Павлодар облысы Май ауданыңың Кентубек ауылдық округінің әкіміне үміткер Бакауов Серік Бекенұлы

Павлодар облысы Май ауданыңың Кентубек ауылдық округінің әкіміне үміткер Бакауов Серік Бекенұлы

 

Үміткердің өмірбаяны

Павлодар облысы Май ауданы Жалтыр кеңшарында 1969 жылы 27 мамырында дүниеге келген.

Жалпы еңбек өтілі отыз 33 жыл, оның ішінде мемлекеттік қызметте 22 жыл.

1986 жылы Жалтыр орта мектебін бітірген.

1986-1987 жылдары еңбек жолын шопан көмекшісінен бастаған.

1987-1989 жылддары Совет Армиясының қатарында.

1989-1990 жылдары Семей зооветинститутың тыңдаушысы.

1990-1995 жылдары Семей зооветинститутының студенті.

1995- 2008 жылдары Май аудандық ветеринарлық станциясының эпизоотолог мал дәрігері, АШМ Павлодар облысы, Май ауданы бойынша ветеринарлық комитетінің бөлім меңгерушісі, АШМ Павлодар облысы, Май ауданы бойынша аумақтық инспекциясының бас маманы мал дәрігері инспекторы қызметтерін атқарған.

2008 – 2010 жылдары Май ауданы Малайсары ауылының әкімі.

2010 – 2014 жылдары Май ауданының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы.

2014 – 2015 жылдары Май ауданы «Акжар - Өндіріс» Агрофирмасының директоры.

2016 – 2019 жылдары Май аудандық мәслихат аппаратының құрылымдық бөлімшенің меңгерушісі, бас маман қызметін атқаруда.

Әр жылдары Май ауданы әкімімің «Құрмет граммоталарымен», алғыс хатымен, 2012 жылы мемлекеттік қызметкерлер күніне орай облыс әкімінің алғыс хатымен және 2015 жылы ҚР Президентінің Алғыс хатымен марапатталған.

Үйленген, 4 баласы бар.

 

 

 

Сайлау алды бағдарламасы:

 

 

Кентүбек ауылына үміткер ретінде ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайын одан әрі жақсарта отырып, бірліктерін артыруға мақсаттар қойдым.

Егер сайланған күнде өзіме алдағы уақыттағы келесідей бағыттар бойынша жұмыс атқаратын боламын.

 

1.Ауылдағы жалғыз басты зейнеткерлерге, көп балалы аналарға, туғаннан мүгедек балаларға, жан-жақты атаулы көмек көрсету.

2. Әр түрлі мемлекеттік бағдарламалар жөнінде тұрғындар арасында түсіндірме жүргізу арқылы шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту.

3. Ауылдық округ аумағына қалталы инвесторлар тарту.

4.Ауылды, әр ауланы абаттандыру, көғалдандыру, көшелерді жарықтандыру, ауыл ішіндегі жолдардың жағдайын жақсарту.

5. Ауыл тұрғындарын үздіксіз таза ауыз сумен қамтамасыз ету.

5.«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заң аясында ауыл жастарымен жүйелі жұмыс атқару.

6.Ауылдық округ аумағындағы барлық мемлекеттік мекемелермен және қөғамдық ұйымдармен, қоғамдық кеңеспен тығыз, бірлесіп жұмыс атқару.

7.Ауылдағы мәдениет үйі ошағының ұжымымен бірлесе отырып, ауыл тұрғындарына түрлі мәдени шаралар үйымдастырып отыру.

8. Ауыл тұрғындарын спортқа баулу.

9. Бос тұрған үйлерді бүзуға келісімсіз жол бермеу.

10.Ауылдық округ аумағында қылмыстың алдын алу іс шараларын үйымдастырып назарда үстау.

11. Ауылшаруашылық малдарын бірдейлендіру және ветеринарлық қауіпсіздіқ іс-шараларын өткізу жөнінде әртүрлі ұйымдастыру жұмыстарына көмек көрсету.

12. Қоғамдық күл-қөқыс полигоның ретке келтіру.

13. «Ауылым ел-бесігі» «Рухани жаңғыру» бағдарламалары аясында ауылға елден шыққан бизнесмендерді тарту.

14. Ауылдағы бос тұрған 2-қабат мектеп ғимаратын аудан қажеттілігіне пайдалану жөнінде жолдарын қарастыру.

15. Ауылшаруашылық жерлерін мақсатсыз пайдаланатын және мүлде пайдаланбайтын жер телімдерін мемлекет қорына қайтару.

16. Мектеп ішінен қызығушылық білдірген тұрғындарға компьютерлік сауат ашу және «электронді үкімет» бағдарламасы бойынша кабинет ашу.

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala