ОҚО мен Алматыға мобильдік ХҚКО-лар шықты

 

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың тапсырмасымен, Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының қолайлылықтары үшін мобильдік ХҚКО-лар Сарыағаш, Түркістан және Бәйдібек аудандарына шықты. Бұл жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй жәрдемақыларын және 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындауына байланысты. Енді бұл елді мекендердің тұрғындарына электрондық анықтамаларды алу үшін ХҚКО-ға келу міндетті емес.
Жәрдемақыларды ресімдейтін азаматтардың Халыққа қызмет көрсету орталықтарына келіп жүрмеулері үшін мобильдік ХҚКО мамандары Түркістан және Бәйдібек аудандары әкімшіліктерінің ғимараттарында, сондай-ақ Сарыағаш қаласының 20/20 әскери бөлімшесінде таңғы сағат 9-дан бастап кешкі 8-ге дейін қызмет көрсететін болады. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында тұрғылықты жеріне уақытша тіркеуден өтуге келуші азаматтардың ағыны байқалады. Десек те, жергілікті әкімшіліктерде жәрдемақы ресімдейтін азаматтар жыл сайын осы уақытта мекенжай анықтамаларына және жылжымайтын мүлік жоқтығы жайлы анықтамаларға келетін. Мобильдік ХҚКО-лар халық көп шоғырланған аймақтарға азаматтарға ақпараттық анықтамаларды алу жолын жеңілдету үшін жіберілді.
Сондай-ақ мобильдік ХҚКО ақпараттық анықтамаларды беру үшін Алматыдағы тұрғылықты жеріне уақытша тіркелуге келген азаматтар саны көп деген халыққа қызмет көрсету орталықтары маңына да орналастырылды. Мобильдік ХҚКО мамандары ақпараттық анықтамаларды Алатау және Түрксіб аудандарының фронт-офистерінің келушілеріне беруде.

Анықтама үшін:
Ақпараттық анықтамаларды келесі мекенжайлардан алуға болады:
ОҚО:
1. Сарыағаш қ., Тұрсынқұлов көш., 21, (20/20 әскери бөлімше ғимаратында)
2. Түкістан қ., Татыбаев көш., 49 (әкімшілік ғимаратында)
3. Бәйдібек ауданы, Б.Қарашаұлы көш., 49 (әкімшілік ғимаратында)

Алматы қ.:
1. Алатау аудандық бөлім – Шаңырақ 2 ы/а., Жанқожа батыр көш., 24
2. Түрксіб аудандық бөлім – Рихард Зорге көш., 9.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы баспасөз қызметі
тел.: 8 7172 27 06 58 (іш.109)

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala