Kantarbaev Ardak Amangeldinovach Құрметті жерлестер, сайт меймандары!

Баршаңызға Май ауданы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер деймін.
Бүгінгі ақпараттық қоғамда, өздеріңізбен ресми сайт арқылы ой бөлісу - қоғам мен билік арасын жақындата түсеріне сенімдімін.
Біз үшін ауданның келешегі мен күнделікті тірлігіне бей-жай қарамайтын әрбір тұрғынның пікірі аса маңызды.
Сондықтан да, ауданымыздың дамуы мен көркеюіне үлес қосып, нақты ұсыныстарыңыз болса, біз әр уақытта да жауап беруге дайынбыз.
Мен әрбір аудан тұрғынын бірлесе отыра, нәтижелі жұмыс атқаруға, ұрпақ үшін үлгі боларлық игі істер тындыруға шақырамын.

Ізгі ниетпен, аудан әкімі,
А. Қаңтарбаев

main-orn main-orn main-orn main-orn

Май ауданында кешенді оқу-жаттығулар өткізілді

«2017 жылға арналған Павлодар облысы басқару органдарын, азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің күштерін және тұрғындарын төтенше жағдайлар кезінде дайындау бойынша оқу-жаттығулар және жаттығулар  жоспарына» сәйкес 2017 жылдың 14-ші мен 16-шы маусым аралығында «Табиғи және техногендік төтенше жағдайлар пайда болған кезде басқарқу органдарының, азаматтық қорғау күштерінің және тұрғындарының іс-әрекеті» тақырыбы бойынша Май ауданының басқару органдарымен, күштері және құралдарымен кешенді оқу-жаттығу өткізілуде.

Өткізілген оқу-жаттығулар барысында басқару органдар алдында Азаматтық қорғау іс-шараларын орындауға «Жоғары дайындық» жұмыс істеу режимінде міндеттер қойылды, арналуы бойынша іс-шараларды орындауға дайындық туралы аудандық буынның басшылық құрамының баяндамалары тыңдалды.

Май ауданының шұғыл әрекет ету отрядының құрамына кіретін  бөлімшелерінің қарауы  өткізілді.

Оқу-жаттығулар барысында оралымды жағдай бойынша дабылдарды, шешімерді, баяндамаларды қабылдау және растау бойынша 132 хабарлама қабылданды және пысықталды. Пайда болған оқиғаларды жоюға шешімдерді ұсынумен оралымды жағдай бойынша 10 кіріспе пысықталды. 7 тактикалық арнайы оқу-жаттығулар ұйымдастырылды және өткізілді.

2017 жылғы 16 маусымда Павлодар облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағымен «Шансты құралдарды қолданумен құтқару жұмыстарын өткізу» тағырыбына іс-қимылын көрсету және жәбірленушіге алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көсету бойынша Павлодар облыстық «Қызыл жарты ай қоғамы» филиалының  шығуы, сонымен қатар қызметінің презентациясы өткізілді.

Оқу-жаттығудың қорытындысы бойынша ауданның басшылық құрамымен, қызметтер мен шаруашылық кешендік нысандардың жүктелген міндеттерді орыдауға азаматтық қорғау аумақтық жүйесінің кұнделікті дайындығын арттыру бойынша айқындалған ұйымдастырушылық және тәжірибелік жұмыс өткізілетіні анықталды.

Қ.Оразханов Май ауданы ТЖБ бастығы

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala