«ҚАЗАН СЕЛОЛЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» ММ

Мемлекеттік мекеменің қызметтері

Заңды және жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Президенттің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, орталық және жергілікті атқарушы органдардың нормативтік-құқықтық актілерін орындауына жәрдем көрсету. Әкімгері болып табылатын, аудандық мәслихатқа бекітуге бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, қатысады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекіткен Реестірі бойынша тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетеді. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен іс-әрекет жасайды. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мекемелерінің іс-қимылын қамтамасыз етеді.

Қазан селолық округінің әкімі – Беккожин Берік Жанатұлы

Беккожин Берік ЖанатұлыЕрмак ауданының Грязновка ауылында 1975 жылы 25 қантарда туған. Қазақ. Жоғары білімді: «Мал дәрігер» мамандығы бойыншы «Семей» МУ 1999 жылы бітірген. Еңбек жолын 1991 жылы Май ауданының «Киров» атындағы совхозда құрылыс учаскесінде жұмысшы ретінде бастады. (1999-2000 жж.) ҚР қарулы күштері қатарында қызмет атқарды. (2001-2007жж) Малайсары селолық округінде мемлекеттік ветеринарлық инспектор. (2007-2010жж) Май ауданының құрылыс бөлімінің жетекші маманы. Майтүбек ауылынің әкімі лауазымында (2010-2013ж.ж) қызмет етті.

Қазан селолық округінің әкімі болып 2013 жылдын 8 тамыз айында сайланды.

Лауазымдық міндеттері:

Осы мақсатта ауыл әкімі:

1. Аудан әкімдігіне мемлекеттік мекеменің ережесін бекітуге ұсынады;

2. Мемлекеттік мекемеде ішкі еңбек тәртібін бекітеді;

3. Мемлекеттік мекеменің шығыс сметасын бекітеді және оның шегінде қаржы құжаттарына иелік етеді;

4. Мемлекеттік мекеме бойынша нұсқама бекітеді;

5. Мемлекеттік мекеме жұмысшыларының функционалдық міндеттері мен өкілеттерін анықтайды;

6. Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес мемлекеттік мекеме жұмысшыларын лауазым орындарына тағайындайды және босатады;

7. Заңда белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік мекеменің жұмысшыларын тәртіптік жауапкершілікке тартады;

8. Мемлекеттік мекеменің құзырына кіретін сұрақтар бойынша белгіленген тәртіпте мәжіліс өткізеді;

9. Мемлекеттік органдарда және басқа ұжымдарда мемлекеттік органдарды ұсынады;

10. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттілігін жүзеге асырады.

11. Өз құзыреті шегінде жемқорлыққа қарсы әрекет етуге міндетті, және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңдылығының талаптарын оның қармағындағы тұлғалар бұзғаны үшін жауапты болады.

Қабылдау сағаттары – апта сайын: сәрсенбі, жұма – 15.00-ден 18.00 сағатқа дейін.

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Май ауданы, Жұмыскер ауылы, Бокина көшесі,2

Телефон: 8 (718 38) 99-2-30.

 

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala