«МАЙТҮБЕК АУЫЛЫ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» ММ

Мемлекеттік мекеменің қызметтері

Заңды және жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Президенттің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, орталық және жергілікті атқарушы органдардың нормативтік-құқықтық актілерін орындауына жәрдем көрсету.

Әкімгері болып табылатын, аудандық мәслихатқа бекітуге бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, қатысады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекіткен Реестірі бойынша тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетеді. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен іс-әрекет жасайды.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мекемелерінің іс-қимылын қамтамасыз етеді.

 

КайкенЕ.АМайтүбек ауылының әкімі – Ерғанат Аязбиұлы Қайкен.
1991 жылдың 07 қазан айында Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Есілбай ауылында дүниеге келді.
Жоғары білімі бар: 1993 жылы, 2010 жылы, Инновациялық Еуразия университеті «құқықтану бакалавры» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2010 жылы Павлодар облысы Әділет департаментінің инспекторы ретінде бастады. 28.02.2012-30.07.2012 Май аудан Әділет басқармасының жетекші маманы, Көктөбе ауылы. 30.07.2012-01.04.2014 Май ауданы Әділет басқармасының бас маманы, Көктөбе ауылы. 01.04.2014-21.12.2016 Щарбақты ауданы Әділет басқармасының бас маманы. 12.01.2017-27.03.2017 Май ауданының білім бері бөлімінің бас маманының м.а. 28.03.2017-21.08.2017 «Май ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бас маманының м.а.. 21.08.2017-17.04.2018 Майтүбек ауылы әкімінің м.а. «Майтүбек ауылы әкімінің аппараты» ММ. 17.04.2018 қазіргі уақыттаМайтүбек ауылының әкімі, «Майтүбек ауылы әкімінің аппараты» ММ

 

Лауазымдық міндеттері:

Осы мақсатқа ауыл әкімі:

1. Аудан әкімдігіне мемлекеттік мекеменің ережесін бекітуге ұсынады;

2. Мемлекеттік мекемеде ішкі еңбек тәртібін бекітеді;

3. Мемлекеттік мекеменің шығыс сметасын бекітеді және оның шегінде қаржы құжаттарына иелік етеді;

4. Мемлекеттік мекеме бойынша нұсқама бекітеді;

5. Мемлекеттік мекеме жұмысшыларының функционалдық міндеттері мен өкілеттерін анықтайды;

6. Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес мемлекеттік мекеме жұмысшыларын лауазым орындарына тағайындайды және босатады;

7. Заңда белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік мекеменің жұмысшыларын тәртіптік жауапкершілікке тартады;

8. Мемлекеттік мекеменің құзырына кіретін сұрақтар бойынша белгіленген тәртіпте мәжіліс өткізеді;

9. Мемлекеттік органдарда және басқа ұжымдарда мемлекеттік органдарды ұсынады;

10. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттілігін жүзеге асырады.

11. Өз құзыреті шегінде жемқорлыққа қарсы әрекет етуге міндетті, және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңдылығының талаптарын оның қармағындағы тұлғалар бұзғаны үшін жауапты болады.

Қабылдау сағаттары – апта сайын: сәрсенбі, жұма – 15.00-ден 18.00 сағатқа дейін.

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Май ауданы, Майтүбек ауылы, Целинная көшесі,277

Телефон: 8 (718 38) 90-2-21.

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala