«МАЙ СЕЛОЛЫҚ ОКРУГ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» ММ

«Май селолық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі Аудан әкімі 2010 жылғы 24 қарашадағы «Май ауданының басқару схемасы мен аудан бюджетінен  қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың құрылымы туралы» № 292/11 қаулысымен бекітілген. 

 Мемлекеттік мекеменің  қызметтері

Заңды және жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Президенттің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, орталық және жергілікті атқарушы органдардың нормативтік-құқықтық актілерін орындауына жәрдем көрсету.

Әкімгері болып табылатын, аудандық мәслихатқа бекітуге бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, қатысады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекіткен Реестірі бойынша тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетеді.

Жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен іс-әрекет жасайды.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мекемелерінің іс-қимылын қамтамасыз етеді.  

OrazaevMayskМай селолық округінің әкімі – Оразаев Қайырболат Қайржанұлы 

Май ауданының  Чапаев ауылында 1959 жылы 8 мамырда  туған. Қазақ. Жоғары білімді: «Зооинженер» мамандығы бойынша Семей малдәрігерлік институтын 1990 жылы бітірген.

Еңбек жолын 1977 жылы Май ауданы Ақшиман ауылында  жұмысшы болып бастады. Совет армиясы қатарында міндетін атқару (1978-1980жж), Павлодар совхоз техникумының студенті (1980-1982жж), Май ауданы, ақшиман ауылы, № 1 бөлімше меңгерушісі(1982-1984жж), Ақшиман ауылы кәсіподақ комитетінің төрағасы (1984-1986жж), Ақшиман ауылы № 1 бөлімше басқарушысы (1986-1988жж), Ақсу ауданы Куйбышев ауылы, бас зоотехник (1988-1993), Аксу ауданы «Путь Ильича» өндірістік кооперативі, бас зоотехник (1993-1997жж), Май ауданы «Жұмыскер» өндірістік кооперативының төрағасы (1997-1999жж), Май ауданы, Жұмыскер ауылы, «Дархан» шаруа қожалығының басшысы (1999-2010жж). 

Май селолық округінің әкімі лауазымына  2010 жылдың қыркүйек  айында тағайындалды.

Лауазымдық міндеттері:

Осы мақсатта селолық округ әкімі:

1.Аудан әкімдігіне мемлекеттік мекеменің ережесін бекітуге ұсынады;

2.Мемлекеттік мекемеде ішкі еңбек тәртібін бекітеді;

3.Мемлекеттік мекеменің шығыс сметасын бекітеді және оның шегінде қаржы құжаттарына иелік етеді;

4.Мемлекеттік мекеме бойынша  нұсқама бекітеді;

5.Мемлекеттік мекеме жұмысшыларының функционалдық міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

6.Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес мемлекеттік мекеме жұмысшыларын лауазым орындарына тағайындайды және босатады;

7.Заңда белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік мекеменің жұмысшыларын тәртіптік жауапкершілікке тартады;

8.Мемлекеттік мекеменің құзырына кіретін  сұраұқтар бойынша белгіленген тәртіпте мәжіліс өткізеді;

9.Мемлекеттік органдарда және басқа ұжымдарда мемлекеттік органды ұсынады;

10.Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттілігін жүзеге асырады.

11.Өз құзыреті шегінде жемқорлыққа қарсы әрекет етуге міндетті, және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңдылығының талаптарын оның қарамағындағы тұлғалар бұзғаны үшін жауапты болады.

Қабылдау сағаттары – апта сайын: сәрсенбі, жұма  – 15.00-ден  18.00  сағатқа дейін.

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Май ауданы, Май ауылы, Абылай Хан көшесі, 13.

Телефон/факс: 8 (718 38) 98 2 10.

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala