«Сот істерін қарауға әзірлеу, істерді қарау мерзімдері» тақырыбында семинар сабақ өткізілді

«Сот істерін қарауға әзірлеу, істерді қарау мерзімдері» тақырыбында семинар сабақ өткізілді

Май аудандық сотында сот істерін қарауға әзірлеу және істердің қаралу мерзімдері тақырыбында семинарлық сабақ өткізілді.

Іс-шараға сот судьясы Г.Е.Хамитова, кеңсе меңгерушісі және сот мамандары қатысты.

Судья Г.Е.Хамитова өз сөзінде істерді қарау сапасын көтеру- кешенді шаралардан тұратын сот төрелігін жүзеге асырудың басты міндеті екенін. Сондай-ақ азаматтық және қылмыстық істерді қарауға әзірлеу бойынша процессуалдық заң талаптарын дәлме-дәл бұлжытпай және мүлтіксіз орындау соттық істердің заңда көрсетілген мерзімде әрі сапалы қаралуының бір шарты болып табылатынын атап көрсетті.

Семинардың соңында судья Г.Хамитова судьялардың назарын істер бойынша жүктемелерінің олардың істерді қарауға тиісті түрде әзірлеу бойынша заң талаптарын орындаудан босатпайтынына аударды.

Қайнар: Май аудандық сотының баспасөз қызметі

 

 

Май аудандық сотында «Дауды партисипативтік тәртіппен реттеу» тақырыбына семинар сабақ өтті

Май аудандық сотында «Дауды партисипативтік тәртіппен реттеу» тақырыбында Май ауданының адвокаттар алқасының адвокаттары А.Есированың, және З.Тортаеваның қатысуымен семинары өткізілді.

Судья Г.Хамитова семинар барысында 01 қаңтар 2016 жылғы Қазақстан Республикасының 100 нақты қадам жобасын орындау мақсатында іс жүргізуді оңайлату және жақсарту мақсатында әзірленген, заңды күшіне енген Азаматтық процессуалдық кодекс бойынша түсіндіріп өтті.

Жаңа АПК-те қарастырылған тараптардың қорғаушы адвокаттардың қатысумен келісу рәсімдерін жасау –ол дауды партисипативтік тәртіппен шешу болып табылатындығын атап өтті.

Дауды партисипативтік тәртіппен шешу - рәсімдеуде шешім қабылдауда және туындаған дауларды шешуде қорғаушы адвокаттардың белсенді үлес қосуы болып табылады. Жақтар соттың қатысуынсыз, бірақ міндетті түрде адвокаттың қатысуымен өздері балама ұсынысты таңдап, даудың табысты шешілуін нұсқасын таңдап, жазбаша келісім жасайды.

Іс-шара соңында семинарға қатысушылар өзара пікір алмасып, азаматтық істерде жаңа келісу рәсімдері дауды партисипативтік тәртіппен реттеу жолдары белсенді түрде талқыланды.

Қайнар: Май аудандық сотының

баспасөз қызметі

Қылмыстық іс бойынша, медиация қолданылды

Май аудандық соты ҚР ҚК-нің 188 бабы 2б.1,3 т. (ұрлық, яғни бөтеннің мүлкiн жасырын түрде ұрлау) айыпталған К мен К-қа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс бойынша: 2018 жылы 06 мамырда азамат К мен К. масан күйінде Май ауданы Кентүбек ауылы Ы.Алтынсарин көшесі 1/2 мекенінде орналасқан «Жалтыр» ЖШҚ-ның үй-жай қоймасына заңсыз түрде кіріп оннаң жасырын түрде декоративтық чугундық төрт оградкаларын біреуі 10 000 теңге көлемінде тұратын мүлігін ұрлап алған. Ұрлықтын салдарынан азамат С-қа 40 000 тенге көлемінде залал шығын келтірілген.

Сот отырысы барысында, айыпталушы мен жәбірленуші татуласып, келтірілген залал өтелгенін, наразылығы жоқ екені және сол жөнінде тараптардың кәсіпқой емес медиатор арқылы бітімгершілік келісімге келгендері жөнінде бітімгершілік келісімі түсті.

Сот қаулысымен айыпталушы К мен К қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, ҚР ҚК-нің 68- бабының 1-бөлігі бойынша, жәбірленушімен татуласуына байланысты және медиация тәртібімен, қылмыстық істі қысқартты.

Қаулы заңды күшіне еңген жоқ.

Қайнар:

Май аудандық сотының баспасөз қызметі

 

 

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala