Көктүбек ауылдық округінің әкімі С.Н. Сагинбаевтың 2019 жылы атқарылған жұмыстарының есеп беру және 2020 жылға арналған жұмыстар туралы баяндамасының ТЕЗИСТЕРІ

Көктүбек ауылдық округінің әкімі
С.Н. Сагинбаевтың 2019 жылы атқарылған жұмыстарының есеп беру және 2020 жылға арналған жұмыстар туралы баяндамасының
ТЕЗИСТЕРІ

Аудан көлеміндегі ең ірі ауылдардын бірі – ол аудан орталығы Көктөбе ауылы.
Ауылдық округ бойынша 1 092 аула құрайды, оларда тұрып жатқан тұрғындар саны 4 230 адам.
Еңбекке қабілетті тұрғындар саны – 2485 адам
Зейнеткерлер - 456 адам
Оқушылар - 621 бала
Мүгедектер – 157 адам.

Кәсіпкерлік
Көктүбек ауылдық округі бойынша 2020 жылдың 1 қаңтарына тіркелген 251 жеке кәсіпкер бар.Оның 120 сауда сату, 25 көлік тасмалы, қалғандар өзге қызмет көрсетумен айналасады. 24 шаруа қожалығы, 23-ы мал шаруашылығымен айналысады. Сонымен катар 2 ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі (АШӨК) бар. Олардың бағыты ет-мал шарушылығы («Май-Коктобе» АӨК басшысы Елемесов А.О., 27 қатысушыдан құрылған және «Май өнімдері» АӨК, негізгі қызметтері- егістік шаруашылығы.)
Қазіргі уақытта Көктөбе ауылдық округінде 2 сауда үйі , 46 дүкен, 2 наубайхана, 4 қоғамдық тамақтандыру орындары бар.
2019 жылғы 25 желтоқсанда «Ertis» Жоғары Инновациялық ауылшаруашылық колледжінің ғимаратында «Балапан» түсіруойын орталығы ашылды.

Ауыл шаруашылық
2020 жылдың 1қаңтарына мал басының саны: ірі қара мал – 4848 бас, ұсақ мал (қой-ешкі) – 16451 бас, жылқы - 3145 бас, құстар – 2620 бас. Ауыл шаруашылық малдарының орындалу саны былтырғы жылмен салыстырғанда ІҚМ 101,0%, қой-ешкі 100,0%, жылқы – 100,0%, құс 100% орындалды.
Округ бойынша ірі қара малды тұқымдық түрлендіруге қатысатын 9 шаруа қожалықтарындағы ( «Абдраманова», «Қарабұлақ», «СоПут», «Берик», «Ажар», «Көктал», «Жанатай», «Тлектес», «Самир») және «Ақжар Өндіріс» ЖШС аналық бастың үлесі 32,0 % құрайды (524/2087).
Жеке меншік аулаларды дамыту мақсатында ауыл шаруашылықты қаржылай қолдау қоры және «Шыған» несиелік серіктестігі арқылы мал алуға және егін салуға 2019 жылы 6 адамға несие берілді. Барлығы 16 млн. 155 мын. тенге.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының ІІ бағыты бойынша 2019 жылы Көктүбек ауылынан 6 адам «Бизнес-Бастау» оқу курсын аяқтап, мал шаруашылығына,бизнесті бастау алу мақсатында несие алды. Барлығы 17 млн. 500 мын.теңге.
«Енбек» бағдарлама бойынша 18 адамға грант берілді.
Көктүбек ауылдық округі бойынша көктем егіс науқанына 5 ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне 109 тонна арзандатылған жанар»-жағармай бөлінді. Оның ішінде 2 ЖШС «Ақжар Өндіріс» - 41 тонна және «Май Агро-М» - 36 тонна, 5 ШҚ «СоПут» - 11 тонна, «Тлектес» - 21 тонна
Көктүбек ауылдық округі бойынша 2019 жылда егістік алаңы – 6290 га жерді құрады, соның ішінде тарының алаңы – 4500 га, арпа – 1190 га, майлы тұқымдастар сафлор – 600 га, көпжылдық дақылдар – 1277 га, біржылдық – 860 га .
Көктүбек ауылдық округі бойынша 3 өңдеу объектілері жұмыс атқаруда, олар: консервілер өңдеу цехі («Ақжар-Өндіріс» АФ» ЖШС)- ассортиментінде консервілердің 11 түрі бар, өндірістік қуаты тәулігіне 1-1,5 тонна өнім, қымыз цехі («Ақжар-Өндіріс» АФ» ЖШС) – 2017 жылы 200 биеге арналған сауын аппараты сатып алынды, ет өңдеу цехі (жеке кәсіпкер Мусапов Б.К.).
(сиыр және жылқы етінің кесек , тұшпара жасаиды. Жобалық қуаттылығы – 5 тонна.)
Әлеуметтік сала
Мүгедектер саны – 164, оның ішінде 1 топтағы мүгедектердің саны – 23, 2 топтағы мүгедектер – 59, 3 топтағы мүгедектер – 64, мүгедек-балалар – 18. Бүгінгі күні жұмыс істейтін 29 мүгедек (9-і – 2 топтағы, 20 – 3 топтағы).
Көктүбек ауылы бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 92 отбасы 403 адам құрайды.
2019 жылы үйлерін жөндеу үшін 3 мүгедекке және 18 жасқа дейінгі мүгедек балалары бар 8 отбасына әлеуметтік көмек ретінде қаражат бөлінді.
Ауыл әкімшілігінің әлеуметтік көмек көрсету мамандарына бекітілген жалғызбасты, сырқат қарттардың жағдайын үнемі бақылауда ұстаймыз. Мамандар ол кісілердің үйлеріне күнара барып, көмектесіп тұрады.

Ауыз су
Көктөбе ауылында 2 КБМ жұмыс істейді сонымен қатар ауыл тұрғындары техникалық су алатын 19 колонка бар. Шыған ауылына аптасына 2 рет ауыз су сейсенбі, сенбі күндері түске дейін, 3 жерге тоқтап құяды. Көктөбе ауылы бойынша кестеге сәйкес 11 көшеге, 3-балабақшаға, Е. Мукашев атындағы мектепке су таситын автокөлік апарып отырады.
Биылғы жылы жазғы судың құбыры жұмыс атқарып 500 астам абоненттерді 4 насос станциялары сумен қамтыды. Бір айлық төлем ақысы 3000 теңгені құрады. Биылғы жылы 2 жаңа насос сатып алынды.
Ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтитын топтық су құбыры «Алвис» ЖШС-гі Көтөбе ауылы бойынша 13 көшеге су құбырын тартып, 142 құдық қойылып, 534 үйге құбыр тартылды. Оның ішінде 179 үйдің іргесіне кіргізілді, 247 үйге нақты кіргізілген, 57 аз қамтылған, жалғыз басты, 1-ші топтығы мүгедек, тыл ардагерлеріне үйінің іргесіне дейін тегін кіргізілді. 51 үйдің ауласына дейін жеткізілді.
Шыған ауылында «Қыстау-Қарағай» ЖШС-гі 700 метр жерін қазып, 4 құдық қойылды

Жол
Көктөбе ауылы бойынша ішкі жолдар үлесі 29 км, 976 м құрайды, соның ішінде асфальталған -8,8 км, құрғақ (грунт) жол 21,62 км, кіреберіс -1,3 км. Көшелерде ішкі жолдарды тегістеу, қардан тазалау жұмыстары жүргізіледі. Ішкі жолдар «Май-сервис» МКК-мен келісім шартқа отырып, Көктүбек ауылдық округі бойынша ішкі көше жолдарына 4 млн 057 тенге жоспарланып, бөлінген толық сомасы игерілді. Келесі жылға 6 көшеге 6 шақырым асфальттау жұмыстарын жүргізуге сметалық жоба дайын.
Абаттандыру
Көктөбе ауылдық округінің ауыл шетіндегі қоқыс төгу орны (свалка) 550 метр қоршауға алынып, қоқыс төгу аланы жалпы 3,5 га толықтай тазартылды. Биылғы жылы Жеңіс паркіне, Ардагерлер аллеясына, Сыздықов скверіне, Жастар паркіне, 660 ағаш шыбықтары егілді оның ішінде топаль, карагач, сосна. Сонымен қатар 4000 «Петуния» гүлдері аудан әкімдігінің алдына және парк, аллея, скверлерге отырғызылды. Жаз айлары бойы Көктөбе ауылы бойынша адам денсаулығына зиянды «Циклахена» сынды өсімдіктерін жұлып, тазалау жұмыстары жүргізілді.

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala