«САТЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» ММ

«Саты селолық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі Аудан әкімінің 2010ж   24 қарашадағы «Май ауданының басқару схемасы мен аудан бюджетінен  қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың құрылымы туралы» № 292/11 қаулысымен бекітілген. 

Мемлекеттік мекеменің  қызметтері

Заңды және жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Президенттің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, орталық және жергілікті атқарушы органдардың нормативтік-құқықтық актілерін орындауына жәрдем көрсету.

Әкімгері болып табылатын, аудандық мәслихатқа бекітуге бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, қатысады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекіткен Реестірі бойынша тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетеді.

Жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен іс-әрекет жасайды.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мекемелерінің іс-қимылын қамтамасыз етеді.  

Саты селолық округінің әкімі –

 Лауазымдық міндеттері:

1.Аудан әкімдігіне мемлекетті кмекеменің ережесін бекітуге ұсынады;

2.Мемлекеттік мекемеде ішкі еңбек тәртібін бекітеді;

3.Мемлекеттік мекеменің шығыс сметасын бекітеді және оның шегінде қаржы құжаттарына иелік етеді;

4.Мемлекеттік мекеме бойынша  нұсқама бекітеді;

5.Мемлекеттік мекеме жұмысшыларының функционалдық міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

6.Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес мемлекеттік мекеме жұмысшыларын лауазым орындарына тағайындайды және босатады;

7.Заңда белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік мекеменің жұмысшыларын тәртіптік жауапкершілікке тартады;

8.Мемлекеттік мекеменің құзырына кіретін  сұраұқтар бойынша белгіленген тәртіпте мәжіліс өткізеді;

9.Мемлекеттік органдарда және басқа ұжымдарда мемлекеттік органды ұсынады;

10.Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттілігін жүзеге асырады.

11.Өз құзыреті шегінде жемқорлыққа қарсы әрекет етуге міндетті, және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңдылығының талаптарын оның қарамағындағы тұлғалар бұзғаны үшін жауапты болады.

Қабылдау сағаттары – апта сайын: сәрсенбі, жұма  – 15.00-ден  18.00  сағатқадейін.

Мекен-жайы: ҚазақстанРеспубликасы, Павлодар облысы, Май ауданы, Cаты ауылы, Исатаев көшесі, 12.

Телефон/факс: 8 (718 38) 40 400,40401.

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala