Аудан аумағында діни жағдай туралы анықтама

Ауданда Әділет басқармасында 9 мешіт тіркелген, барлық мешіттер Әділет басқармасында 2012 жылғы 13-14 қыркүйекте қайта тіркеуден өтті. Мешіт имамдары Қазақстан мұсылмандарының басты діни басқармасында аттестациядан өтіп, сертификат алды. 7 мешіт имамдары Алматы қаласына біліктілігін көтеру курстарына қатысып келді, 2012 жылы қазан айында 7 имам Паволодар көппрофильдік колледжінің заңгер факультетіне түсті.Барлық мешіттер жұмыс істеп тұр.

Аудан аумағында 2011-2012 жылдарға діни экстремизм және терроризм идеологиясына  қарсы ақпараттандыру шаралар жоспар жасалды. Онда діни экстремизмге және терроризм идеологиясына қарсы жұмыстарды бірігіп үйлестіру үшін топтар құру, ресми дін басшыларын әр түрлі ақпараттандыру- насихаттау шараларына тарту, мемлекеттік, білім беру беру мекемелері арасында бірлікті насихаттау жөнінде шаралар өткізу қарастырылған.

«Нұр Отан» ХДП аудандық филиалы, этно-мәдени ұжымдарының мүшелері, дін өкілдері кұрамынан діни экстремизм және терроризм идеологиясына қарсы ақпараттандыру топтары ағымды жылы елді мекендерге шығып тұрғындармен кездесулер өткізді.

Ақпан, сәуір, мамыр айларында аудандық білім  беру мекемелерінде барлығы 13 мектепте оқушылар және ата-аналардың қатысуымен исламдағы теріс бағыттар жөнінде лекция оқылып, слайдтар көрсетілді, әр мектепте сауалнама жүргізілді. Сауалнама сараптамасы білім беру бөлімі және прокуратураға жіберілді.

2012 жылғы 21 мамырда Мәшhұр Жүсіп мешітінің имамы, облыстық  діни істері жөніндегі департаментінің бастығы және аудан мешітінің имамы Көктөбе, Май ауылдарының жастары және тұрғындармен «Ислам. Исламдағы әртүрлі ағымдар»  тақырыбында «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды.

Шілде айында Баскөл   мәдениет  үйінде  жастармен  кездесу ұйымдастырылды. Жиынның мақсаты ауыл жастарын дәстүрлі ислам дінінің құндылықтары арқылы адамгершілікке тәрбиелеп, баулу. Берілген сұрақтарға қанағаттарлық  жауап берілді.

Малайсары ауылында  Алматы қаласындағы «Нұр –Мүбәрак» Египет-ислам мәдениеті университетінің 4 курс студенті  Қасенов Ербол ауыл тұрғындары, жастар, ақпараттандыру топ мүшелерімен кездесіп, теориялық білімін тәжрибе  арқылы жалғастыру мақсатында жергілікті мешітте дәстүрлі діни сауат курстарын өткізетінін айтты.

Тамыз айында Кеңтубек ауылында ауыл тұрғындармен «Зекет қорымен, зекет садақа» тақырыбында түсіндіру әңгімелер жүргізілді.

Қазан айында облыстық және аудандық  мешіттердің имамдары Көктөбе ауылында мектеп оқушылары, кәсіптік лицей студенттерімен «Ислам. Исламдағы негізгі бағыттар» тақырыбында кездесу өткізіп исламдағы бағыттар жөнінде түсініктеме жүргізді. Дін өкілдері жастар арасында өткізілген дөңгелек үстелдерге қатысып тұрады.

Қараша айында № 29 Кәсіптік лицейде студенттермен және жоғары сыныптағы  мектеп оқушыларымен «Хадис ғұрпымыз, сүннет салтымыз» атты дөңгелек үстел ұймдастырылды. Кездесуге барлық  ауыл және селолық округі имамдары  қатысты, қызықты әңгіме айтып, көп сұрақтарға  түсініктеме берді.

2012 жылғы 10 желтоқсанда «Дін саладағы қазіргі замандағы тенденциялар. Этнокофессионалдық мәселелердегі мемлекеттік органдардың және қоғамдық институттардың үлестіруші рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Бұл шараға С. Торайғыров атындағы ПМУ-нің этносаралық және конфессиялық үрдістерді зерттеуледің аймақтық ғылыми – практикалық орталығының директоры С. Тышқанова, доцент, философия ғылымдарының кандидаты М. Қожамжарова, доцент, тарих  ғылымдарының кандидаты Г. Жапекова қатысты. Кездесу «Адасқандар» докумендалдық  фильмнің көсетуімен аяқталды.

Аудан мешіттері «Ислам жән өркениет» газетіне және  «Иман» журналына толық жазылды.

2013 жылғы 5 ақпанда Көктөбе орта мектебінде «Қазақстан конфессия аралық келісім аумағы»  атты мини конференция ұйымдастырылды. Әр селолық округтан 9-11 сынып оқушлары мен дін тану мұғалімдері қатысуымен өткізілді. 22 баяндама оқылды, ұзік оқушыларға 3 номинация бойынша сыйлық берілді.

Ауданның жастары арасында  діни бірлестіктердің қызметі және аудан бойынша конфессиялық қатынастардың жағдайы туралы сауалнама жүргізілді, дәстүрлі діни қатынастар туралы дұрыс жұмыстар жүргізіліп жатқанын көрсетеді. Сауалнама нәтижесінде 84,2 %  сұралғандардың мемлекеттік діни саласындағы саясатын қолдайды.

2013 жылғы 2 тоқсанда аудан тұрғындары мен жастар арасында Қазақстандағы белгілі теологтармен кездесу ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Есепті жылы мұсылман діни бірлестінгінің өкілдері жұма намазы, дәстүрлі салт жораларыды Құрбан айт және Мәуліт, Наурыз мейрамы мәнді күндерін атап өткізді. Осы күндері аз қамтамасыз етілген отбасыларына материалдық және рухани көмек көрсетілді. Кейінгі 3 жылда орыс халқының діни мейрамдарын өткізуге Ақсу қаласы шіркеуінің дін өкілдері шақырылды.

Май ауданы тұрғындарының арасында діни экстремизм және терроризм ұйымдарының ықпалына түскен оқиғалар тіркелмеген.

Ауданда діни тұрақтылық қалыпты жағдайда

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala