Өрт қауіпсіздігі пешті пайдалануы және құрастыруы туралы ескерту

Май ауданының төтенше жағдайлар бөлімі өртті болдырмау, жылыту пешті пайдалану және құрастыру, оларды қайғылы салдарда өрт қауіпсіздігі шараларын еске түсіреді:

-          жылу беру уақытына дейін пеш пен басқа жылу беру құралдарын тексеріп, қажет болса жөндеу, майлау, ағарту жұмыстарын жасау және түтін өтетін жолын ыстан тазарту керек;

-          әрбір пештің өзіне тән құбыры немесе аңғары болуын қадағалау;

-          пештің түтін шығатын аңғарында, бақтағы жұмысшылар, екі мықты ысырманы құруын қадағалауға тиісті, бір ысырманың тесігінің диаметірі 15мм;

-          түтін шығатын құбырдың ұзындығы 5 м етіп қабылдау керек;

-          пешті тек ересек адамдар ғана тамызу керек, балалар мен жарымжандарға, мас күйдегі адамдарға от жағуды және оны қарауды тапсыруға болмайды;

-          пеш алдында орнатылатын 50*70 көлемді қағылған қаңылтыр үстінде ағаш және басқа жаңғыш материалдарды қалдыруға болмайды.

-          пештің есігіне қарама-қарсы қабырға 1250мм қашықтықта тұру керек;

-          пешті бензинмен, керосинмен, соляркамен және басқа жылдам жаңғыш сұйық заттармен жағуға болмайды. Бұл өте қауіпті;

-          пешті қатты қыздыруға, үзбей жағуға болмайды, отты жағу 3 сағаттан аспау керек;

-          жиһаздарды, басқа да жанғыш заттарды пешке жақын қоюға болмайды;

-          киім, ағаш және басқа жаңғыш материалдарды пештің үстіне және жанында кептіруге болмайды, қауіпті,

-          өрт болса «101» телефонын соғу керек;

-          өрт сөндірушілер келгенше дейін, мүліктер мен адамдарды шығарып, ұйымдастырып қою керек;

-          өртті қолда бар заттармен өшіре беруге тырысу керек;

Есте сақтаңыздар, өртті болдырмауоңай, оны өшіргенше.

Майауданының ТЖБ

А.Адамжанов

 

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala