«КЕНТҮБЕК СЕЛОЛЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» ММ

Мемлекеттік мекеменің қызметтері

Заңды және жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Президенттің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, орталық және жергілікті атқарушы органдардың нормативтік-құқықтық актілерін орындауына жәрдем көрсету.

Әкімгері болып табылатын, аудандық мәслихатқа бекітуге бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, қатысады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекіткен Реестірі бойынша тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетеді. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен іс-әрекет жасайды.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мекемелерінің іс-қимылын қамтамасыз етеді.

Оразалин Ахтан КабиевичКентүбек селолық округінің әкімі – Оразалин Ахтан Қабиұлы.

Май ауданының Чапаев совхозында 1960 жылы 2 қантарда туған.

1967-1977 жж Чапаев орта мектебін бітірген. Қазақ. Жоғары білімді: «Зооинженер» мамандығы бойыншы Семей Зоотехникалық институтын 1999 жылы бітірген. Ауылшаруашылық саласында бөлімше меңгерушісі, бас зоотехник, Саты селолық кеңесінің төрағасы, Май селолық округінің әкімі, аудандық ауыл шаруашылығының басшысы болып жұмыс істеді.

Қазіргі уақытта Кентүбек селолық округінің әкімі.

Лауазымдық міндеттері:

Осы мақсатқа ауыл әкімі:

1. Аудан әкімдігіне мемлекеттік мекеменің ережесін бекітуге ұсынады;

2. Мемлекеттік мекемеде ішкі еңбек тәртібін бекітеді;

3. Мемлекеттік мекеменің шығыс сметасын бекітеді және оның шегінде қаржы құжаттарына иелік етеді;

4. Мемлекеттік мекеме бойынша нұсқама бекітеді;

5. Мемлекеттік мекеме жұмысшыларының функционалдық міндеттері мен өкілеттерін анықтайды;

6. Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес мемлекеттік мекеме жұмысшыларын лауазым орындарына тағайындайды және босатады;

7. Заңда белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік мекеменің жұмысшыларын тәртіптік жауапкершілікке тартады;

8. Мемлекеттік мекеменің құзырына кіретін сұрақтар бойынша белгіленген тәртіпте мәжіліс өткізеді;

9. Мемлекеттік органдарда және басқа ұжымдарда мемлекеттік органдарды ұсынады;

10. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттілігін жүзеге асырады.

11. Өз құзыреті шегінде жемқорлыққа қарсы әрекет етуге міндетті, және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңдылығының талаптарын оның қармағындағы тұлғалар бұзғаны үшін жауапты болады.

Қабылдау сағаттары – апта сайын: сәрсенбі, жұма – 15.00-ден 18.00 сағатқа дейін.

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Май ауданы, Кентүбек ауылы, Ленина көшесі,17

Телефон: 8 (718 38) 91-4-99.

 

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala