Kantarbaev Ardak Amangeldinovach Құрметті жерлестер, сайт меймандары!

Баршаңызға Май ауданы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер деймін.
Бүгінгі ақпараттық қоғамда, өздеріңізбен ресми сайт арқылы ой бөлісу - қоғам мен билік арасын жақындата түсеріне сенімдімін.
Біз үшін ауданның келешегі мен күнделікті тірлігіне бей-жай қарамайтын әрбір тұрғынның пікірі аса маңызды.
Сондықтан да, ауданымыздың дамуы мен көркеюіне үлес қосып, нақты ұсыныстарыңыз болса, біз әр уақытта да жауап беруге дайынбыз.
Мен әрбір аудан тұрғынын бірлесе отыра, нәтижелі жұмыс атқаруға, ұрпақ үшін үлгі боларлық игі істер тындыруға шақырамын.

Ізгі ниетпен, аудан әкімі,
А. Қаңтарбаев

main-orn main-orn main-orn main-orn

Латын әліпбиіне көшу мәселелері талқыланды

04 қазан күні Май ауданының орталығы-Көктөбе ауылында Май ауданы ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Қазақ тілінің латын графикасына көшу мәселесі бойынша» тақырыбында аудандық ақпараттық насихаттау конференциясы өтті.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Көктөбе жалпы орта білім беру мектебінде өткен аталмыш шараға аудан әкімі А. Қаңтарбаев, облыстық «Халық радиосының» тілшісі, қазақ тілі әліпбиінің латын графикасына көшу бойынша облыстық түсіндіру тобының мүшесі Оралқанов Айбек пен Ішкі саясат басқармасының бас маманы С. Шакарова қатысты.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы басты мәселе-қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу мәселесін талқылап, аудан жұртшылығы арасында насихаттауды мақсат еткен конференция ауданның құрметті азаматтары мен еңбек ардагерлері, ауыл ақсақалдары, зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, аудан тұрғындары, жастар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін жинады.

Жиналғандарға «Латын әліпбиіне көшу үрей туғызатын мәселе емес» тақырыбындағы баяндамасын ұсынған облыстық «Халық радиосының» тілшісі, қазақ тілі әліпбиінің латын графикасына көшу бойынша облыстық түсіндіру тобының мүшесі Оралқанов Айбек тыңдармандар тарапынан қойылған көптеген сұрақтарға жауап берді.Бұл күні көптің назарына өз баяндамасын Майтүбек орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі А. Қиналиден ұсынды.

Конференцияның жастар үшін маңызы мен мәні туралы сөз алған педагогика саласының ардагерлері Ж. Арықбаев пен М. Ескендирова аталмыш шараның жастарға берері мол екендігіне тоқталды.

Өздерін толғандырған сан сұрақтарға жауап алған конференция соңында атқарушы органдарға біршама тапсырмалар берілді.

 

Май ауданы ішкі саясат бөлімі

 

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala