Аудандық сотында семинар сабағы өткізілді

18.03.20Май аудандық сотында судьялар мен сот қызметкерлерінің қатысуымен соттағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша семинар сабағы өткізілді.

Іс-шара барысында өз сөзінде сот төрағасының м.а. Г.Ж.Сисингалиев сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жайлы ақпараты бар адам мемлекеттік органдар басшылығын, не ұйым қызметкерлерін, не сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша уәкілетті органын хабардар етуі тиістігін атап өтті. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өз өкілеттіктері шегіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру және олардың салдарларын жою жөніндегі қызметі» - деп сот төрағасының м.а. атап көрсетті.
Сонымен қатар, семинар барысында сот жасауылы С.Сейлханов қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды және қазырғі уақытта барлық соттарда судьялар мен сот жұмыскерлерінің сот отырысының қатысушыларымен процесуальдық емес қатынасқа түсуын алдын алу және сот ғимаратында келушілердің болуы ережесі әзірленіп қолданысқа еңгізілген айтып өтті.
    Іс-шара соңында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәлімет беру мәселелері бойынша пікір алмасты.

Қайнар:
Май аудандық сотының баспасөз қызметі

 

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala