Көпшілік талқылау

«Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Май ауданының жергілікті атқарушы органдарының 2017 жылдағы мемлекеттік қызметтер бойынша есебі

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының 23 бабы 6-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерге жылына кемінде бір рет жария талқылаулар өткізеді.
Май ауданының атқарушы органдарымен мемлекеттік қызметтердің 95 түрі көрсетіледі.
2017 жылдың 12 айында Май ауданының жергілікті атқарушы органдарымен жалпы 11170  қызмет көрсетілді, оның ішінде:
- қызмет берушілермен қамтамасыз етілген (мелекеттік корпорацию қоспағандағы) қағаз түрінде – 547;
- қызмет берушілермен қамтамасыз етілген (мелекеттік корпорацию қоспағандағы) қағаз түрінде, бірақ "электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы немесе мелекеттік корпорацию арқылы–5180;
- ақпараттық жүйе арқылы – 5443.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша қабылданған түсіндіру шараларының саны - 39.
Ең сұратылатын қызметтер - Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру және ветеринариялық анықтамалар беру, ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет стандарттары мен нормаларының талаптарын бұзған жоқ.

 

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala