Білім беру

Ауданымыздың білім беру жүйесі 14 жалпы білім беретін мектепті қамтиды, оқушылар саны – 1554 оқушы.
Ауданның жалпы орта білім беретін мектептерімен қатар Май агротехникалық колледжі жұмыс істейді (69 оқушы), мектептен тыс 2 мекеме жұмыс істейді: балалар өнер мектебі (110 оқушы) және оқушылар үйі (550 оқушы).
Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде 405 баланы қамтитын 8 балабақша жұмыс істейді. (3-уі Көктөбе ауылында, 1-уі Кеңтүбек ауылында, 1-уі Саты ауылында, 1-уі Май ауылында, 1-уі Қаратерек ауылында, 1-уі Жаңа Ақшиман ауылында) Сонымен қатар биылғы жылы Май ауылында жаңа балабақша іске қосылып, 27 тұрақты жұмыс орын ашылды және 165 баланы қамтитын мектеп жанында 7 шағын орталық бар. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқытумен қамту көрсеткіші 3-тен 6 жасқа дейін 100% құрайды (1-ден 6 жасқа дейін 81,6 %, 2-ден 6 жасқа дейін 91,7 %-ды құрайды).
Мектептерде 313 мұғалім жұмыс істейді, оның ішінде 277-де жоғары кәсіптік білімі бар. Ауданның 11 мектебінде жекелеген пәндерді тереңдетіп оқитын сыныптар енгізілді.
8 мектепте 130 оқушы 5 автобус және 5 газель арқылы тасымалданады.
Барлық мектептер компьютерлермен қамтамасыз етіліп, интернетке қосылған. Компьютерлер саны – 572, 1 компьютерге 2,8 оқушыдан келеді.

13 жалпы орта білім беретін мектептерде жалпыға міндетті оқу қоры ұйымдастырылған. Ыстық тамақпен тубвираж балаларды, жетім балаларды, аз қамтылған отбасыларының балаларына, 1 қыркүйекке сыйлыққа, мектеп жанындағы сауықтыру лагеріне және қала сыртындағы лагерьге баруға 32996,0 мың теңге қарастырылды. 4135,0 мың теңге бөлініп, 4084,8 мың теңге игерілді.
2015 жылы аудандық бюджеттен 15,9 млн. теңге аудан мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 15176,0 мың теңге қарастырылды.
Оқулықтарды сатып алуға және оны жеткізуге аудандық бюджеттен 9167,0 мың теңге қарастырылды.
Қазақстан және Саты ЖОББМ төбе жабынын ауыстыруға аудандық бюджеттен 3796,0 мың теңге қарастырылды, А. Иманов атындаға ЖОББМ ағымдағы жөндеу жұмыстарына 3771,0 мың теңге қарастырылды.

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala