік тілде мектеп ғимараты ашылды.

2008 жылы «Ақ желкен» жазғы балалар демалыс лагері ашылды.

2008 жылы «Ақжар-өндіріс» жауапкершілік шектеулі серіктестігінде консерві шығыратын, тері өндейтін, тігін цехтары ашылды.

2009 жылы Көктөбе ауылында 75 орындық аурухана ашылды.

2009 жылы Көктөбе селосында Хоккей корты ашылды.

2009 жылы «Ақжар-өндіріс» жауапкершілік шектеулі серіктестігінде   асфальт зауыты ашылды

2010 жылы Босшада, Еңбекшіде, Жанатілекте, Ақсарай, Абайда     кітапханалар ашылды.

2010 жылы Көктобе орталығында «Ақбота» балабақшасы ашылды.

2011 жылы наурыз айында Көктобе ауылында «Тарихи- өлкетану мұражайы» ашылды.

2011 жылы Кентубек, Баскөл ауылдарында монша ашылды.

2012 жылы «Айгөлек» балабақшасы ашылды.

2012 жылы – бұрынғы Орджоникидзе ауылы- Хасен Сейітқазин ауылы болып аталды.

2012 жылы – Көктөбеде балаларға арналған ойын алаңы ашылды.

2012 жылы – Малайсары ауылында ардагерлер саябағы ашылды.

2012 жылы – Каратерек ауылында 1939 жылғы колхоздың егінін қорғап қаза тапқандарға ескерткіш тақта орнатылды.

2012 жылы – Баскөл ауылында(ашаршылық жылына 80 жыл, саяси қуғын – сүргінге ұшырағандарға 75 жыл) жасанды аштықтың құрбандарына арналған ескерткіш ашылды.

2012 жылы – Қаратерек ауылында мешіт ашылды.  

8 тамыз 2012 жылы – Сатыда наубайхана ашылды.

2012 жылы 29 тамызда Май ауылында наубайхана ашылды.

 

Май ауданынан шыққан ақындармен жазушылар

 

myhtarov

 

Мұхтаров Серік Бимырзаұлы 1949 жылы 9 қаңтарда Ақтоғай ауданы Аққөл ауылында туған. Ақын – журналист. Қазақтың Мемлекеттік Әл-Фараби атындағы университетінің журналистика факультетін бітірген. Шахматтан Май ауданы тарихында алғашқы спорт шеберлігіне кандидат. «Шамшырақ» аудандық газете қызмет атқарады.

Шығармалары «Ұлттық топырақ- тамырдан шыққан азамат» , «Тарқамасын базарың» т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

abulkasovaБақыт Әбілкасова   1947 жылы 1 қаңтарда Май ауданы, Майтүбек Кеңесіне қарасты «Қайнама» деген жерде туған. 1966 жылы Саты мектебін тамамдаған. Сол жылдын қырқүйек айында аудандық Мәдениет бөліміне автоклуб меңгерушісі болып қызметке орналасты. 1968 жылдаң бастап Қазан кеңшарындағы Мәдениет үйінде көркем өнер жетекшісі, 1977 жылдан Май селосынаң Мәдениет үйінің директоры болып қызмет атқарды. Кейіннен Павлодар педагогикалық училишесіне түсіп оны аяқтаған сон, осы ауылдағы Қаратерек әкімшілігіне қарасты «Қарлығаш» балабақшасында тәрбиеші болды. 1997 жылы 1 қаңтардан бастап еңбек демалысына шықты.

Қазырғы уақытта зейнеткер. 1977 жылдан бері аудандық «Шамшырақ», облыстық «Сарыарқа самалы» газеттердің тілшісі, жанашыры, оқырманы ретінде үзбей жазып келеді.

    

 

 

 

saparov111Сапаров Ғабит Көпжасарұлы 1959 жылы Семей облысы Бесқарағай ауданда туған. Павлодар облысы Май ауданында өскен, Белогорье орта мектебін бітіріп, Семей пединституты филология факультетінаяқтаған. Май ауданы Жалтыр орта мектебінде, аудандық «Шамшырақ» газетінде, аудандық Мәдениет бөлімінде істеген. 1993 жылдан бастап Май ауданы Баскөл ауылындағы орта мектепте ұстаз қызметін атқаруда. Ғ.Сапаров – жұртшылыққа талантымен танылған ақын, облыстық, облысаралық айтыстардың жүлдегері, Павлодар облысы қаламгері , 1 байқауының Жаяу Мұса атындағы сыйлығының иегері. Өлендері аудандық, облыстық, республикалық газаттер мен «Жұлдыз», «Абай» журналдарында жарияланған. Ғ. Сапаровтың кеңестік кезеңде жазған «Ақ қан» атты поэмасы қазақ поэзиясындағы Семей ядролық сынақ полигонының зардабын әйгіліген алғашқы әдеби шығармалардың бірі болып табылады.

Шағармалары: « Жұлдыздар маған қараңдар», « Ең бақытты күн» т.б.

 

 

 

 

ayanАуан Ризолла Бұланбайұлы 10 тамызда 1938 жылы Павлодар облысы,     Баянауыл ауданы № 15 ауылда «Бестау» колхозында (Талды ауылдың кеңесі) дүниеге келді

Әкесі Ауанов Бұланбай колхозшы болыпты. Ол Ұлы Отан соғысынан оралмай, 1943 жылы қайтыс болған көрінеді. Екінші әкей Сопылов Обаз 1963 жылы қайтыс болды.

Анасы Сопылова Күлзайра колхозда сауыншы болып істеді. 103 жасқа келіп, немере, шөберелеріне шейін қызығын қызықтап, 2003 жылы дүниеден өтті. Бастауыш мектепті «Бестау» колхозында бітіріп, 5,6,7- сыныптарды қазіргі «Абай» ауылындағы мектепте оқыды, 1957 жылы Малайсары орта мектебін тамамдаған. 1957 жылдан 1963 жылға дейін Чапаев совхозында малшы болды. 1964 жылдан бастап 12 жылдай автокөлік жүргізушісі, тракторда механизатор және комбайнер болып жұмыс атқарды. 1983 жылдың аяғынан бастап 1994 жылға дейін Чапаев совхозында 11 жыл ұсталықпен де айналысты. Бүгінде кұрметті демалысқа шыққан зейнеткер, еңбек ардагері. Бес ұлы, үш қызын қызын тәрбиелеп өсіріп, қазіргі кезде 17 немере, 5 жиен сүйіп отырған ардақты ата.

Шығармашылық жолы:

Алғашқы өлеңдері «Қызыл ту» (қазырғы «Сарыарқа самалы) газетінде 1962 жылдан бері жарияланып келеді. Ақын Ауан Ризолла Бұлынбайұлының көптеген өлеңдерінің кейіпкерлері қарапайым ауыл адамдары және өзімен қатарлас еңбек етіп жүрген ел түлектерін өз жырларына арқау етті. Ауан Ризолла ағаның лирикалық туындылары мен мақалалары мерзімді баспасөз беттерінде , атап айтсақ «Ақ жол» атты Ақсу аудандық газетінде, «Женіс» Баянауылдық газетінде, «Шамшырақ» аудандық газеті, сондай-ақ облыстық (Қызыл ту) қазіргі «Сарыарқа самалы» газетінде жарияланып тұрғаны оқырмандарға мәлім. Ақынның біраз өлендері 1978 жылы (жинақтап қүрастырған және алғыс сөзін жазған атақты ақын Сағи Жиенбаев) Алматының «Жалын» баспасынан шыққан «Балауса» атты өлеңдер жинағында жарық көрді . Поэзия жинағы «Ел тірегі – Ел түлегі».  

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala