Kantarbaev Ardak Amangeldinovach Құрметті жерлестер, сайт меймандары!

Баршаңызға Май ауданы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер деймін.
Бүгінгі ақпараттық қоғамда, өздеріңізбен ресми сайт арқылы ой бөлісу - қоғам мен билік арасын жақындата түсеріне сенімдімін.
Біз үшін ауданның келешегі мен күнделікті тірлігіне бей-жай қарамайтын әрбір тұрғынның пікірі аса маңызды.
Сондықтан да, ауданымыздың дамуы мен көркеюіне үлес қосып, нақты ұсыныстарыңыз болса, біз әр уақытта да жауап беруге дайынбыз.
Мен әрбір аудан тұрғынын бірлесе отыра, нәтижелі жұмыс атқаруға, ұрпақ үшін үлгі боларлық игі істер тындыруға шақырамын.

Ізгі ниетпен, аудан әкімі,
А. Қаңтарбаев

main-orn main-orn main-orn main-orn

Татуластыру рәсімдері туралы пилоттық жобаны жүзеге асыру бойынша дөңгелек үстел

Татуластыру рәсімдері туралы пилоттық жобаны жүзеге асыру бойынша дөңгелек үстел

Павлодар облысы Май аудандық соты дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу және Жоғарғы Соттың пилоттық жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Талқылауға сот төрағасы, сот қызметкерлері, кәсіби емес медиаторлар, адвокаттар,  үкіметтік емес ұйымдарының  өкілдері қатысты.

Шараны Май аудандық сотының төрағасы Ұ.Рахымбергенова ашып, өз сөзінде Жоғарғы Сот жекелеген санаттар бойынша дауларды (шиеленістерді) сотқа дейін міндетті реттеуді енгізудің пилоттық жобаның артықшылығы мен ерекшелігіне тоқталды. Сонымен қатар, тараптардың өздері дау-шарды сотсыз ерікті және тең құқықты негізде, уақытты, қаражатты, эмоциялық күш-қуатын үнемдеп, даудың әрбір қатысушысының мүдделерінің қанағаттандырылуын және қақтығысты қарау құпиялылығын ескере отырып, туындаған қақтығыстар бойынша шешімдер қабылдау медиацияның артықшылығы болып табылатынын және медацияны қолдану аясын кеңейту мақсатында іске қосылғанын айтып өтті.

Кездесу барысында қатысушы медиаторлар медиацияға қатысты іс-шаралардың жиі өткізілуін және аудан тұрғындарына түсінік жұмыстарын жүргізуді кеңейту қажеттілігін айтты.

Қайнар:

Май аудандық сотының

баспасөз қызметі

 

Май аудандық сотында «Пробациялық бақылаудағы түйінді мәселелерді шешу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

            Дөңгелек үстелге Май аудандық сотының төрағасы,аудандық прокурор  жәнеМай аудандық пробация бақылау бөлімінің инспекторы қатысты.

            Аудандық соттың төрағасы У.К.Рахимбергенова дөңгелек үстелді аша отырып, іс-шараның мақсаты қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалған сот үкімінің орындалу мәселелерін талқылау, сондай-ақ түзету жұмыстары түріндегі жазалардың орындалуы екендігін атап өтті. Сондай-ақ, өз баяндамасында пробациялық материалдар бойынша статистикалық мәліметтерді келтіріп, сотқа материалдарды қабылдаудан бас тарту себептерін түсіндірді. Сонымен қатар, сотқа материалдарды жолдау барысында пробациялық қызметкерлер тарапынан жіберілетін кемшіліктер жөнінде айтып өтті.

            Дөңгелек үстелге қатысушылар аталған жазалардың атқарылуында туындайтын мәселелер мен пробациялық бақылаудың маңыздылығын талқылай келе, қоғамдық жұмыстарға тарту жөніндегі жазаларды қолдану оң нәтижесін береді деген ортақ пікірге келді. Іс-шара соңында қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны атқаруда ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.Сонымен қатар қатысушылар пробациялық бақылауды жүзеге асыру кезінде туындайтын мәселелі сұрақтарды талқылай келе, оның қолдануы өзінің оң нәтижелерін береді деген ортақ тұжырымға келіп, пікір алмасты.

Қайнар:

Май аудандық  сотының баспасөз қызметі

 

Май аудандық сотында семинар өткізілді

Май аудандық сотында «Медиативтік процедуранықолдануда туындайтын көкейтесті сұрақтары бойынша» - атты тақырыпта семинар өтті. Семинарға Май аудандық сотының төрағасы, Май аудандық прокуратура өкілдері, адвокаттар, медиаторлар  мен сот мамандары қатысты.

Аталаған шара барысында Май аудандық сотының төрағасы Ұ.К.Рахимбергенова «Қылмыстық және азаматтық процессте медиацияны қолдану, медиатор және оның рөлі» тақырыбындағы баяндамасымен таныстырып өтті.

Өткізілген семинар шарасының қорытындысы бойынша қатысушыларға тараптарға медиатордың көмегіне жүгінудегі құқықтарын түсіндіру, медиацияны құқықтық кеңістікке ендірумен байланысты мәселелер бойынша тиісті ақпараттық жұмыстар жүргізу, себебі азаматтар және заңды тұлғалар өкілдерінің көпшілігі медиация дегеніміз не, ол қалай қолданылатынын біле бермейді, сонымен қатар тараптарға дауларды медиация жолымен шешуге олардың құқықтары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу ұсынылды.

Қайнар: Май аудандық сотының

баспасөз қызметі

 

«Жекеше айыптау істері бойынша құжаттарды рәсімдеу тәртібі туралы» семинар өтті

Семинарлық сабаққа аудандық соттың торағасы, прокурор, ішкі істер бөлімінің өкілдері және адвокат қатысты..

Сот төрағасы У.Рахимбергенова өз баяндамасында Қазақстан Республикасы қылмыстық процестік кодексінің 408-бабы 1-бөлігінің негізінде жекеше айыптауды сотқа, соттылық туралы қағиданы сақтай отырып, адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы шағым беру арқылы қозғалатынын, шағым анықтау органына, тергеуші немесе прокурорға берілген кезде Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 179-бабы 4-бөлігіне сәйкес, жолданым үш тәуліктің ішінде ілеспе хатпен сотқа жіберілетінін, бұл мерзімді ішкі істер бөлімінің қызметкерлері сақтамайтынын атап өтті.

Сондай-ақ, жекеше айыптау істері бойынша іс жүргізудің проблемалық тұстарын статистикалық мәліметтер келтіре отырып жақ-жақты түсіндірді және жекеше айыптау іс материалдарын сотқа жолдау тәртібі және оның теориялық, практикалық мәселелеріне жеке тоқталып, ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен жекеше айыптау істері бойынша материалдарды сотқа жолдау барысындағы орын алған кемшіліктер жөнінде атап өтті.

Ішкі Істер басқармасының өкілі сот төрағасы У.Рахимбергенованың сөзіне қосыла отыра, орын алған кемшіліктерді алдағы уақытта болдырмауға баса назар аударатынын айтты.

Семинар соңында талқыланған мәселелер қорытындыланып, айтылған пікірлерге тиісті ұсынымдар жасалды.

Қайнар:

Май аудандық сотынын

баспасөз қызметі

 

«Соттың хабарлаулары мен шақырулары» тақырыбындағы дәріс сабағы өткізілді

Май аудандық сотында сот қызметкерлері арасында  семинар отті.

Аталған шарада, бас маман-сот отырысының хатшысы Д.Ж.Курабаева «Соттың хабарлаулары мен шақырулары» тақырыбында баяндама жасады.

Д.Ж.Курабаева өз баяндамасында, хабарлау немесе шақыру хабарландырылатын немесе шақырылатын адамға тарап немесе іске қатысатын басқа да адам көрсеткен мекенжай, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі немесе электрондық мекенжай бойынша жіберіледі. Егер сотқа хабарланған мекенжай бойынша адам іс жүзінде тұрмайтын болса, хабарлау немесе шақыру оның жұмыс орны бойынша жіберілуі мүмкін. Заңды тұлғаға арналған хабарлау немесе шақыру оның орналасқан жері бойынша жіберілетіңдігін атап өтті.

Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.

Май аудандық сотының

 баспасөз кызметті

 

Май аудандық сотында «Гендерлік теңдіктің заңдық қыры» тақырыбына семинарлық сабақ өткізілді

Семинарлық сабаққа аудандық соттың төрағасы мен мемлекеттік қызметкерлері, аудандық ішкі істер бөлімінің өкілдері және медиаторлар  қатысты.

Негізгі баяндамашы аудандық соттың төрағасы Ұлжан Рахымбергенова айтуынша, біздің елде демократиялық процесстің негізі-ол ұлттық гендерлік саясат болып табылады.

- Елбасының Жарлығымен «Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік Стратегиясы» бекітілді. Мемлекет басшысы бекіткен гендерлік теңдік стратегиясы негізінен ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізу мақсатындағы билік пен қоғамның өзара тиімді әрекет етуіне бағытталған.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық әрекеттері, әйелдерге күш көрсету, неке бұзу және алимент өндіру істері бойынша олардың құқығын қорғау, гендерлік заңнаманың ережелерін жергілікті деңгейде жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Сот төрағасы Ұ.Рахымбергенова сұрақтарына жауап берді.

Май аудандық сотының

баспасөз қызметі

 

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala