Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қантар № 34 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14810 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 ақпан «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

Май ауданы Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі ММ 2017 жылғы 10 маусым айынан бастап

Көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 8 (сегіз) жұмыс күні.

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;

« Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға мынадай құжаттарды:

 

нақты сатып алынған элиталық тұқымдарға субсидиялар алу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынған элиталық тұқымдарға субсидиялар алуға арналған өтінімді;

майлы дақылдардың, көпжылдық және біржылдық шөптердің, арпаның, күріштің, картоптың және мақтаныңнақты сатып алынған бірінші көбейтілген тұқымдарына (бұдан әрі –бірінші көбейтілген тұқымдар) субсидиялар алу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынған бірінші көбейтілген тұқымдарға субсидиялар алуға арналған өтінімді;

жүгерінің, қант қызылшасының, рапстың, күнбағыстың және мақтаныңнақты сатып алынған бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарына (бұдан әрі – бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары) субсидиялар алу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынған бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарына субсидиялар алуға арналған өтінімді;

нақты сатып алынған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттеріне (бұдан әрі – элиталық көшеттер) субсидиялар алу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынған элиталық көшеттерге субсидиялар алуға арналған өтінімді;

9) сатып алынған элиталық тұқымдарға немесе біріші көбейтілген тұқымдарға және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарына тиесілі субсидиялар алу үшін (элиттұқымшарға немесе тұқымшарға субсидиялар алу құқығы берілген жағдайда) осы мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартына 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша элиталық тұқым шаруашылығы немесе тұқым шаруашылығы арқылы берілген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өтінімдері негізінде қалыптастырылған жиынтық өтінімді ұсынады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды:

1) көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде өтініштің көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты, құжаттарды қабылдаған лауазымды түлғаныңтегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы қағаз жеткізгіштегі белгі өтінімнің қабылданғанын растайтын дәлел болып табылады;

2) Мемлекеттік корпорацияға тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;

Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беруді жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде (не нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкіліне, өкілдігін растайтын құжат бойынша заңды тұлғаға) қолхат негізінде оның жұмыскеріжүзеге асырады.

Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінімді қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala