Аудандық сотта «Процесс қатысушыларымен процестен тыс қарым-қатынас жайлы ескерту және алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Аудандық сотта «Процесс қатысушыларымен процестен тыс қарым-қатынас жайлы ескерту және алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

 Май аудандықсотында жоғарыда көрсетілген тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Іс шараға Майаудандық сотының судьялары мен кеңсе мамандары, Павлодар облысыбойынша мамандандырылған күзет қызметінің өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелді ұйымдастырушы сот приставы С.Сейлхановжемқорлық мемлекетіміздің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететінін, қоғамдағы демократиялық өзгертулерді тежейтінін және мемлекеттің халықаралық беделіне нұқсан келтіретіндігін, сонымен қатар адамдардың қоғамның демократиялық негіздеріне сенімін бұзатынын, заң мен әділдікке сенімін бұзатынын айтып өтті. Сондықтан да, Қазақстандағы жемқорлықпен күрес мемлекеттік саяси деңгейге қойылып, мемлекет басшысының бақылауында.

Өз сөзінде сот төрағасы Ұ.Рахимбергеновасыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес елімізде ең өзекті мәселе болып табылатынын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес сот жүйесінде де қарқынды жүргізіліп отырғанын айтты. Сондай-ақ, осы бағытта көптеген іс-шаралар жүзеге асырылып отырғанын – сот ғимараттарында сенім телефондары, арыз-шағымдарға арналған жәшіктер орнатылып, осы мәселеге қатысты көптеген жиналыстар өткізіліп отырғанына тоқталды.

Сөз соңында судья мен сот қызметкерлерінің іске қатысушы тараптармен процессуалды емес кездесулерге жол бермеу керектігін айтты. «Әркім өз міндеттерін адал атқарып, соттың атына кір келтірмеуі тиіс»,- деді Ұ.Рахимбергенова.

 

Қайнар:

Майаудандық сотының

баспасөз қызметі

 

 

 

 

Май аудандық соты мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы талап арызды қанағаттандырды

Май аудандық сотымен арызданушы Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы «Май аудандық орталық ауруханасы» ҚМҚК-ның арызы бойынша азамат А мен азаматша А.-ны мәжбүрлі түрде маскүнемдіктен емдеуге жіберу туралы азаматтық ісі қаралды.

Өтініш беруші өз өтінішінде соттан наркологиялық есепте тұратын А бен А.-ны мәжбүрлі түрде емдеуге жіберуін сұрады. Туысқандарының салауатты өмір-салтын ұстан дегеніне құлақ аспай, ішімдік ішуді жалғастыруда, маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емдеу үшін мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемелерiне жіберу бойынша профилактикалық әнгімелер өткізілді, алайда өзіне қатысты қорытынды нәтиже шығармаған.

Дәргерлік-консультациялық комиссиясының 2018 жылы 10 казандағы №57 и №58 қортындысы бойынша азамат А мен азаматша А психикалык және поведенческими расстройствами қатерлейді алкогол ішімдігін ішуіне байланысты. Және 6 ай мерзіміне наркологиялық диспансерінде мәжбүрлі түрде маскүнемдіктен емделуге керек екені көрсетілген.

Сот, азамат А мен азаматша А.-ны Павлодар қаласындағы мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемесіне 6 ай мерзімге мәжбүрлеп емделуге жіберу туралы шешім шығарды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар:

Май аудандық сотының баспасөз қызметі

 


                    

Қылмыстық іс бойынша, медиация қолданылды

       Май аудандық соты ҚР ҚК-нің 188 бабы 2б.1,2,3 т. (ұрлық, яғни бөтеннің мүлкiн жасырын түрде ұрлау) айыпталған К мен К-қа қатысты қылмыстық іс қаралды.

       Іс материалдары бойынша: 2018 жылы 22 шілдеде сағат 21.30 шамасында азамат А.А. мен А.С. алдына ала келісе отыра Май ауданы Көктөбе аулында Қазбек би көшесі 30/1 үйінің ауласына заңсыз түрде кіріп және жасырын түрде оннаң Газель атты автокөліктін саймандарын урлаған, атап айтсақ; механикалық таратқыш қорап- 35000, екі ступица-7000 тенге әр қайсысы, Газ-53 автокөліктен екі диск–4000 тенге тұратын әр кайсысы ұрлап алған. Ұрлықтын салдарынан азамат Н-қа 57 000 тенге көлемінде залал шығын келтірілген.

       Осы ұрлықтарымен тоқтамай азамат А.А. мен А.С. алдына ала келісе отыра 2018 жылдың белгісіз күні сағат шамасы 12.00 де Май ауданы Көктөбе аулының Речная көшесінде орналасқан 18/2 үйінің ауласына заңсыз түрде кіріп оннаң төрт чугундық батареяларын -10 000 тенге түратын әр қайсысы ұрлап әкеткен. Ұрлықтын салдарынан азамат М-ға 40 000 тенге көлемінде залал шығын келтірілген.

       Өз кылмыстық істерін әрі қарай жалғасытыра отыра азамат А.А. мен А.В. алдына ала келісе отыра 2018 жылдын 25-ші шілдеде сағат 10.00 шамасында Май ауданы Көктөбе аулының Мукашев көшесінің 7/1 үйіне заңсыз және жасырын түрде түсіп оннаң  LUXELL атты газ плитаны жалпы бағасы 5000 тенге тұратын және оған қоса газ баллон жалпы бағасы 1000 тенге тұратын заттарды ұрлап алған. Ұрлықтын салдарынан азамат Б-қа 6 000 тенге көлемінде залал шығын келтірілген.

      Сот отырысы барысында, айыпталушылар мен жәбірленуші татуласып, келтірілген залал өтелгенін, наразылығы жоқ екені және сол жөнінде тараптардың кәсіпқой емес медиатор арқылы бітімгершілік келісімге келгендері жөнінде бітімгершілік келісімі түсті.

      Сот қаулысымен айыпталушылар А.А., А.С. мен А.В. қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, ҚР ҚК-нің 68- бабының 1-бөлігі бойынша, жәбірленушімен татуласуына байланысты және медиация тәртібімен, қылмыстық істі қысқартты.

Қаулы заңды күшіне еңген жоқ.

Қайнар:

Май аудандық сотының баспасөз қызметі

 

 


 

 

 


Аудандық сотта семинар өткізілді

Май аудандық сотында кеңсе меңгерушісі м.а. М.Білтаеваның  басқаруымен семинар өтті. Сот отырысының хатшылары мен мамандары қатысқан семинарда, кеңсе меңгерушісі м.а. М.Білтаева «гибридті пошта» қызметінің артықшылықтарын түсіндірді. Нақтылап айтқанда, сот органы екі жақтың өзара қатынасын күшейту мен жаңашыл ақпараттық қызмет түрлерін енгізу мақсатында АО «Қазпошта» бірлесе отырып, халыққа ыңғайлы жағдай жасау мақсатында гибридті пошта қызметін пайдаланбақ. Яғни, автоматты конверттеу, корреспонденцияны жөнелту, мұның ішінде сотқа шақыру қағаздарын АО «Қазпошта» жүйесімен жіберу қызметтері іске қосылады.

Гибридті жөнелту технологиясын пайдалану барысында, жіберілімге бағытталған мәліметтер, хат бағытталған тұлғалардың тізімімен бірге электронды түрде пошта қызметінің бөліміне бағытталады. Бұл жерде хаттар хаттар жекелеген құжат ретінде ашылып, пошта конверті ретінде қапталады. Сонымен қатар, хат шығарылымы алдындағы әзірлік, жөнелтілетін хаттар, оларды конверттеу, жіберілімге жіберу, қабылдау, өңдеу, жеткізу, ол хаттың жөнелту статусы, бәрі де АО «Қазпошта» арқылы жүзеге асырылады.

Бұл жердегі ең үлкен мақсат – сот ісін қарау барысында шапшаңдықты іске қосу, екі тарапты да уақытылы хабардар ету. Ал гибридті пошта қызметі судьяларға дәл осындай мүмкіндік беріп, корреспонденцияны өңдеуге жұмсаған уақыттарын үнемдеп, оларды жөнелту жұмыстарын да тездетеуге жағдай жасап отыр.

Аталмыш қызмет түрін автоматтандырып іске қосу – сот ісін жүргізу процесіне оң әсер етуімен қатар, халыққа хабарламаларды жеткізу сапасын жақсартып, хаттардың тапсырылған не тапсырылмағанын онлайн режимде бақылауға, поштамен мерзіміне сай жету-жетпеуін көріп отыруға, соттардаң алдына қойылған мақсаттарын орындауға және халыққа жағдай жасау жолында тиімді болмақ.-деді кеңсе меңгерушісі м.а. М.Білтаева.

Қайнар:

Май аудандық сотының

баспасөз қызметі

 

 


Тараптарды сот отырысына шақыртылуы туралы хабарлама

Май аудандық сотының бас маманыМ.Білтаевасот мамандарының қатысуымен «Тараптардынсот отырысына тиісті шақыртылуы, СМС хабарламалардың жолдануы» тақырыбында семинар сабағын өткізді.

Өз сөзінде, хабарламалар мен шақырулар хабарланатын немесе шақырылатын адамның сотқа уақытылы келуіне және іске дайындалуына жеткілікті мерзімі болатындай есеппен істі сот талқылауына дайындау туралы ұйғарым шығарылған күннен не сот талқылауы тағайындалған күннен кейінгі келесі күннен кешіктірілмей жіберілуге тиіс.

Сондай-ақ, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі немесе электрондық мекенжай бойынша жіберілетін хабарда: хабарландырылатын немесе сотқа шақырылатын адамды көрсету; соттың атауы мен мекенжайы; келетін жері мен уақытын көрсету; адресат хабарландырылып немесе шақыртылып отырған істің қысқаша атауы; адресаттың кім ретінде хабарландырылып немесе шақыртылып отырғандығын көрсету; хабар жіберген адамның тегі мен аты қамтылуға тиіс.

Семинар соңында қатысушылар тақырыпқа байланысты керекті сұрақтар қойып, толықтай жауап алды.

Қайнар: 

Май аудандық сотының

баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala