«БАСКӨЛ СЕЛОЛЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» ММ

«Баскөл селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Аудан әкімі 2010 жылғы 24 қарашадағы «Май ауданының басқару схемасы мен аудан бюджетінен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың құрылымы туралы» № 292/1 қаулысымен бекітілген.

Мемлекеттік мекеменің қызметтері

Заңды және жеке тұлғалардың Қазақстан Респубикасының Конституциясын, Заңдарын, Президенттің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, орталық және жергілікті атқарушы органдардың нормативтік-құқықтық актілерін орындауына жәрдем көрсету.

Өкімдері болып табылатын, аудандық мәслихатқа бекітуге бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, қатысады, Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекіткен Реестірі бойынша тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетеді. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен іс-әрекет жасайды.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мекемелерінің іс-қимылын қамтамасыз етеді.

Баскөл селолық округінің әкімі – Хакімов Абай Серікұлы

BakayovЛауазымдық міндеттері:

Хакімов Абай Серікұлы 1983 жылы 13 қыркүйекте Павлодар қаласында туған. Ұлты – қазақ. Үйленген, 2 бала тәрбиелейді. 2005 жылы С.Торайғыров мемлекеттік университетін "инженер-теплоэнергетик" мамандығына ие болды. 2005 – 2010ж.ж. "Алюминий Казахстана" АҚ аппаратчик маманы болып істеді. 2010 – 2011ж.ж. "Май ауданы ішкі саясат бөлімі" ММ бас маманы болып жұмыс істеді. Қазан айында 2011 жылғы Май ауданы Ақшиман селолық округының әкімі болып тағайындалды.
2013 жылы тамыз айында Май ауданының жалпы бөлімінің меңгерушісі ретінде жұмысқа қабылданды.

2014 жылдың 18 маусымынан Май ауданының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі басшысы лауазымында жұмыс атқарды.

 

Осы мақсатта селолық округ әкімі:

1.Аудан әкімігіне мемлекеттік мекеменің ережесін бекітуге ұсынады;

2.Мемлекеттік мекемеде ішкі еңбек тәртібін бекітеді;

3.Мемлекеттік мекеменің шығыс сметасын бекітеді және шегінде қаржы құжаттарына иелік етеді;

4.Мемлекеттік мекеме боцынша нұсқама бекітеді;

5.Мемлекеттік мекеме жұмысшыларының фукционалдық міндеттері мен өкілеттерін анықтайды;

6.Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес мемлекеттік мекеме жұмысшыларын лауазымды орындарына тағайындайды және босатады;

7.Заңда бекітілген тәртіп бойынша мемлекеттік мекеменің жұмысшыларын тәртіптік жауапкершілікке тартады;

8.Мемлекеттік мекеменің құзырына кіретін сұрақтар бойынша белгіленген тәртіпте мәжіліс өткізеді;

9.Мемлекеттік органдада және басқа ұжымдарда мемлекеттік органды ұсынады;

10.Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттігін жүзеге асырады.

11.Өз құзыреті шегінде жемқорлыққа қарсы әрекет етуге міндетті, және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңдылығының талаптарын оның қарамағындағы тұлғалар бұзғаны үшін жауапты болады.

Қабылдау сағаттары – апта сайын: сәрсенбі, жұма – 15.00-ден 18.00 сағатқа дейін.

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Май ауданы, Баскөл ауылы, Балкенов көшесі, 18.

Телефон/факс: 8(71838)94-350

 

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala