Адамдардың жаппай жиналатын орындарының өрт қауіпсіздігі!

Адамдардың жаппай жиналатын орындарының категориясы айтарлықтай көп. Оларға өрт қауіптілігі жағынан әртүрлі үймереттер мен ғимараттар жатады: кинотеатрлар, концерт залдары, клубтар, спорттық ғимараттар, сауда орындары, қонақ үйлер, ауруханалар, қарттар үйлері, білім беру объектілері.

Берілген санат объектілеріндегі өрт қауіпсіздігі бойынша нормативтік құжаттармен адамдардың қауіпсізідігін қамтамасыз етуге бағытталған талаптар қатаң қарастырылған, сонымен қатар берілген объектілеріндегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндетті лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі де жоғары.
Жаппай адамдар болатын әрбір объектінің негізгі мақсаты адамдардың қауіпсіздігі және өрт кезінде мүліктің қорғанысын, өрттің алдын алу болып табылатын өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі болуы керек. Алғашқы өрт сөндіру, өртке қарсы қызметтін шақырту үшін байланыс құралдарымен және автоматтандырылған өрт дабылы жүйесімен жабдықталған, өрт сөндіру және адамдарды хабарландыру құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс.
Ерекше назар эвакуация жолдарына бөлінуі керек. Декоративті өндеу, қаптау материалдарын және өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмейтін еден қаптауын қолдануға болмайды, сауда құрылғылары эвакуациялық шыға беріс жолына қатардан екі метрден кем емес қашықтықта орналасуы керек.
Сауда жабдықтары эвакуациялық шығу жолдарына қатар жағалай еркін өту жолдарының ені 2 метрден кем емес қамтамасыз ету ескеріле отырып, орналастырылуы керек. Эвакуация жолдарында және баспалдақ бойында сағат жөндеу пунктерін, киосктер, ойын, сауда аппараттарын орналастыруға болмайды.
Өртке қарсы су өткізу жүйесі, яғни өрт гидранттары мен өрт крандары үнемі жұмыс қалпында тұруы керек, жылына екі рет (көктемде, күзде) су жіберуге және жұмыс істеуіне тексерілуі тиіс. Монтаж, баптау, электр құрылғыларын және электр жүйелерін пайдалану, сонымен қатар олардың техникалық жағдайына бақылау орнату электр құрылғыларын орнату ережелерімен және тұтынушылардың электр құрылғыларын техникалық пайдалану ережелерімен сәйкес жүзеге асады.
Өрт қауіпсіздігің негізгі мақсаты - адамдардың жаппай жиналатын орындарының қызметшілерге және жекеменшіктің жауапкершілікті жағарылау.
Өкінішке орай, бизнестің кейбір өкілдері өрт қауіпсіздігіне тиісті көңіл бөлмейді. Заңға сәйкес кез келген объектіде өрт қауіпсіздігіне жауапты басшы екенін естеріңізге саламыз.
Сонымен қоса, басқарушылар және жекеменшіктер персоналды оқытуға қатаң қарау керек, олар өрт болған жағдайдағы іс-әрекетті білу керек.
Осы тақырыпқа көп айта беруге болады. Бірақ, адамдар өз қауіпсіздігіне көзқарастарын өзгертпей, жағдайды өзгерте алмаймыз.

Май ауданының ТЖБ
М.Хамзин

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala