Kantarbaev Ardak Amangeldinovach Құрметті жерлестер, сайт меймандары!

Баршаңызға Май ауданы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер деймін.
Бүгінгі ақпараттық қоғамда, өздеріңізбен ресми сайт арқылы ой бөлісу - қоғам мен билік арасын жақындата түсеріне сенімдімін.
Біз үшін ауданның келешегі мен күнделікті тірлігіне бей-жай қарамайтын әрбір тұрғынның пікірі аса маңызды.
Сондықтан да, ауданымыздың дамуы мен көркеюіне үлес қосып, нақты ұсыныстарыңыз болса, біз әр уақытта да жауап беруге дайынбыз.
Мен әрбір аудан тұрғынын бірлесе отыра, нәтижелі жұмыс атқаруға, ұрпақ үшін үлгі боларлық игі істер тындыруға шақырамын.

Ізгі ниетпен, аудан әкімі,
А. Қаңтарбаев

main-orn main-orn main-orn main-orn

Сотта семинар өткізілді

Сотта семинар өткізілді

Май аудандық сотында кеңсе меңгерушісі және сот қызметкерлерінің қатысуларымен «Төрелік» ақпараттық жүйесімен азаматтық және қылмыстық істер бойынша атқару парақтарын жолдау тәртібі туралы» атты тақырыбында семинар сабағын өткізді.

Бас маман Д.Ж.Курабаева «Төрелік» бағдарламасы бойынша атқару парақтарының дайындалу тәртібі және оларды сот орындаушыларға жолдау туралы айтып өтті.

Шараны қорытындылай келе семинарға қатысушылар аталған әдістің тиімділігін және уақытты үнемдеуге болатыны туралы атап өтті.

Май аудандық
баспасөз қызметті

Май ауданық сотында статистикалық есеп жүргізу мәселелері бойынша семинар сабағы өтті

Май аудандық сотының кеңсе меңгерушісі кеңсе қызметкерлерімен «Статистикалық есептің дұрыс және толық қалыптастырылуы» тақырыбында семинар өткізді.

Кеңсе меңгерушісі З.Ш.Жунісбаева өз сөзінде, сот жұмысы туралы статистикалық ақпарат электрондық ақпараттық есептік құжаттардың деректемелерінің дұрыс және толық толтыруына байланысты екенін айтып өтті.

Семинар шеңберінде статистикалық есептің қалыптастыру реті түсіндіріліп берілді. Сонымен қатар, электрондық ақпараттық есептік құжаттардың деректемелерін толтыру кезінде жиі кездесетін қателіктерге аса назар аударылып, семинарға қатысушылардың электрондық ақпараттық есептік құжаттардың деректемелерін толтыру бойынша қойылған сұрақтарына толыққанды жауап берілді.

Семинар аяқталу барысында, кеңсе меңгерушісі әріптестерінен статистикалық есебінің дұрыс және толық қалыптастырылуы мақсатында, электрондық ақпараттық есептік құжаттардың деректемелерін дұрыс және толық толтыруына тиісті шара қолдануын талап етті.

Май аудандық сотының
баспасөз қызметі

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala