«САТЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» ММ

«Саты селолық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі Аудан әкімінің 2010ж   24 қарашадағы «Май ауданының басқару схемасы мен аудан бюджетінен  қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың құрылымы туралы» № 292/11 қаулысымен бекітілген. 

Мемлекеттік мекеменің  қызметтері

Заңды және жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Президенттің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, орталық және жергілікті атқарушы органдардың нормативтік-құқықтық актілерін орындауына жәрдем көрсету.

Әкімгері болып табылатын, аудандық мәслихатқа бекітуге бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, қатысады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекіткен Реестірі бойынша тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетеді.

Жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен іс-әрекет жасайды.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мекемелерінің іс-қимылын қамтамасыз етеді.  

Саты селолық округінің әкімі – Әсет Қабдылұлы Дүсіпов.
Дюсупов1961 жылдың 22 ақпан айында Павлодар облысы, Май ауданы, Жалтыр совхозында дүниеге келді.
Жоғары білімі бар: 1993 жылы, Қазақ мемлекеттік техникалық университетін «инженер-механик» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1980 жылы, Жалтыр совхозы ауылшаруашылық механигі ретінде бастады. 04.1981-05.1983 Совет Армиясы қатарында міндетін атқарды, Германия. 06.1983-08.1986 тМТШ-ның меңгерушісі, Жалтыр совхозы Май ауданы Павлодар облысы. 08.1986-07.1997 МТШ-ның бас инженері, Жалтыр совхозы Май ауданы Павлодар облысы. 11.1997-03.1999 Директор, «Қамқор» АҚ, Май ауданы Павлодар облысы. 04.1999-02.2007 Басшы, «Алмаз-Әулие» ШҚ, Май ауданы Павлодар облысы. 02.2007-05.2008 Бөлім бастығы, «Казахавтодор» РМК ПОФ №85 жол пайдалану учаскесі, Май ауданы Павлодар облысы. 05.2008-03.2010 Басшы, «Алмаз-Әулие» ШҚ, Май ауданы Павлодар облысы. 03.2010-11.2010 Бас эксперт, Май аудандық мәслихат аппаратының ревизиялық комиссиясы, Павлодар облысы. 11.2010-01.2013 Әкім, Малайсары селолық округі, Май ауданы Павлодар облысы. 01.2013- 08.2013 Әкім, Көктүбек селолық округі, Май ауданы Павлодар облысы. 08.2013-09.10.2013 әкімнің уақытша міндетін атқарушы, Көктүбек селолық округі. 09.10.2013-02.12.2016 Көктүбек селолық округінің әкімі, Май ауданы, Павлодар обл. 05.12.2016-06.2017 Саты селолық округі әкімінің м.а., Май ауданы, Павлодар обл. 06.2017-Қазургі уақытта Саты селолық округінің әкімі, Май ауданы, Павлодар обл.

 

 Лауазымдық міндеттері:

1.Аудан әкімдігіне мемлекетті кмекеменің ережесін бекітуге ұсынады;

2.Мемлекеттік мекемеде ішкі еңбек тәртібін бекітеді;

3.Мемлекеттік мекеменің шығыс сметасын бекітеді және оның шегінде қаржы құжаттарына иелік етеді;

4.Мемлекеттік мекеме бойынша  нұсқама бекітеді;

5.Мемлекеттік мекеме жұмысшыларының функционалдық міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

6.Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес мемлекеттік мекеме жұмысшыларын лауазым орындарына тағайындайды және босатады;

7.Заңда белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік мекеменің жұмысшыларын тәртіптік жауапкершілікке тартады;

8.Мемлекеттік мекеменің құзырына кіретін  сұраұқтар бойынша белгіленген тәртіпте мәжіліс өткізеді;

9.Мемлекеттік органдарда және басқа ұжымдарда мемлекеттік органды ұсынады;

10.Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттілігін жүзеге асырады.

11.Өз құзыреті шегінде жемқорлыққа қарсы әрекет етуге міндетті, және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңдылығының талаптарын оның қарамағындағы тұлғалар бұзғаны үшін жауапты болады.

Қабылдау сағаттары – апта сайын: сәрсенбі, жұма  – 15.00-ден  18.00  сағатқадейін.

Мекен-жайы: ҚазақстанРеспубликасы, Павлодар облысы, Май ауданы, Cаты ауылы, Исатаев көшесі, 12.

Телефон/факс: 8 (718 38) 40 400,40401.

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala