Кәсіпкер назарына

«Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 3 000 000 (үш миллион) теңге мөлшерінде мемлекеттік грант бөлу арқылы жаңадан бастаған кәсіпкерлерді қолдау жүзеге асырылады. Павлодар облысында алғаш рет «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде жобаларды ұйымдатстыру мен іске асыру мақсатында мемлекеттік грант беру бойынша конкурс 2015 жылда маусым айында жарияланады. Өткізілетін конкурс қорытындысы әрқайсысына қатысушыға 3 000 000 (үш миллион) теңгеден грант бөлінеді.
2015 жылда 1 маусымнан бастап «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттарды беруді ұйымдастыру және іске асыру мақсатында құжаттарды қабылдауға конкурс жарияланады. Конкурс шарты www.damu.kz  сайтына апта сайынғы негізде жарияланады.
Құжаттарды қабылдау мына мекенжай бойынша: Павлодар қаласы, Ленин көшесі, 61-үй, №101а кабинет, анықтама үшін телефон: 65-30-69.

Конкурс өткізу туралы
хабарландыру
Конкурстың ұйымдастырушысы: Павлодар облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы
Орналасқан жері: Павлодар қаласы; пошталық мекенжайы: Ленин көшесі, 61; электрондық мекенжайы: abutalip.dpp@pavlodar.gov.kz; ,байланыс телефоны 34-42-39, 65-30-69.
Конкурстың мәні: «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде жаңадан бастаған жее кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік грантар беру (өз бизнесін құрұға).
Конкурстың түрі: ашық конкурс
Конкурсқа қатысу шарттары: қайта тіркелген, жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу мерзімі мемлекеттік қолдау алуға өтінген сәтте бір күнтізбелік жылдан кем болмайтын жеке кәсіпкерлік субъектілері конкурсқа қатыса алады.
 Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қабылдау орны:Павлодар қаласы, Ленин көшесі,61,каб.101а
Конкустық құжаттаманы ұсыну тәртібі:конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бекітілген үлгі бойынша өтінімді және конкурстық құжаттаманың толық пакетін көрсетілген мекенжайға өздері,пошта бойынша немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы ұсынады.
Конкустық құжаттаманы қабылдау мерзімі: 2015 жылғы «1» маусым – 2015 жылғы «1» шілде, жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00. дейін (жергілікті уақыт).
Өтінімдерді қабылдауды бастау күні мен уақыты: 2015 жылғы «1» маусым сағат 10.00 (жергілікті уақыт)
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды.
Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен www.damu.kz  сайтында танысуға болады.
Қажетті құжаттар тізбесі:
1.    заңды тұлғаны (жеке кәсіпкерді) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
2.    салық органында есепке қою туралы куәліктің(хабарламаның) көшірмесі;
3.    салықтар, алымдар мен салымдар бойынша бюджетпен есептесулер жағдайы туралы анықтама;
4.    басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен бекітілген, өтінімді тапсыру сәтіндегі жалдамалы жұмысшылардың орташа саны туралы анықтама;
5.    бизнес-жоба;
6.    кәсіпкердің «Бизнес кеңесші» жедел курстарында қысқа мерзімді оқытудан өткендігін растайтын құжаттың көшірмесі;
7.    заңды тұлғалар үшін Жарғының көшірмесі (болған жағдайда);
8.    қызмет түріне лицензия көшірмесі (қажет болған жағдайда);
9.    кәсіпкер атынан өтінімді тапсыру құқығына сенімхат, сенімді тұлға төлқұжатының көшірмесі (заңды тұлға атынан – заңды тұлға бекіткен).

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala