Май ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы ұжымының қоғамдық жұмыстарға және спорқа қатысуы туралы

Жыл сайын Май ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы ұжымының қызметкерлері «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысып, аз қамтылған бір жанұяның баласына спорттық формамен және аз қамтылған бір отбасына көмір, ағаш отынын алуға жәрдемдесіп қайырымдылық көмегін көрсетеді.

Бұл іс - шара жыл сайын «Қайырымдылық іс» акциясын іске асыру шеңберінде аудан аумағында өткізіледі. Май ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ұжымы осындай акцияларға үлкен құлшыныспен қатысады. "Қайырымдылық іс" қазақ халқының бірлігі, бірінші жағынан қамқорлық көрсетудің көрсеткіші болса, екінші жағынан, халықтың белсенділігін дамытуға атсалысады.

Әлеуметтік маңызды немесе қызықты жобаларға қатысу адамдарды біріктіретініне, белсенді өмірлік ұстанымды танытуға, болып жатқан жағдайларға бей-жай қарамайтынына сенім бар, ал бұл өте маңызды.

Басқарма басшысы Масалимов Т.Н. спортқа көп көңіл бөледі, салауатты өмір салтының және дене шынықтыру мен спортпен белсенді айналысудың маңыздылығына көп назар аударады. Мемлекеттік кірістер басқармасының спортшылары соңғы екі жылда облыстың қалалары мен аудандарында өткізілетін барлық спорттық іс-шараларға белсенді қатысты. Бұған дәлел ретінде мемлекеттік қызметшілер арасындағы спорттық жарыстар бойынша (волейбол, футбол) жалпы командалық есепте және 2017-2018 жылдары жүлделі орындар болып табылады және басқарма басшысының екі дүркін үстел теннисынан, бильярдтан бірінші орындар алғаны. Басқарма басшылығының негізгі мақсаты салауатты өмір салтын жүргізуді насихаттау, қызметкерлер арасында дене шынықтыру мен спортты дамыту, ұжымды біріктіру болып табылады.

Май ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерінің айтуынша, командалардың жаттығулары аудан орталығындағы спорт кешенінде тұрақты түрде өтіп тұрады.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Май ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ұжымы қоғамдық жұмыста ғана емес, өз жұмысының жақсы нәтижелерімен лайықты қарсы алатынына сенімді. Айта кетсек ағымдағы жылдың 11 айы бойынша аудандық бюджетке - 509532мың.теңгенің орнына 538413мың.теңге сомасына салықтар мен төлемдердің түсуі қамтамасыз етілді, болжамды 106% орындады немесе 2017 жылдың түскен түсімінен 78294 мың. теңгеге артық.

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің құрылымдық бөлімшелері (қалалар мен аудандар) арасында 2017-2018 жылдар аралығындағы әр тоқсан сайынғы рейтинг көрсеткіштері бойынша Май ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы бірінші орынға ие болып келеді.

Май ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының салықты әкімшілендіру бөлімінің басшысы

М.Аубәкірова

 

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala