Май селолық округі әкімі Қ.Оразаевтың 2015 жылы атқарылған жұмыстарының есеп беру баяндамасының тезистері

1. Ауыл аймағының қысқаша түйіндемесі
- аула саны – 180;
- тұрғылықты адамдар саны – 617;
a) Жергілікті аймақтың мал шаруашылығы :
- 2016 жылғы 1 қаңтарына дейінгі малдың саны: жылқы 256 бас, ірі қара мал – 1656 бас, қой – 3140 бас, құс – 776 бас.
б) Әлеуметтік нысандар:
- Мектеп – 1, балабақша – 1, селолық клуб – 1, кітапхана – 1, дәрігерлік орын – 1, дәріхана – 1, наубайхана – 1, дүкендер – 4.
в) Тұрғын шаруашылық нысандары:
- Кешенді ауызсу жүйесі – 1, ветеринариялық орын – 1.

2. 2015 жылы атқарылған іс шаралар:
- «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша «Балдырған» бөбектер бақшасы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны 2015 жылғы 1 қыркүйекте ашылды. Мемлекеттік кәсіпорын 50 орындық 2015 жылдың 10 қыркүйегінен бастап басқару органының жолдамасы негізінде 40 бала тәрбиеленушілер тізіміне қабылданды, бұл 3 топты құрайды: 1 топ – «Балапан» 1-3 жастағылар – 16 бала, 2 топ – «Жұлдыз» 3-4 жастағылар – 13 бала, 3 топ «Балдырған» 4-5 жастағылар – 11 бала.
27 адам тұрақты жұмысқа, 3 адам маусымдық жұмысқа қабылданды.
Педагогтар саны – 11. Оның 5-і жоғары білімді, 45 пайызды құрайды.
Арнаулы орта білімді – 4 адам, 36 пайызды құраса, 2 адам орта
білімді, 18 пайызды құрайды.
- Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70 жыл толуына орай «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша «Жеңіс» алаңында жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда соғыста қаза тауып оралмаған және отанға оралған ардагерлер тізімі жазылған мәрмәр тасы, орындықтар, шамдар орналастырылып, 160 түп гүлзарлар, 6 түп шырша ағашы отырғызылды.
- Аз қамтылған жанұяларға, мүгедектерге, тыл еңбеккерлеріне, жалғыз басты тұратын зейнеткерлерге көмек көрсетілді;
- Ауыл аймағында санитарлық тазалау жұмыстары атқарылып, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.

3. Біздің жетістігіміз:
- Жаңа 1 шаруа қожалығы ісін бастап, субсидиялау бойынша қосымша құралдармен жаңа трактор және 30 бас қошқар алды.
- Ауыл тұрғыны Ж.Каиржанов жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп алдағы уақытта «Үрия» шаруа қожалығын ашуға жоспарлануда. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 20 млн. «Құлан» бағдарламасы бойынша 10 млн. Алып мал өсіруге ниетті. Қазіргі уақытта 500 га жайылым жері бар.
- Бірыңғай ұлттық тестілеуде, білім деңгейі 8,9 ұпайға өсіп, 4 түлектеріміз жоғары оқу орнына түсті.
- Облыстық «Графити-шоу» атты сурет сайысында 1 орынға ие болдық;
- Әскери шақырушы және әскери шақырылымға дейінгі жастардың арасында облыстық спартакиадада кіші калибрлі винтовкадан атудан 1 орын;
- Қазақ тілінің білгірлері атты облыстық сайыста 2 орыңға ие болдық.

4. Алда 2016 жылға қойылған өзекті мәселелер:
- Селолық клуб ғимаратында күрделі жұмыстарын жүргізу.

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala