Kantarbaev Ardak Amangeldinovach Құрметті жерлестер, сайт меймандары!

Баршаңызға Май ауданы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер деймін.
Бүгінгі ақпараттық қоғамда, өздеріңізбен ресми сайт арқылы ой бөлісу - қоғам мен билік арасын жақындата түсеріне сенімдімін.
Біз үшін ауданның келешегі мен күнделікті тірлігіне бей-жай қарамайтын әрбір тұрғынның пікірі аса маңызды.
Сондықтан да, ауданымыздың дамуы мен көркеюіне үлес қосып, нақты ұсыныстарыңыз болса, біз әр уақытта да жауап беруге дайынбыз.
Мен әрбір аудан тұрғынын бірлесе отыра, нәтижелі жұмыс атқаруға, ұрпақ үшін үлгі боларлық игі істер тындыруға шақырамын.

Ізгі ниетпен, аудан әкімі,
А. Қаңтарбаев

main-orn main-orn main-orn main-orn

Мерейлі отбасы-ел болашағы

Отбасы қуатты болса, ел қуатты болады. Мемлекеттің іргетасы-берік отбасы, үлгілі шаңырақтан басталады. Қазақ отбасы-көп балалы, әуелден ұйымшыл, көпке өнегелі, бауырмал, үлкенге сый, кішіге ілтипат көрсететін берік тәрбие ордасы. Осы құндылықтар мен қасиеттерді кейінгі ұрпаққа жалғастыру, насихаттау жауапты іс.

«Мерейлі отбасы» өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің жағымды үлгісін тартуға, отбасы мәртебесін жоғарылатуға, ата-аналардың балалар тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыруға, ажырасу санын азайтып, отбасы мерейін үстем етуге бағытталған. Павлодар қаласындағы Жастар бастамаларын дамыту орталығында 2017 жылдың 10 қыркүйегінде өткен аталмыш шараға аудан атынан өнер мектебінің ұстазы Мәбіл Амандықтың отбасы қатысып, өз отбасылық өнерлерін ортаға салды. Халық әні «Көзіңнің мөлдірін-ай» және отбасылық қызықты фото суреттерімен көзге түсті. 29 жасқа дейінгі жастар арасында өткен осы шараға қатысқан барлық қатысушылар қатысқандары үшін Алғыс хаттармен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala