«МАЙ СЕЛОЛЫҚ ОКРУГ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» ММ

«Май селолық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі Аудан әкімі 2010 жылғы 24 қарашадағы «Май ауданының басқару схемасы мен аудан бюджетінен  қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың құрылымы туралы» № 292/11 қаулысымен бекітілген. 

 Мемлекеттік мекеменің  қызметтері

Заңды және жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Президенттің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, орталық және жергілікті атқарушы органдардың нормативтік-құқықтық актілерін орындауына жәрдем көрсету.

Әкімгері болып табылатын, аудандық мәслихатқа бекітуге бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, қатысады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекіткен Реестірі бойынша тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетеді.

Жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен іс-әрекет жасайды.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мекемелерінің іс-қимылын қамтамасыз етеді.

 

БайгалиевН.БМай селолық округінің әкімі – Нұрлыбек Бейсенұлы Байгалиев.
1974 жылдың 25 қаңтары айында Павлодар облысы, Май ауданы,Май совхозында дүниеге келді.
Жоғары білімі бар: 2002 жылы, «Болашақ» Қарағанды актуалды білім беру институтын «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1991 жылы Май АТП слесарінің көмекшісі ретінде бастаған. 23.05.1992-23.11.1993 Служба в СА. 20.12.1993-25.07.1994 Слесарь – Майское АТП. Уволен по ст.32 КЗОТ Республики Казахстан. 15.08.1994-05.09.2000 Слесарь 4 разряда – Майское АТП. 05.09.2000-30.06.2017 ИП «Жумабаева». 06.2015-31.07.2017 Глава КХ «Бейсен». 21.08.2017-06.07.2018 И.о. акима Майского сельского округа ГУ «Аппарат акима Майского сельского округа». 06.07.2018 по наст.время Аким Майского сельского округа ГУ «Аппарат акима Майского сельского округа».

 

Лауазымдық міндеттері:

Осы мақсатта селолық округ әкімі:

1.Аудан әкімдігіне мемлекеттік мекеменің ережесін бекітуге ұсынады;

2.Мемлекеттік мекемеде ішкі еңбек тәртібін бекітеді;

3.Мемлекеттік мекеменің шығыс сметасын бекітеді және оның шегінде қаржы құжаттарына иелік етеді;

4.Мемлекеттік мекеме бойынша  нұсқама бекітеді;

5.Мемлекеттік мекеме жұмысшыларының функционалдық міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

6.Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес мемлекеттік мекеме жұмысшыларын лауазым орындарына тағайындайды және босатады;

7.Заңда белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік мекеменің жұмысшыларын тәртіптік жауапкершілікке тартады;

8.Мемлекеттік мекеменің құзырына кіретін  сұраұқтар бойынша белгіленген тәртіпте мәжіліс өткізеді;

9.Мемлекеттік органдарда және басқа ұжымдарда мемлекеттік органды ұсынады;

10.Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттілігін жүзеге асырады.

11.Өз құзыреті шегінде жемқорлыққа қарсы әрекет етуге міндетті, және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңдылығының талаптарын оның қарамағындағы тұлғалар бұзғаны үшін жауапты болады.

Қабылдау сағаттары – апта сайын: сәрсенбі, жұма  – 15.00-ден  18.00  сағатқа дейін.

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Май ауданы, Май ауылы, Абылай Хан көшесі, 13.

Телефон/факс: 8 (718 38) 98 2 10.

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala