Туляремия белгілері және ауруды алдын-алу

Туляремия-табиғи-ошақты жіті инфекция, ол лимфа түйіндері, тері, кейде көздің шырышты қабықтарын және өкпені зақымдайтын ауру. Туляремия жалпы уланудың айқын симптомдарымен, ұзақ қызудың жоғарлауымен, жайылған лимфаденитпен, гепатоспленомегалиямен, полиморфты бөртпемен және басқа да белгілерімен өтеді. Туляремияның спецификалық диагностикасы серологиялық реакциялар (ИФТ, РА, РНГА), ПТР, тері-аллергиялық сынама көмегімен жүргізіледі. Туляремияны емдеуде бактерияға қарсы, дезинтоксикациялық терапия, іріңді бубондарды хирургиялық жолменалу және дренаждау қолданылады.

Туляремияның белгілері

Туляремияның инкубациялық кезеңі бір күннен бір айға дейін болуы мүмкін, бірақ көбінесе 3-7 күнге тең болады. Кез келген жерде орналасқан туляремия әдетте дене температурасының 38-40 градусқа дейін жоғарылауынан, денедегі әлсіздік, бұлшық еттердің ауырсынуы, бас ауруы,уланудың дамуынан байқала бастайды. Қызба жиі межеленген, бірақ тұрақты, интермитацияланған немесе толқын тәрізді (екі – үш толқын) болуы мүмкін. Қызба ұзақтығы бір аптадан екі-үш айға дейін ауытқуы мүмкін, бірақ әдетте 2-3 аптаға созылады.

Тексеру кезінде бет гиперемиясы (қан тамырларының қан талап тұруы), ауыз қуысының конъюнктивалары мен мұрын,жұтқыншақ шырышты қабықтарының ісінуі,склер инъекциясы байқалады. Кейбір жағдайларда әртүрлі экзантема (терідегі бөртпе) шығады. Брадикардия, артериялық қысым төмендейді. Қызба басталғаннан кейін бірнеше күн өткен соң гепатоспленомегалия (бауыр мен көкбауыр көлемінің ұлғаюы) пайда болады.

Туляремияны алдын-алу

Туляремияның алдын алуға таралу көздерін залалсыздандыру, ауру берілуі мүмкін жолдарды шектеу шараларын қамтиды. Профилактикалық іс-шараларда осы қоздырғыш бойынша эндемиялық аудандарда тамақтану және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының санитариялық-гигиеналық жағдайына басты назар аудару, дератизация және дезинсекция шараларын жүргізуге ерекше көңіл бөлу шарт.

Жабайы аңдарды (терілерін сыпыру, етін бұзу) аулауға шыққанда, дератизациялауда (уланған кеміргіштерді жинау) жеке бас талаптарын сақтау, ауруды жұқтыруды алдын алудың басты талаптары болып табылады. Қолды резеңке қолғаппен қорғау немесе жануарлармен жанасқаннан кейін қолды мұқият дезинфекциялау қажет. Аурудың алиментарлық жолмен берілуіне тосқауыл қою, ол арнайы өңдеуден өтпеген сенімсіз су көздерінен суды тұтынудан аулақ болған жөн.

Туляремияның алдын алу эндемиялық аудандарда халықты тірі туляремиялық вакцинамен вакцинациялау болып табылады. Ағзада ауруға қарсы иммунитет 5 және одан да көп (жеті жылға дейін) жылға дейін қалыптасады. Ревакцинация 5 жылдан кейін жүргізіледі. Ауруды шұғыл алдын алу (жұқтыру ықтималдығы жоғары болғанда) антибиотиктерді көктамыр ішіне енгізу арқылы жүзеге асырылады. Туляремиямен ауыратын науқас анықталған жағдайда, ауру жануарлармен немесе залалданған шикізатпен жанасқан кезде қолданылған заттар ғана дезинфекциялауға жатады.

 

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala