Екі тәулікке қамауға алынды

Екі тәулікке қамауға алынды

Май аудандық сотымен «Құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсету фактісі бойыша әкімшілік іс қаралды. (ӘҚБтК-ң73б.1б.)
Іс материалдары бойынша, азамат М, 15 ақпан 2019 жылы Май ауданы К-кт-бе ауылы Баки Басар 17/1 өз үйінде бола тұра, масаң күйінде бірге тұратын Ж-деген бірге тұратын келіншек пен жанжал ашып, былапыттап сөйлегені анықталды. Және кімінен жүлқылап, үй ішіндегі телевизорды сындыра жалдады.
Осы факт бойынша М-қа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама құрастырылды.
Сот талқылауы барысында құқықбұзушы өз кінәсін толық мойындап істеген әрекетіне өкінді. Брақта бірге тұратын азаматша Ж оны кешіре алмады.
Сот қаулысымен құқықбұзушы М. ӘҚБтК-нің 73 бабы 1 бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 2 тәулікке камаққа алу әкімшілік жаза тағайындалды.
Қаулы заңды күшіне еңген жоқ.

 

Қайнар:

Май аудандық сотының

баспасөз қызметі

 
 

 

 

Аудандық сотпен меншік құқығын қорғауды күшейту және сот жүктемесін оңтайландыру туралы заңын түсіндіруде

НұрОтан партиясы аудандық филиалы ғимаратында Май аудандық сот төрағасының м.а. судья Г.Е.Хамитова, НұрОтан, аудандық прокуратура, полиция бөлімі, әділет басқармасы өкілдерінің, адвокаттардың, жеке нотариустың, үкіметтік емес органдардың өкілдерінің, кәсіби емес медиатор және БАҚ өкілдерінің қатысуымен -«Заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талқылау» атты тақырыпқа дөңгелек үстел өткізді.

Өзінің баяндамасында сот төрағасының м.а.Гульзия Хамитова соттардың жүктемесін оңтайларндыру мақсатында заңға біршама өзгерістер енгізілуде, осы өзгерістерге сәйкес даусыз істер соттан алынып, нотариатқа беріледі. Халықты электроэнегриямен, жылу , байланыс, су және басқа да коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ететін мекеме, ұйымдар көрсетілген қызметі үшін қарыздарды атқару қолхаты негізінде өндіру қажет. Талапқоюшы даудың барын қолдаған жағдайда, сотта іс жүргізу шығындарын талап қоюшыға жүктеуге мүмкіндік бар. Сонымен қатар сот орындаушылардың әрекетіне берілген 18 санкциядан, сотқа- 2 қалдырылады, мәжбүрлеп әкелу және елдің шегінен шығуға тиым салу туралы. Борышкердің мүлкіне, банкілік шоттарына тиым салу, және ақпаратты талап етуді бекіту прокурорға берілген.

Іс шарада сонымен қатар сот жүктемесін оңтайландыру жолдары туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер талқыланды, тараптардың мүліктік құқықтарын қамтамасыз ету, оның ішінде банктік қарыздар бойынша және т.б. талаптар.

Салық заңнамасына қатысты әкімшілік құық бұзушылықтар бойынша айыппұлдың мөлшері ұдғайтылған, жеке меншікке қарсы бірнеше рет жасалған қылмыстар бойынша жауапкершілік қатаңдатылған.

Талқылау кезінде жеке нотариус Асылбек Ускенбаев нотариустерге даусыз талаптардың 9 түрін бергенін, ол талаптар атқару қолхаттары арқылы өндірілетінін атап өтті. Сонымен қатар атқару қолхаты арқылы өткізілетін қызметтің төлемдері туралы түсініктеме айтып өтті, ол жеке тұлғалар үшін өндіріп алатын сомманың 0,2% құрайды, ол АЕК 0,5 пайызынан кем емес және 50 пайызынан көп емес, ал заңды тұлғалар үшін өндіріліп алатын сомманың - 1% құрайды, АЕК 1-на кем емес және 100 пайызынан көп емес.

Кәсіби емес медиатор Азат Куандыков даулардың соттан тыс шешудің жаңа тәртібі тараптардың уақытын және материалдық шығындарын қысқартуды көздейді.

Жеке сот орындаушысы А.Бактияров жаңа заңнама бойынша сотпен 2 қаулы ғана бекітіледі- ол сот орындаушысына келуден жалтарып жүрген тұрғаны мәжбүрлеп жеткізу, және елдің шегінен тыс шықпау туралы, ол сот жүктемесін біршама қысқартады. Олардың басқа іс әрекеттері бойынша қаулылар прокуратураға беріледі.

Іс шара соңында оған қатысушылар азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауға бағытталған заңнама іс жүзінде тиісті түрде жүзеге асыру туралы сұрақтарды талқылады.

 

Қайнар көзі:

Май аудандық сотының

баспасөз қызметі.

 

 

 

 

 

 

Манына сыйлаумаушылық көрініс көрсеткен

 

Май аудандық сотымен азамат С-қа қатысты ӘҚБтК-нің 434 бабы 1 бөлігі бойынша әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, Май ауданы Көктөбе ауылының тұрғыны азамат С масан күйінде Май аудандық ауруханасының жан сақтау бөлімшесі ғимаратынын манында болатұра, қоғамдық орнында, манындағыларға сыйлаумаушылық көрсете отыра, кіші дәретін болдырған.

Сот отырысында азамат С өз кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінді.

Сот қаулысымен азамат С кінәлі деп танылып оған ӘҚБтК-нің 434 бабы 1 бөлігі бойынша 2 тәулікке қамауға алу түрінде әкімшілік жазасы тағайындалды. Және Май аудандық ішкі істер бөлімі өкілдірінің ұсынысы бойынша сотпен азамат С-қа қатысты тәртібіне байланысты ерекеше талап орнатылды.

Қаулы заңды күшіне еңген жоқ.

 

Қайнар:

Май аудандық сотының

баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

20 тәулікке қамау түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды

 

Май аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-ң 608 бабы 6 бөлігі бойынша жүргізуші Ж-қа қатысты әкімшілік іс қаралған.

Іс материалдарын бойынша: 2019 жылы 16-ші ақпанда азамат Ж масан күйінде бола тұра, және көлік жүргізу куәлігі болмауына қарамастан «ВАЗ-21099» атты автокөлікті, мемлекеттік номері С 823 ТК 55 аймақ, Май ауданы Майтүбек ауылында басқарған.

Сот талқылау отырысында құқықбұзушы Ж өз кінәсін толық мойындады жәнеде ода жүргізу куәлігі мүлдем болмағанын айтты.

Сот қаулысымен Ж ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабы 6 бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 20 (жиырма) тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне еңген жоқ.

 

Қайнар:

Май аудандық сотының

баспасөз қызметі

 

 

 

 

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala