«ҚАРАТЕРЕК СЕЛОЛЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» ММ

«Қаратерек селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Аудан әкімі 2010 жылғы 24 қарашадағы «Май ауданының басқару схемасы мен аудан бюджетінен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың құрылымы туралы» №292/11 қаулысымен бекітілген.

Мемлекеттік мекеменің қызметтері

Заңды және жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Президенттің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, орталық және жергілікті атқарушы органдардың нормативтік-құқықтық актілерін орындауына жәрдем көрсету.

Әкімдері болып табылатын, аудандық мәслихатқа бекітуге бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, қатысады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекіткен Реестірі бойынша тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетеді.

Жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен іс-әрекет жасайды.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мекемелерінің іс-қимылын қамтамасыз етеді.

 

БыхинЕ.ЕҚаратерек селолық округінің әкімі – Ермек Елеуұлы Быхин.
1961 жылдың 04 қазан айында Павлодар облысы, Май ауданы, Ақшиман совхозында дүниеге келді.
Жоғары білімі бар: 1995жылы, Семейдің зоотехникалық малдәрігерлік институты «Зооинженер» мамандығы бойынша бітірген, 2004 жыл, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «Бакалавр заңгер» мамандығы бойынша бітірген
Еңбек жолын 1981 жылы Джамбул ат. совхоздың №2 бөлімшесінің ауылшаруашылық бригадирі ретінде бастаған. 03.1984-08.1984 Джамбул ат. совхоздың құрылыс жұмысшысы. 09.1984-10.1986 «Овцесовхоз «Акжарский» жүргізуші, Май ауданы . 10.1986-10.1991 «Овцесовхоз «Акжарский» №2 бөлімшесінің зоотехнигі, Май ауданы. 10.1991-03.1993 «Овцесовхоз «Акжарский» көлік гаражінің жүргізушісі, Май ауданы. 03.1993-10.1994 «Овцесовхоз «Акжарский» ауылшарушылық цехының меңгерушісі, Май ауданы. 10.1994-05.1995«Овцесовхоз «Акжарский» зоотехник-селекционері, Май ауданы. 10.1994-05.1995 «Овцесовхоз «Акжарский» бас зоотехнигіселекционері, Май ауданы. 10.1996-11.1997 «Овцесовхоз «Акжарский» МТМ меңгерушісі, Май ауданы . 11.1997-12.2006 Павлодар облысының ІІД қызмет, үзіліссіз 9 жыл, 01 ай, 08 күн. 01.2008-03.2011 «Майский» бақылау постының қараушы-жөндеуші. 07.2011-11.2013 Майтүбек жалпы орта білім беру мектебінің шаруашылық мәселелері жөніндегі меңгеруші. 11.2013-12.2016 Майтүбек жалпы орта білім беру мектебінің 0,5 ставкадағы электригі. 12.2016-11.2017 Қаратерек селолық округі әкімінің м.а.. 11.2017 қазіргі уақытта Қаратерек селолық округі әкімі.

 

Лауазымдық міндеттері:

Осы мақсатта селолық округ әкімі:

1. Аудан әкімдігіне мемлекеттік мекеменің ережесін бекітуге ұсынады;

2. Мемлекеттік мекемеде ішкі еңбек тәртібін бекітеді;

3. Мемлекеттік мекеменін шығыс сметасын бекітеді және оның шегінде қаржы құжаттарына иелік етеді;

4. Мемлекеттік мекеме бойынша нұсқама бекітеді;

5. Мемлекеттік мекеме жұмысшыларының функционалдық міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

6. Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес мемлекеттік мекеме жұмысшыларын лауазым орындарына тағайындайды және босатады;

7. Заңда белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік мекеменің жұмысшыларын тәртіптік жауапкершілікке тартады;

8. Мемлекеттік мекеменің құзырына кіретін сұрақтар бойынша белгіленген тәртіпте мәжіліс өткізеді;

9. Мемлекеттік органдарда және басқа ұжымдарда мемлекеттік органды ұсынады;

10. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттілігін жүзеге асырады.

11. Өз құзыреті шегінде жемқорлыққа қарсы әрекет етуге міндетті, және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңдылығының талаптарын оның қарамағындағы тұлғалар бұзғаны үшін жауапты болады.

Қабылдау сағаттары – жұма сайын, бейсенбі күні 16.00-18.30 дейін

Мекен – жайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Май ауданы, Қаратерек ауылы, Баймуратов көшесі, 21 үй

Байланыс телефондары: (871838)97-266, 97-339

Электронды адрес:  karaterekakimat@mail.ru

 

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala