Kantarbaev Ardak Amangeldinovach Құрметті жерлестер, сайт меймандары!

Баршаңызға Май ауданы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер деймін.
Бүгінгі ақпараттық қоғамда, өздеріңізбен ресми сайт арқылы ой бөлісу - қоғам мен билік арасын жақындата түсеріне сенімдімін.
Біз үшін ауданның келешегі мен күнделікті тірлігіне бей-жай қарамайтын әрбір тұрғынның пікірі аса маңызды.
Сондықтан да, ауданымыздың дамуы мен көркеюіне үлес қосып, нақты ұсыныстарыңыз болса, біз әр уақытта да жауап беруге дайынбыз.
Мен әрбір аудан тұрғынын бірлесе отыра, нәтижелі жұмыс атқаруға, ұрпақ үшін үлгі боларлық игі істер тындыруға шақырамын.

Ізгі ниетпен, аудан әкімі,
А. Қаңтарбаев

main-orn main-orn main-orn main-orn

Аудан әкімі жастармен кездесті

06 қазан күні Май ауданы әкімінің мәжіліс залында аудан әкімі А.А. Қаңтарбаев Елбасының «Солтүстіктен-оңтүстікке» бағдарламасы аясында Май ауданына қоныс аударған және «Жастар корпусын дамыту» бағдарламасына қатысушы жастармен кездесу өткізді. Аталмыш кездесуге Май ауданы мәслихатының хатшысы Ғ. Арынов, «Нұр Отан» партиясы Май ауданы филиалы төрағасының бірінші орынбасары А. Байғалиев және ауданның атқарушы орган басшылар қатысты.

Кездесу барысында аудан әкіміне сұрақтар қойылып, оларға тұщымды жауаптар қайтарылды. Сондай-ақ кездесу барысында аудан аумағында іске асып жатқан 4 әлеуметтік жоба көшбасшылары өз жобалары жайлы баяндады. Жиын соңында аудан жастарына біршама бағыт берілді.

Май ауданы ішкі саясат бөлімі

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala