Kantarbaev Ardak Amangeldinovach Құрметті жерлестер, сайт меймандары!

Баршаңызға Май ауданы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер деймін.
Бүгінгі ақпараттық қоғамда, өздеріңізбен ресми сайт арқылы ой бөлісу - қоғам мен билік арасын жақындата түсеріне сенімдімін.
Біз үшін ауданның келешегі мен күнделікті тірлігіне бей-жай қарамайтын әрбір тұрғынның пікірі аса маңызды.
Сондықтан да, ауданымыздың дамуы мен көркеюіне үлес қосып, нақты ұсыныстарыңыз болса, біз әр уақытта да жауап беруге дайынбыз.
Мен әрбір аудан тұрғынын бірлесе отыра, нәтижелі жұмыс атқаруға, ұрпақ үшін үлгі боларлық игі істер тындыруға шақырамын.

Ізгі ниетпен, аудан әкімі,
А. Қаңтарбаев

main-orn main-orn main-orn main-orn

Жеке кәсіпкерлермен кездесу өткізілді

Май аудандық сотының кеңсе меңгерушісі З.Ш.Жүнісбаева Май аудандық сотының ғимаратында жеке кәсіпкерлермен «Жеке кәсіпкерлік субъектілері» атты тақырыбына кездесу өткізді.

Іс шара барысында кеңсе меңгерушісі Жүнісбаева З.Ш. жеке кәсіпкерлік ұғымы және түрлері туралы, жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу туралы, жеке кәсіпкерлік қызметін тоқтату туралы, жеке кәсіпкерлердің әкімшілік жауапкершіліктерінің түрлері туралы айтып өтті.

Сонымен қатар кеңсе меңгерушісі З.Ш.Жүнісбаева жеке кәсіпкерлердің әлеуметтік қорғалуына байланысты қойылған сұрақтарға жауап берді.

Іс шараға қатысушылар осындай іс шараның өтілгеніне өздерінің алғыстарын білдірді.

 

Қайнар:

Май аудандық сотының баспасөз қызметі

 

 

 

Материалдық зиянның өтеуі туралы шағым толықтай қанағаттандырылды

Шағымданушы Павлодар облысының Май аудандық ішкі істер бөлімі ММ-сі, жауапкер Ж-қа материалдық зиянның өтеуі туралы шағыммен жүгінді. Ол талап арызын өтеп беруін келесімен негіздейді, 2017 жылдың 13 мамырында шағымданушы Ж Май ауданы Ақшиман ауылындағы үйінің манындағы ашығынан қойлары ұрланды деп Май ауданы ішкі істер бөліміне шағынданған болатын. Содан Май аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері ұрланған қойларды табу мақсатында іздестіру жұмыстарын жұргізу кезінде, 2017 жылы 22 мамырында жауапкер Ж-ң ішкі істер бөліміне арыз түседі, оңда ол былай деген; қойларым ешқандай ұрланған жоқ, олар өз-еркінімен ашықтан өздері шығып кеткен. Қозғалған қылмыстық істі қысқартуын сұрады.

Май аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен қой ұрлану фактісі қозғалған қылмыстық іс бойынша іздестіру жұмыстарын жұргізу кезінде 78 861,60 теңге зиян келтірілгенін мәлімдеді. Шағымданушы келтірілген зиянды етуіне жататындықтан, сотты жауапкерден аталған ақшаны өндіріп алуды сұраған.

Сот шағымданушының талабына материалдық зиянның өтеуін толықтай қанағаттандыруға шешім шығарды.

Сот шешімі заңды күшіне еңген жоқ.

Қайнар:

Май аудандық сотының баспасөз қызметі

 

 

 

«Тараптардың татуласуы» тақырыбында дөңгелек үстел

Май аудандық сотында «Тараптардың татуласуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға сот төрағасы Ұ.Рахимбергенова, адвокат, кәсіби емес медиаторлар, прокуратура және үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысты.

Сот төрағасы Ұ.Рахимбергенова дөңгелек үстелді аша отырып, татуласу келісімдері, дауларды медиация тәртібімен реттеу туралы шарттар және партисипативті рәсім тәртібінде реттеу туралы келісімдерін жасасу рәсімдері мен салдары жөнінде айтып өтті.

Іс-шара барысында аудандық сот төрағасы Ұ.Рахимбергенова азаматтық және қылмыстық сот ісін жіргізудегі медиация тәртібіндегі даулардың жүргізу рәсімдерінің құқықтық нормаларымен талаптарын түсіндірді.

Қатысушылар сот істерінде медиацияны кеңінен қолдану мәселелері, оның қолдану аясын кеңейту мен үгіт-насихат жұмыстарын жандандыру мәселелеріне баса назар аударды. Қатысушылар медиация арқылы бітімгершілікке келу мақсатында кәсіби медиаторлардың өзара іс-қимылы, сонымен қатар дау мен жанжалды соттан тыс реттеуге мүдделігін анықтау туралы мәселелеріне тоқталып, өзара пікір алмасты.

Қайнар:

Май аудандық сотының баспасөз қызметі

 

 

Май аудандық сотында «Қаралған істерді рәсімдеу» тақырыбына семинарлық сабақ өтті

Май аудандық сотында «Қаралған істерді рәсімдеу» тақырыбында семинарлық сабақ өтті. Аталған сабаққа кеңсе меңгерушісі мен сот мамандары қатысты. Семинарлық сабақты өткізу барысында бас маман Д. Курабаева баяндама жасады.

Д.Курабаева өзінің баяндамасында, істерді рәсімдеу, ол бекітілген қағидалармен істерді сақтауға дайындық екендігін жеткізіп, істерді рәсімдеу іс жүргізу нұсқамасына сай келу керек және істерді рәсімдеу іс жіргізуге қабылдаған сәттен басталып, істі мұрағатқа тапсырған кезде аяқталғанына назар аударды. Сонымен қатар, іс парақтарын нөмірлеу, ішкі тізімді толтыру, тігу, куәландіру парағын толтыру, іс қабын толтыру - істі рәсімдеу болып табылатындығына назар аударды.

Семинар сабақты қорытындылай келе қасушылар өз пікірлерімен бөлісіп, қойылған сұрақтарға түсініктемелер берілді.

 

Май аудандық сотының

баспасөз қызметі

 

 

 

ЖИЫРМА ТӘУЛІККЕ КАМАЛДЫ

 

Май аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-ң 608 бабы 6 бөлігі бойынша жүргізуші Х-қа қатысты әкімшілік іс қаралған.

Іс материалдарына сай: 2017 жылы 14-ші қырқүйек Х мас күйінде бола тұра, және көлік жүргізу куәлігі болмауына қарамастан «ЗИЛ» атты автокөлікті мемлекеттік номері S 608 BU. Май ауданы Қаратерек ауылында басқарған.

Сот отырысында құқықбұзушы Х., кінәсін толық мойындап, көлік жүргізу куәлігі ода мүлдем жоқтығын атап айтты.

Сот қаулысымен Х. ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабы 6 бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 20 (жиырма) тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жазаға тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне еңген жоқ.

 

Май аудандық сотының

баспасөз қызметі

 

 

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala