«Сыбайлас жемқорлықпен күрес»

Сыбайлас жемқорлық құбылыс ретінде әлемдегі елдердің барлығына жағымсыз таныс. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық құбылыстары минималды болған мемлекеттер ғана нағыз экономикалық гүлденуге қол жеткізе алады. Егер қылмыс түрлерінің бір ғана түрі болып келетін, қарабайыр параны сыбайлас жемқорлық ретінде түсінсек қате болар еді. Сыбайлас жемқорлық бүгінгі таңда өз пайдасы үшін, заңды аттап өтіп, материалды және заңды артықшылыққа ие болу, сондай-ақ, жергілікті жекеше мәселелерін «өзінің» адамдары арқылы шешу болып келеді. Сыбайлас жемқорлық – дегеніміз, әдетте, қоғам қызығушылықтарына, ұлттық мемелекет қауіпсіздігіне қайшы келетін, жеке басының пайдасы үшін мемлекеттік функцияларды қолдану болып келеді, одан басқа түк емес. Және де ең бастысы – ап-анық жағымсыз жемқорлық салдарының болуы, олар: мемлекеттік қызмет көрсету сапасының төмендеуі, көлеңкелі экономиканың өсуі үшін алғы шарттардың жасалуы, қылмыстық құрылым позицияларының нығаюы, халықаралық лаңкестік пен экстремизм. Қазақстан үшін, мемлекет Елбасы- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басымдылығын анық көрсеткен, сыбайлас жемқорлықты жеңу, мемлекеттік саясаттың ең басты бағыттарының бірі болып саналады. Сыбайлас жемқорлықты тиімді тежеу ғана – көпшілік мойындаған құқықтық мемлекет құру шарты болып келеді.

Железин ауданың ТЖ бөлімі

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala