ГАЗ ҚАУІПТІ!

Әр затты дұрыс пайдалану жөнінен қалыптасқан ереже бар. Сол ережені уақытылы дұрыс сақтамайтынымыз өкінішті. Осы табиғи отынды қолданып жүргендердің сәл салғырттықа жол берген шақта қауіпті жағдай туатынын білмейді деп айта алмаспыз. Біледі, біле тұра кей уақытта салғырт-салақтыққа жол береді. Газ пешін, оның баллондарын орнату кезінде білікті мамандарға жүгінген жөн. Әсересе, пешті орнатуға келгенде әркімнің өзіде білгірлік танытуы дұрыс емес.
Газдың сыртқа шығуының негізгі себептері:

  • жалғастырушы түтіктің ақаулары;
  • түтіктің редуктормен және газ құрал-жабдығымен нығыздап жалғанбауы;
  • бұрандалы жалғастырушылардың нығыз еместігі;
  • майлайтын жабдықтардың нығыздап қатайтуындағы шүмектердің жалғастырушы сабақтарының тығыз еместігі;
  • оттыққа сұықтың құйылуы немесе жел өшіргенде газдың шығуы;
  • оттықты дұрыс тұтандырмау.

Газ ошағы:

  • газ ошағын тек жақсы желдетілген үй-жайда пайдалануға болады;
  • газ ошағының ішкі қуысының оттығын тұтатарда оның есігін бірнеше рет ашып-жабу арқылы желдету қажет.
  • Газды жағарда алдымен жанып тұрған шырпыны оттыққа жақындатыңыз, сосын шүмекті ашыңыз.
  • Түбі аумақты ыдысты қақпаққа қоярда кең қабырғалы тіреуді пайдалану қажет.

Газ баллоны:

  • бұрандалы қосылған жерді және баллонның редуктормен жалғасқан жерді сабын көбігімен үнемі тексеріп тұрыңыздар.
  • жалғастырушы түтіктің дұрыс қосылғанын қадағалаңыз.

Газ баллонының қақпағы:

  • газ баллонды ауыстырғанда немесе оған газ толтырғанда қақпақтың саңлаусыз жабылуын тексеруді талап етіңіз.
  • Нығыздаушы шығыршықтың жай-күйін үнемі тексеріңіз.
  • Дұрыс шығыршықта жарық, кесінді, кедір-бұдыр болмауға тиіс.

Міне, осындай қарапайым қағидаларды орындаған адам көптеген қауіпті жағдайдан қорғанады.

Май ауданының ТЖБ
аға инженері
А.Адамжанов

 

 

 

 

 

 

 

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala