"Май ауданы әкімінің аппараты" ММ «Б» корпусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға Май ауданы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдары, ауыл және ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жарияла

"Май ауданы әкімінің аппараты" ММ «Б» корпусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға Май ауданы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдары, ауыл және ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялау

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметкердің лауазымдық еңбек ақысы:

Санаты

Еңбексiңiргенжылдарына байланысты

 

min

max

E-R-1

142412

192382

E-G-3

127422

172393

"Май ауданы әкімінің аппараты" ММ, 140800, Павлодар облысы, Май ауданы, Көктөбе ауылы, Абылайхан көшесі 34, тел./факс: 8 (71838)91383, электронды поштаның мекен-жайы: kadr.amr@pavlodar.gov.kz, «Б» корпусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға Май ауданы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдары, ауыл және ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:

1. «Май ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі» ММ басшысы, санаты E-R-1 (лауазым индексі 1-12).

Функционалдық міндеттер: Бөлімді басқаруды жүзеге асырады. спорт және туризм саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады; аудан аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді үйлестіреді; аудан аумағында туристік қызмет көрсету нарығына талдау жүргізуді жүзеге асырады; Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де функцияларды іске асырады; қоғамдық ұйымдармен байланыс (ардагерлер кеңесі, әйелдер кеңесі); спорт және туризмге қатысты әкімдік сайтына және әлеуметтік желілерге жариялау үшін материалдар дайындайды;  туризмге саласына қатысты семинарлар ұйымдастырады.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:Білім берусаласындағы(дене шынықтыру және спорт);қызмет көрсету (туризм) мамандығы бойынша жоғары білім.

мынадай құзыреттердің бар болуы:бастамашылық, коммуникативтілік, сараптамалық, ұйымдасқандық, әдептілік,стратегиялық ойлану,көшбасшылық, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, жемқорлыққа шыдамау.

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,  C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі басшылық  лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

 5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;**

7) ғылыми дәрежесінің болуы.**

** Ескертуге: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады.

 

2. «Көктүбек селолық округі әкімнінің аппараты» ММ бас маманы, санаты E-G-3 (лауазым индексі 1-01-5).

Функционалдық міндеттер: Селолық округі бойынша шаруашылықтар кітаптарды жүргізу; өз міндеттерінің шегінде халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетеді; статистикалық есептер жүргізу; селолық округтің әлеуметтік-экономикалық даму барысы жөнінде есептер беру; иессіз нысандарды анықтау және тізімін жасау; селолық округі бойынша тұрғындардың спортқа күштарлығын арттыру жұмыстарын жүргізу.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

3. «Көктүбек селолық округі әкімнінің аппараты» ММ бас маманы (негізгі маман бала күтіміне байланысты демалыс кезеңінде), санаты E-G-3 (лауазым индексі 1-01-6).

Функционалдық міндеттер: Бекітілген кестеге сәйкес заңды және жеке тұлғаларды қабылдауды ұйымдастырады, электрондық мәлімет базасында жазбаша және ауызша үндеулерді есепке алады және тіркейді; талап – арыз жұмыстарын жүргізеді;қабылданатын нормативтік құқықтық актілерге құқықтық талдау жүргізеді, келісімшарртар мен құқықтық актілердің құқықтық сараптауын әзірлейді;құқықтық қамтамасыздандыруды етеді; нормативтіқ құқықтық актілерді сараптамаға және әділет органдарына тіркеуге жібереді; қылмыстық-атқару инспекциясы пробация есепте тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді; өз құзыреті шегінде өндірістік және кәсіпкерлік нысандарының  құрылыс мәселелерді шешеді;салынып жатқан объектілерін сапасының көрсеткіштерін және санын, меншік нысанына қарамастан мониторингін жүргізеді; жылу көздерінің, әлеуметтік сала объектілерін және үй-коммуналдық шаруашылығы нысандарын қысқы жағдайдағы жұмысқа әзірлігін  бақылауды іске асырады; дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асырады, орындалуын бақылайды; халықтың арасында дене шынықтыру және спортпен айналасу жұмыстарын ұйымдастырады; спорттық іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді; кіріс көздерін қалыптастырады.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

4. «Көктүбек селолық округі әкімнінің аппараты» ММ бас маманы(негізгі маман бала күтіміне байланысты демалыс кезеңінде), санаты E-G-3 (лауазым индексі 1-01-7).

Функционалдық міндеттер: Бухгалтерлік есеп жүргізеді; мемлекеттік сатып алу үрдісін жүзеге асыру жұмыстарын орындайды.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:Әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес саласындағы: экономика, есеп және аудит, қаржы мамандығы бойынша жоғары білім.Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес саласындағы: экономика, есеп және аудит, қаржы мамандығы бойынша орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

5. «Қаратерек селолық округі әкімнінің аппараты» ММ бас маманы(негізгі маман бала күтіміне байланысты демалыс кезеңінде), санаты E-G-3 (лауазым индексі 1-01-3).

Функционалдық міндеттер: Өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi; кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді; салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi; кадрлар іс жүргізу жұмыстарын жүргізеді.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

 

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

мынадай құзыреттердің бар болуы:бастамашылық, коммуникативтілік, сараптамалық, ұйымдасқандық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, жемқорлыққа шыдамау.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1)   осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2)   тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейiн бір жұмыс күн ішінде конкурс комиссиясы тапсырылған құжаттарды бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн қарап, конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жiберу туралы шешiм қабылдайды.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде «Май ауданы әкімінің аппараты» ММ-де өтеді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________
 (мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

 

     

Мені___________________________________________________________
____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

     

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________

 

________                                               ____________________________________
  (қолы)                                                                    (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala