Май аудандық сотымен 2017 жылдың қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өткізілді

Май аудандық сотымен 2017 жылдың қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өткізілді

Май аудандық сотымен аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының ғимаратында БАҚ өкілдерінің қатысуымен 2017 жылы сот төрелігін жүзеге асыру  қорытындысы бойынша баспасөз конференция өтті, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістерді талқылау мақсатында жиналыс өткізді.

Баспасөз конференциясына аудандық сот төрағасы Ұ.Рахымбергенова, аудан әкімінің орынбасары М.Кұсаинова, аудан прокуроры С.Теміров, аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Н.Каббасов, мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарының, үкіметтік емес ұйымдарының және өңірлік «Шамшырақ» газетінің тілшісі қатысты.

Сот төрағасы Ұ.Рахимбергенова баспасөз-конференциясының қатысушыларына істердің қаралу сапасына ерекше көңіл бөлуді атап өтті, сондай-ақ медиацияны қолдану сұрақтары бойынша, 2017 жылды алдынғы жылмен салыстырғандағы сот жұмысының негізгі статистикалық мәліметтерін баяндады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасына, атап айтқанда бұйрық өндірісімен қаралатын қылмыстық істер және әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер бойынша енгізілген өзгерістер талқыланды.

Баспасөз конференциясын қорытындылай келе сот төрағасы алдағы уақытта да сот төрелігінің сапасын арттыруға, сот жүйесін нығайтуға барлық шаралар қолданылатынын атап, өңірлік «Шамшырақ» газетінің тілшісінің барлық сұрақтарына жауап бере отырып, алғысын білдірді.

Май аудандық сотының

баспасөз қызметі

«Қылмыс және қылмыстық теріс қылық ұғымдары» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді

Май  аудандық сотында «Қылмыс және қылмыстық теріс ұғымдары» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстелге» аудандық сотының төрағасы Ұ.Рахимбергенова, аудан прокуратурасының өкілдері, және ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметкерлері.

«Дөңгелек үстелдің» шеңберінде қылмыстық қудалауы жеке тәртіпте жүзеге асырылатын арыздарды сотқа жолдау тәртібі, қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарларды қабылдау және тіркеу, сонымен қатар сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын тәжірибеде қолдану, осы бойынша туындайтын мәселелер және жекеше айыптау істерінің сотта қаралу ерекшеліктері, дәлелдемелерді жинау және сот-медициналық сараптамасын тағайындау кезінде кездесетін қиындықтар туралы өзекті мәселелер талқыланды.

Басты назар жекеше айыптау істерін қарауда қылмыстық процестік кодексінің нормаларын дұрыс қолдану, ішкі істер бөлімінің басшылығының жеке түрде қарау үшін арыздарды сотқа жолдауда оның заңдылығы мен негізділігін қатаң бақылауға алу қажеттілігіне аударылды.

«Дөңгелек үстел» қорытындысы бойынша қатысушылар өз ұсыныстарын келтіріп, ортақ шешімге қол жеткізді және бұл жиынның алдағы уақытта тәжірибеде зор септігі болатынын атап өтті.

Май аудандық сотының

 баспасөз қызметі.

Май ауданында дөңгелек үстел ұйымдастырылды

Май аудандық сотында «Медиация заңын қолдану тәжірибесін халыққа кеңінен түсіндіру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге сот төрағасы Ұ.Рахымбергенова мен аудан прокуратурасының, ішкі істер бөлімінің өкілдері және, кәсіби емес медиаторлар өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел мәжілісінде сот төрағасы Ұ.Рахымбергенова мен кәсіби емес медиатор А.Қуандыков  өздерінің баяндамаларын оқыды.

Баяндамаларда Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының жалпы ережелері мен және сот жүйесінде медиацияны жетілдіруге байланысты атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып өтті.

Өткізілген іс шараның нәтижесі бойынша барлық қатысушылар пікір алмасып, соттың төрағасы медиацияны қолдану аясын кеңейту жұмыстарына белсенді қатысып, жандандыру жұмыстарын жалғастыру жөнінде тоқталып, іс-шараға қатысушылардың қойған сауалдарына жауап берді.

Май аудандық сотының

баспасөз қызметі

Семинар сабағы өткізілді

Май аудандық сотында «2018 жылға арналған айлық есептік көрсеткіш» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Іс-шараға Май аудандық сотының төрағасы Ұ.Рахымбергенова, Май ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының өкілі, кеңсе меңгерушісі  мен сот мамандары қатысты.

Семинар барысында Май ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Ф.Арынгазина Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқада төлемдерді қолдану үшін 2018 жылға арналған айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 2 405 теңге болып өзгергенін айтып өтті.

Іс-шара аталған тақырыптың өзекті сұрақтарын талқылаумен аяқталды.

Май аудандық сотының

баспасөз қызметі

Шартты түрде мерзімнен бұрын босату

Май аудандық сотымен сотталған Т. қатысты, Май ауданының пробация қызметіның ұсынысы бойынша сотпен тағайындалған жазадан мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы материалы қарастырылды.
Сот мәжілісінде Май ауданының пробация қызметінің бас инспекторы бас бостандығын шектеу кезінде Т., өтеу ережелері бұзуына қол жеткізбегенін, полицияға еріксіз келтіру болған жоқтығын, инспекцияның шақыруына дер кезінде келгенін, түрғылықты жерінде оң сипаттамалатынын, ішкі істер бөлімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылмағанын түсіндірді.
Май ауданының пробация қызметіның ұсынысы  Т. қатысты тағайындалған жазадан мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы ұсынысы сот қаулысымен қанағаттандырылды.

Қайнар:

Май аудандық сотының баспасөз қызметі

 

 

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala