Жазғы сауықтыру лагеріндегі кездесу

Май аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы мамандарымен 2019 жылдың 15 шілде күні МККК «Акжелкен» сауықтыру лагерінде «Қауіпсіз жаз» акциясы жүргізілді, балалармен санитариялық ағарту жұмыстары көз ауруының алдын алу, жазғы мезгілден уланудын алдын алу, физикалық белсенділік, ішімдіктің адам өміріндегі зияны т.б.тақырыптарында дәріс оқылып, көптеген соматикалық аурулардын алдын алу тақырыбында видеороликтер ұсынылды.

«Акжелкен» сауықтыру лагерінің асхана қызметкерлерімен тамақтан улану мен жіті ішек инфекциясының алдын алу мақсатында қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын талаптарының сақталуы, жұмыс барысында тазалық сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізілді.

 

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala