Май ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қарашадағы «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2017 жылға Май ауданының ұйымдарында жұмыс орындарының квотасын белгілеу

Май ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 14 қарашадағы
«Бас бостандығынан айыру
орындарынан босатылған адамдарды
және пробация қызметінің есебінде
тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру
үшін 2017 жылға Май ауданының
ұйымдарында жұмыс орындарының
квотасын белгілеу туралы» № 223/11
қаулысының күші жойылды
деп тану туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31- бабы 2 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46 - бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Май ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Май ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қарашадағы «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2017 жылға Май ауданының ұйымдарында жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» 223/11 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5279 болып тіркелген, 2017 жылғы 03 желтоқсанда аудандық «Шамшырақ» № 50 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі                                         А. Қаңтарбаев

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala