«МАЛАЙСАРЫ СЕЛОЛЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» ММ

Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Міндеттері:

мемлекеттік мекеменің іс кеңсесін ұйымдастырады, қызметтік құжаттарды қарау, есебін жүргізу және тіркеуді қамтамасыз етеді, реестр әзірлейді және жіберілетін құжаттардың уақытында таратылуына бақылау жасайды, мұрағатқа тапсырылатын құжаттарды жүйелейді, сақталуын іске асырады;

бекітілген кестеге сәйкес заңды және жеке тұлғаларды қабылдауды ұйымдастырады, электрондық мәлімет базасында жазбаша және ауызша үндеулерді есепке алады және тіркейді;

селолық округ әкімінің шешімдері және өкімдері жобаларын әзірлейді;

бюджетке салық түсімдерінің және басқа да міндетті төлемдердің түсуіне, оның ішінде заңды тұлға-салық төлеушілердің мүлік, көлік, жер салықтары, салық төлеушілерді салық сомасы жөнінде ақпарат ету, салық органымен, жергілікті банк бөлімшесімен, уәкілетті органның белгілеген мерзімі мен тәртібі салық сомасының пошта байланысына тапсыруға көмек көрсетеді;

әскери қызмет, жалпы әскери міндет және азаматтық қорғаныс сұрақтары бойынша заңнамалардың орындалуын және өз құзыры шеңберінде ұйымдастыру, сондай-ақ жұмылдыру және жаппай әскерге шақыруды қамтамасыз ету; әскери есепті жүргізуді іске асыру, әскерге шақырушыларды жинақ пунктеріне келуін ұйымдастыру, әскерге міндеттілердің есеп мәліметтерінде өзгерістер және қозғалысы туралы есеп тапсырады;

нотариалды іс-әрекет жүргізеді;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекіткен Реестірі бойынша тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетеді;

статистикалық шаруашылық есебін жүргізеді;

әкімгері болып табылатын, аудандық мәслихатқа бекітуге бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, қатысады;

- ауылдық (селолық) округі әкімі аппаратының іс-әрекетіне (жергілікті орган аппараты, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін көтеру, мемлекеттік органның бөлмелерін, құрылымдарын, ғимараттарын күрделі жөндеу, мемлекеттік органды материалдық-техникалық жабдықтау)

- жедел жағдайда ауыр науқас адамдарды жақын орналасқан денсаулық сақтау мекемесіне жеткізу, дәрігерлік көмек көрсетуді ұйымдастыру;

-үйде мұқтаж адамдарға әлеуметтік көмек көрсету;

-мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыруды қолдау;

-жергілікті жерде мәдени-сауықтыру жұмыстарын қолдау;

-ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін тегін алып баруды және кері алып келуді ұйымдастыру;

-елді мекендер көшелерін жарықтандыру;

-елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету;

-жалғыз басты адамдарды жерлеу және мәйіт орнын қалыпты жағдайда ұстау;

-ауылдық (селолық) округтің мемлекеттік тұрғын үй қорын сақтау;

-елді мекендерді көріктендіру және көгалдандыру;

-ауылдық (селолық) округтерде аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының инфрақұрылымын дамыту;

-ауылдық (селолық) округтерде аудандық маңызы бар жолдарды қалыпты жағдайын қамтамасыз ету;

-елді мекендерді сумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру. 

Комашева   Ж.С.-01Малайсары селолық округінің әкімі - Қомашева Жанар Советқызы.

Павлодар облысы Май ауданы Белогорье селосында 1969 жылы 13 шілдеде туған.
1986 жылы Белогорье орта мектебін бітірген. 1989 жылы Жалтыр орта мектебінде ағылшын тілі мұғалімі болып еңбек жолын бастаған.
Білімі жоғары. «Қайнар» Алматы университетін «Педагогика және психология» мамандығы бойынша бітірген.
1992 жылдан 1997 жылға дейін аудандық мәдениет үйінде балалармен жұмыс ұйымдастыру методисті болып істеген.
1999 жылдан бастап мемлекеттік қызметте.
1999 жылғы наурыз айында аудан әкімі аппараты құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінде бас маманы ретінде жұмыс атқарды.
2010 жылғы маусым айынан бастап аудан әкімі аппараты құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі болып істеді.
05.2010 – 01.2014 жылдары аудан әкімі аппараты басшысы болып істеді.
01.2014-06.2017 жылдары мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы болып істеді.
2017 жылғы 21 тамызынан бастап Малайсары селолық округінің әкімі болып тағайындалды.

Лауазымдық міндеттері:

Осы мақсатта селолық округ әкімі:

1.Аудан әкімдігіне мемлекеттік мекеменің ережесін бекітуге ұсынады;

2.Мемлекеттік мекемеде ішкі еңбек тәртібін бекітеді;

3.Мемлекеттік мекеменің шығыс сметасын бекітеді және оның шегінде қаржы құжаттарына иелік етеді;

4.Мемлекеттік мекеме бойынша нұсқама бекітеді;

5.Мемлекеттік мекеме жұмысшыларының функционалдық міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

6.Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес мемлекеттік мекеме жұмысшыларын лауазым орындарына тағайындайды және босатады;

7.Заңда белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік мекеменің жұмысшыларын тәртіптік жауапкершілікке тартады;

8.Мемлекеттік мекеменің құзырына кіретін сұраұқтар бойынша белгіленген тәртіпте мәжіліс өткізеді;

9.Мемлекеттік органдарда және басқа ұжымдарда мемлекеттік органды ұсынады;

10.Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттілігін жүзеге асырады.

11.Өз құзыреті шегінде жемқорлыққа қарсы әрекет етуге міндетті, және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңдылығының талаптарын оның қарамағындағы тұлғалар бұзғаны үшін жауапты болады.

Қабылдау сағаттары – апта сайын: жұма – 16.30-ден 18.00 сағатқа дейін.

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Май ауданы, Малайсары ауылы, Абай көшесі, 30.

Электрондық мекен-жай: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Телефон/факс: 8(71838)95-2-30

 

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala