Май селолық округ әкімінің 2012 жылы атқарған жұмыстары жөніндегі тезисі

 

Бюджет.

Май селолық округінің бюджетінің көлемі 2012 жылы барлығы 34 млн.925 мың тенгені құрап, оның 99,2 % игерілді.

 

Ауыл шаруашылығы.

Май селолық округінің экономикалық даму қорытындысы бойынша бүгінгі күні ауыл экономикасының аграрлық секторында 1 шаруа қожалығы, 12 жеке кәсіпкерлер жұмыс істейді.

Округ террриториясында 185 жеке аула бар, оның ішінде 135 аула мал ұстаса, ал 50 аула әр түрлі себептермен мал ұстамайды.

Экономиканың нақты секторы ауыл шаруашылығы болғандықтан, аграрлық саясаттың басымды бағыты мал шаруашылығын одан әрі қарай дамыту болып отыр.Өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда ірі қара мал 76 басқа азайып, қой мен ешкі 346 басқа , жылқы 13 басқа  азайып, ал құс 5 басқа көбейіп отыр.Ет өндіру деңгейі-121 пайызға, жүн – 116 пайызға  артық орындалып, ал сүт өндіру – 100 пайызға, жұмыртқа - 100 пайызға  орындалды.

Ағымды жылы бір сиырдан орташа сауылған сүт  мөлшері 2277 кг құрады,бір тауықтан орташа 154 дана жұмыртқа алынды, әр қойдан 1,7 кг жүн қырқылды.

Барлық шаруашылық санатарында алынған төл: бұзау 622 бас, қойы мен лақ 1866 бас, құлын 118 бас, тауық 490 бас құрады.

Май селолық округінде ауыл шаруашылық малдарының ауруларына қарсы ветеринарлық-сауықтыру шаралары өтізіліп отырады. Округ бойынша 36 ірі қара мал бруцеллез ауруына шалдығып, барлығы етке тапсырылды. Биылғы жылы 1200 бас қара мал сырғаланып, дерек базасына енгізілді,835 қой сырғаланып, оның 733 басы деренк базасына ензіліді. Алдағы уақытта қалған барлық ауыл шаруашылық малдарын сырғалау жұмыстары жүргізіліп, дерек  базасына кіргізіледі.

 

Әлеуметтік сала.

Май селолық округі бойынша 185 отбасы, 670 адам, еңбекке жарамды 410 адам, оның ішінде 145 адам жұмыспен қамтылған, Өзін-өзі қамтыған 115% адам, жұмыс орталығында тіркеуде тұрғандар – 23 адамды құрап отыр. Соғыс

ардагері – 1, зейнеткерлер – 89 адам, жалғыз басты – 7 адам тұрады.

2012 жылдың қаңтар айынан бастап 19 жұмыссыздар жұмыспен қамтылды, оның ішінде маусымдық жұмысқа 8 адам орналастырылды.  Атап айтсақ Май жалпы орта білім беретін мектебіне –2 жұмыссыз, дәрігерлік амбулаторияға – 1 жұмыссыз, Мәдениет үйіне – 2 жұмыссыз, әкімшілікке – 2 жұмыссыз, Подстанцияға – 1 жұмыссыздар, КБМ – 1 жұмыссыз, КТЖ – 1 жұмыссыз, Казтелерадио – 1 жұмыссыздар жұмысқа орналастырылды. Оның 3-уі аз қамтылған отбасына жатады. Жұмысқа ең алдымен жұмыспен қамту орталығындағы аз қамтамасыз етілген отбасылар жұмысқа тартылды. Жұмыспен қамту орталығындағы тіркелген 5 жұмыссыз жұмыспен қамтылды.

Жыл басынан 13 жұмыссыз азаматтар қоғамдық жұмысқа тартылды, өткен жылы 26 адам жұмыссыз мекемесіне тіркелсе, биыл 23 жұмыссыздар тіркеліп отыр. 

Селолық округ бойынша 2012 жылы 1 отбасы 4 адам атаулы әлеуметтік көмек алса,18 жасқа дейінгі балаларға берілетін жәрдемақы 2012 жылы 1 отбасы 2 балаға жәрдемақы алып отыр.

Қамқорлық айлығы аясында әлеуметтік жағдайлары төмен отбасыларына, мүгедектерге материалдық көмектер көрсетілді.

 

Білім саласы.

Май жалпы орта білім беретін мектебінде ағымды жөндеу жұмыстары жүргізіліп, мектеп жаңа оқу жылына толығымен дайын.

Мектеп бойынша мұғалімдердің біліктілік деңгейі: жалпы 25 мұғалім, оның 22-і - жоғары білімді, 3-уі – арнаулы орта білімді, оның ішінде 1-уі- жоғары категориялы, 7-уі –1 категориялы, 8-і - 2 категориялы мұғалімдерді құрайды.

Биылғы оқу жылы 106 бала мектепте дәріс алуда. Мектептің жанында интернат қызмет атқарады, онда шалғай ауылдардың және аз қамтылған отбасыларынан шыққан 15 бала тәрбиеленуде.

2012 жылдың жазғы мерзімінде 15 күннен тұратын «Ақ желкен» лагер базасында көп балалы және аз қамтылған отбасыларынан шыққан 10 оқушы тегін демалуы мен сауықтырылуы ұйымдастырылды. Мектеп жанынан жазғы демалыс орнында 15 күннен екі маусым 20 баладан, 40 бала дем алды.

Мектеп жанынан шағын орталығында 2 жастан 4 жасқа дейінгі 33 бала тәрбиеленуде, ал даярлық тобында 10 бала дәріс алуда.

2012 оқу жылының басынан мектеп бойынша 66 пайыз ыстық тамақ ұйымдастырылған.

Биылғы жылы «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы бойынша жас маман математика пәнін мұғалімі келді.

Мектеп компьютерленген, интернетке қосылған, интеративтік тақтамен жабдықталған.

Биылғы жылы білім саласына 1,5 млн.тенге қаражат бөлініп, спорт және актілік залына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді

2011-2012  оқусжылында 7 түлек оқып бітіріп, оның біреуі аудан әкімінің гарна бойынша жоғарғы оқу орнына , арнаулы орта оқу орнына-4 түлектер оқуға түсіп, екеуі әскенри міндеттерін атқаруда.

 

Денсаулық сақтау саласы.

Ауылда бір фельдшерлік акушерлік бөлімшесі халыққа медициналық қызмет көрсетуде.

Фельдшерлік акушерлік бөлімшесінде арнаулы орта білімді 4 медбибі, 1 санитар, 1 автокөлік жүргізушісі, 1 күзетші жұмыс істейді. Фельдшерлік акушерлік бөлімшесі ішінен дәріхана ашылған, қажетті медициналық құралдармен жабдықталған.

Демографиялық көрсеткіштер: 15 сәби дүниеге келді, қайтыс болғандар саны – 6 адам, бүгінгі күнге 4 жүкті әйелдер тіркеуде тұр.

 

Мәдениет саласы.

Мәдениет саласына келетін болсақ бағдарлама бойынша 5 млн. 057 мың тенге қаржы бөлінген.

Мәдениет қызметкерлері өздерінің бекітілген жоспарлары бойынша бағдпарламаларын қойып отырады.Сондай-ақ аудан көлемінде өтетін түрлі сайыс шараларына қатысып, жүлделі орындарға ие. Жоғарыда аталған шараларға зейнеткерлер, ауыл жастары, оқушылар қатысып, өз үлестерін қосуда. Мәдениет үйі компьютермен және телефон жүйесімен жабдықталған.

Ауылымыздағы кітапханада 7614 дана кітап қоры бар, оның ішінде 249 дана жаңадан келіп түскен кітаптар.525 оқырман келіп кітаптар, журналдар алып оқиды.Кітапхана жылда жаңа кітаптармен толықтырылып отырады.

Ауылымыздың тыныс-тіршілігі жөніндегі мақалаларды, өткізілген іс-шаралар жөнінде аудандық «Шамшырақ» газетіне ауылымыздың тілшілері Иманбаев Малғаждар мен Жанакова Нурбиба мақаларын жазып тұрады.

Кітапхана уақытша Мәдениет үйінің бір бөлмесінде орналасқан, компьютер және телефон жүйесімен жабдықталған.

Енбекші бөлімшесіндегі кітапханада 1614 дана кітап қоры бар, оның ішінде 137 дана кітап жаңадан келіп түсті, оқырма саны -50.

Биылғы жылы екі кітапханаға аудандық бюджеттен қаражат бөлініп, оған кітап сөресі, орындық, үстелдер сатып әперілді.

Бүгінгі күнге селолық округ бойынша газет-журнал басылымдарынан төмендегі деңгейде:

Басылымдар атауы

Жоспар бойынша

Орындалғаны

Пайызы

Егеменді Қазақстан

47

47

100

Казахстанская Правда

10

10

100

Сарыарқа Самалы

45

45

100

Звезда Прииртышья

43

43

100

Шамшырақ

60

60

100

Регион

10

11

101

 

Ауылдағы пошта меңгерушісі ауыл тұрғындарына уақытында қызмет көрсетеді, газет-журналдар уақытында таратылады. Енбекші бөлімшесіне зейнетақы тасымалдау жүйесімен атқарылады.

Май селолық округінің территориясында электр жүйесінің торабы жұмыс істейді, онда 5 адам жұмыс істейді.

Ауылдағы байланыс торабында 1 адам жұмыс істейді, округ бойынша 165 телефон орнатылған, оның ішінде Май ауылында -156, Енбекші бөлімшесінде – 9 телефон.

 

Елді мекендерді көркейту және көгалдандыру.

2012 жылы аудандық бюджеттен 657 мың теңге қаражат бөлініп, қираған  үйлер мен ғимараттардың орны тазаланып 378 тонна көң-қоқыс шығарылды. Иесіз қалған үйлер мен ғимараттардың есік-терезелері жабылып, ақталды. Мекемелер алдына  133 түп  (шырша, алма, терек, шетен) ағаштар отырғызылды.

Көшелерді жарықтандыру мақсатында 30 тегін электр шамдары құрылды, оның ішінде Енбекші бөлімшесінде 4 электр шамы құрылды.

 

Ауыз-сумен қамтамасыз ету.

Ауыл тұрғындарын сапалды ауыз-сумен толық қамтамасыз етуде 1 КБМ жұмыс атқарады, онда 3 адам жұмыс істейді. 2012 жылы КБМ-ға 2 млн.800 мың тенген жаңадан фильтр ауыстырылды.

 

2012 жылға қойылған мақсаттар:

1. Ескі мектеп ғимаратынан 50 орынды «Балдырған» бөбектер бақшасын ашу.

2. Мектепке автобуспен қамту.

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala