Май ауылдық округі әкімі А.Е.Дюсенбаеваның 2019 жылы атқарылған жұмыстарының есеп беру және 2020 жылға арналған жұмыстар туралы баяндамасының ТЕЗИСТЕРІ

Май ауылдық округі әкімі А.Е.Дюсенбаеваның
2019 жылы атқарылған жұмыстарының есеп беру және 2020 жылға арналған жұмыстар туралы баяндамасының
ТЕЗИСТЕРІ

2019 жылдың басында бекітілген және игерілген бюджет сомасы 50 млн 487 мың тенгені құрайды(100%). Оның ішінде ведомствалық мекеме «Балдырған» бөбектер бақшасына» - 27 млн 873 мың тенге.
2019 жылғы 1 қаңтарға қалған қаражат 643 мың 732 тенгені құрайды. Жергілікті өзін өзі басқару шотына түсімдерді жинау жоспары 1 млн 440 мың. тенге, 2019 жылы түсілімдер 1 млн. 956 мың 500 тенгені құрайды. (түсімдерді жинау 136 % орындалды)
Жергілікті өзін-өзі басқару шотынан игерілгені 2 млн. 600 мың. 232 тенге. (100 % игерілді).

Кәсіпкерлік
Май ауылдық округі бойынша 14 жеке кәсіпкерлік субьектілер бар. Оның ішінде: 7 жеке кәсіпкерлер, 7 шаруа қожалығы.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының «Бастау Бизнес» жобасы аясында ауылдық округінің 3 азаматы оқуға қатысып 1 азамат – 100 АЕК, 2 ауыл тұрғындары -200 АЕК мөлшерінде жәрдемқаржы алып, жеке кәсіпкерлігін ашты.
2 жеке тұлға «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 6% үстемемен Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша 3,0 млн тенге сомасында ірі қара мал сатып алу және дамыту үшін несие алды.

Ауыл шаруашылығы
2020 жылғы 1 қаңтарға мал саны: ірі қара мал - 1666 бас, қой және ешкілер – 4137 бас, жылқы - 324 бас.
Ауылдық округ бойынша 97% мал азығы дайындалған. Шөп шабу жұмыстарына 28 трактордан 22 трактор қатысты. Ауылдық округте 28 трактор, 40 тіркеме бар.
КХ «Бейсен» басшысы Карағанды облысынан жалпы сомасы 1,820 т.тенгеге 26 бас қошқар өндіруші сатып алды.

Жер
Май ауылдық округінің территориясының аумағы - 24957,6 га құрайды. Оның ішінде: ауылшаруашылық жерлері - 23491 га: жайылым - 20307 га., шабындық - 565 га., бау-бақша - 34 га., тыңайтылған – 2585 га.
2019 жыл басынан ауылшаруашылық қолданысқа берілген жер аумағы 2132,5 га құрайды.

Ветеринария
Мал шаруашылығын ұйымдастыру бойынша 2019 жылы 100-120 бас ірі қара малдан 2 табын құрылды.
Маусымдық профилактикалық жұмыстар кезінде 2019 жылы бруцеллез ауруына тексеру жүргізілді. Қаңғыбас иттерді ату жұмыстары жүргізіліп отырады, жыл басынан 19 ит атылды.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық,
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары
Ауылдық округ бойынша ұзындығы 8 км. құрайтын 12 көше және 720 м. ұзындықты ауылға кіре беріс жолы бар.
Жолдарды қамтамасыз ету үшін 553 мың тенге бөлініп игерілді.
2019 жылы Май ауылдық округінде магистарльді су құбырының құрылысы бойынша жалпы 9599 км қазылған және 75 құдық құрылды.
Су құбырын үйге кіргізу 98 % құрайды, яғни 129 абонент, 4 пәтерге фундаментке дейін су құбыры өткізілді.

Денсаулық сақтау
Ауылда фельдшерлік акушерлік бөлім қызмет етеді. Штаттық кестеге сай 3 медбибі, 1 санитарлық жұмысшы және 1 автокөлік жүргізуші жұмыс істейді. Бөлімде ауыл тұрғындарын қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ететін дәріхана бар.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандару қорына селолық округ бойынша ұйымдар, шаруа қожалық басшылары, өзін өзі қамтыған азаматтар жарнаны төлеп тұрады.

Әлеуметтік сала және жұмыспен қамту
Әкімшілік, мектеп, ауылдық клуб ғимараттарына мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімділігі ұйымдастырылған.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша
І бағдар: кәсіптік даярлау курсына қатысушы 1 адам.
ІІ бағдар: 2 жеке тұлға 6% үстемемен 3,0 млн тенге сомасында ірі қара мал сатып алу және дамыту үшін несие алды.

Білім беру
Май ауылдық округі бойынша «Май жалпы орта білім беретін мектеп» ММ қызмет етеді, жобалық қуаттылығы 624 орын. Барлығы 11 сынып, оқушылар саны – 96, оның ішінде 1-4 сыныптарда 37 оқушы, 5-9 сыныптарда 45 оқушы, 10-11 сыныптарда 9 оқушы, мектепалды даярлық топта 5 оқушы.
Кабинеттер саны - 17, оның ішінде 1 кабинет жаңа модификациялы (химия). Сонымен қатар информатика, өзін-өзі тану, ұлдар мен қыздарға еңбекке баулу кабинеттері бар.
24 тамызда Май жалпы орта білім беретін мектептің 80 жылдығы аталып өтті. Демеушілік көмек барысында 2 236 000 тенге материалдық техникалық база толықтырылды.
«Балдырған» бөбектер бақшасы» МҚКК. Жобалық қуаттылығы 50 орын. Балабақшада 2 топ бар: «Балапан» аралас топ-15 тәрбиеленуші, «Балдырған» аралас топ - 16 тәрбиеленуші. Ұстаздардың сапалық құрамы: жоғары білімді жоғары білімді-3, арнулы орта білімді-4.

Мәдениет, тілдерді дамыту
Ауылда ауылдық клуб қызмет етеді, штаттық саны клуб директоры, спорт және жастар ісі жөніндегі әдіскер, 7 бірлік теникалық қызметкерлерді құрайды. Клуб қызметкерлері жылдық жұмыс жоспарларына сәйкес ауыл тұрғындарымен іс шаралар өткізеді.
Май ауылдық кітапхана қазіргі уақытта ауылдық клуб ғимаратында орналасқан, 1 кітапханашы жұмыс істейді. 2020 жылғы 1 қаңтарға кітап қоры - 10394 кітап, оның ішінде мемлекеттік тілде - 6556 кітап. Келіп түскен жаңа кітаптар 240, оның ішінде мемлекеттік тілде 195 кітап.

Спорт
Мектеп ғимаратында 1 спортзал, волейбол және футбол алаңы бар.
Аптасына 5 рет ересектерге арналған спортық секциялар өткізіледі.

Ішкі саясат
Май ауылдық округ мекемелерінде Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Ту, стандартқа сәйкес келеді. Түнгі уақытта мемлекеттік рәміздерді жарықтандыру құрылғылары орнатылған.
Талаптарға сай ауыл мешіті жұмыс жасайды.

Мемлекеттік қызметтер
Есептік кезеңде 7 мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның ішінде 7 – «Елді мекендер жерінен құрылысқа жер учаскесін беру».
Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін өзіне өзі қызмет көрсету бұрышы (Интернетке қосылған компьютер) орнатылған.

2020 жылға жобалар:
1. Май ауылының кіре беріс жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу (Жобалық смета құжаттары дайын).
2. Май ауылының ішкі жолдарына (Абылайхан, Баймуратов, Школьная көшелері) жөндеу жұмыстарын жүргізу (Жобалық смета құжаттары дайын).
3. Май ЖОББМ күрделі жөндеу жұмыстары жүргізу (Жобалық смета құжаттары дайын).
4. Ауылға кіре беріс жолға стела орналастыру (Демеушілік көмек).
5. Сабын дайындау өндірісін ашу.
6. Жаңадан шаруа қожалықтарын (2) ашу.

2020 жылға арналған атқарылатын жұмыс жоспары:
1. Ауылдық клуб ғимаратының автономдық қазандық құрылысы, бейнебақылау орналастыру
2. Фелдшерлік акушерлік пункт ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізу
3. Ауыл ішіндегі қалған 9 көше жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу (ЖСҚ жоқ)
4. 2,5 км жазғы су құбырына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala