Ақжар ауылы әкімінің 2012 жылғы жылдық есебі

Құрметті ауылдастар!

                Өткен жыл еліміз үшін елеулі жыл болды.

                Тәуелсіздігіміздің 21 жылдығын атап өттік. Тарихи 21 жыл ішінде еліміз дамудың бұрын ешкім баспаған тың жолын өтті. «Әуелі экономика, сонан соң-саясат » деген Президенттің ұранымен біртіндеп бүгінгі күнге лайық демократиялық мемлекеттің жаңа моделі жасалды. Ел басшылығы бұл модельді нарықтық қатынастар негізінде жетілдіріп , дамудың «Қазақстан жолы» деп атады. Еліміздің өткен қаржы дағдарысынан аман шығуы, экономикасын кері кетіріп алмай, нығая түсуі осы шаралардың арқасы.

Құрметті ауылдастар !

Ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайы.

Ақжар ауылы бойынша 137 отбасы тұрады

Халқының саны бүгінгі күнге - 630 - адамнан тұрады.

Оның ішінде

Зейнеткер  - 49

Студентер   -  22

Оқушылар -90

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар - 22

Оның ішінде мүгедек балалар – 1

Батыр аналар «Алтын алқа»  - 16

Батыр аналар «Күміс алқа» -  15

Ауган соғысына қатысқандар -  2

Тыл ардагерлері - 3

                2011 жылдың қаңтар айынан бастап әр-түрлі сұрақтармен ауыл әкімінің қабылдауында жеке қабылдауда 178 адам болды. Көтерілген   мәселе бойынша түсініктеме жұмыстары жүргізіліп, қойылған сұрақтар бойынша қаңағаттанарлық іс-шаралар жасалды.

Жұмыспен  қамту орталығында жылдын басында 9  адам  тіркеуде болған, казіргі уақытта  11 адам тіркеуде тұр. Жыл бойы тірекуде тұрған азаматтар әр түрлі қоғамдық жұмыстарға тартылды. Атап айтатын болсақ  ауыл тазалығын, көше тазалығын сақтауға және басқада қоғамдық жұмыстарға тартылды. Атаулы әлеуметтік көмек және балалар жәрдемақысын алатын отбасылар жоқ .Әлжуаз топқа жататын 8 (сегіз) отбасыға көмір алуға есепшоттарына қаржы аударылды .

                     Ауыл бойынша мал дәрігерлік бағдарламасы шенберінде мал дәрігерлік сауықтыру іс шаралары өткізіліп, мал ауруының алдын-алу мақсатында ірі қара және қой ешкілерден қан алынып екпе жұмыстары жүргізілді. Ірі қара мал және қой ешкілер сырғаланып дерекқорға енгізілді. Қыстық мал азығын дайындауға Жеке кәсіпкер Бектас Капенов пен Асқарбек Сабитов бірлесіп атсалысты, олар 800 тоннадан аса шөп шауып тұрғындарға тасып берді.

Жаз уақытында жеке меншіктің малын қырға шығарып бағу ұйымдастырылды. Бұл малдың иесіз жүріп жоғалуынан және теміржолға барып поезд астына түсіп теміржол қозғалысына қауіп төндіруден сақтайды. Бос жүрген мал тоғайдағы  шабындықты таптап тұрғындар арасында келіспеушілік тудырады. 

2012 жылы көң – қоқыс төгетін арнайы орынды дұрыс пайдалану және ұстау мақсатында   бюджеттен 200 мың тенге қаражат қарастырылып игерілді.

Ауылымызда  2 шаруа қожалығы және 11 шағын бизнес субъектілері тіркелген. Бұлар бүгінгі күні өз істерін дамытып аудан экономикасына өз үлестерін қосуда.  

Былтырғы жылы ауылымызда орналасқан топтық су құбырлары әкімшілік балансынан аудандық «Май сервис» МҚКК иелігіне берілді . Бүгінгі күні ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етіп отыр. Келешекте су құбырларының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін су колонкаларын және құбырларды ауыстыру  керек, көше бойы орналасқан су құбырларының тозығы жетуіне байланысты жиі істен шығып тұрады, сондықтан үстіміздегі жылы  бюджеттен қаражат қарастырып күрделі жөндеуден өткізу қажет .

2012 жылы  тазалық айлығы шенбері бойынша  ауылымызда келісім бойынша штаб құрылып, тазалық жұмасы шарасы өткізіліп тұрды. Штаб мүшелеріне ауыл көшелері тазалығын бақылау мақсатында көшелер  бекітіліп берілді.   Айлық шеңберінде ескерткіштерді сырлап ақтау жұмыстарын жүргізуге 40 мың тенге қаражат бөлініп игерілді.

Ауылымызда байланыс торабы да ойдағыдай жұмыс атқаруда, бірақ бос абоненттік номерлердің болмауынан тұрғындардың телефон байланысын құрғызуға сұранысын қанағаттандыра алмай отыр.

Ауылымыздың  күнделікті өмірінде байланыс почта  бөлімшесінің орны ерекше .Ауылымыздағы пошта бөлімшесі арқылы зейнетақы, бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақылары беріліп әр түрлі төлемдер қабылданады. Газет-журналдар аптасына үш рет  халыққа таратылады. Баспасөз басылымдарына жазылу жоспары толығымен орындалды.

                Көшелерді жарықтандыру бағдарламасы бойынша 396 мың тенге бөлініп қосымша 30 шам құрылды. Ауыл ішіндегі жолдарды қардан тазалауға 87 мың теңге қаражат бөлініп игерілді.

Білім беру саласы.

Ауылымызда бір жалпы орта білім беру мектебі жұмыс істейді. 

Ондағы оқушылар саны – 90

Мектеп жасына дейінгі балалар саны – 64

                Мектеп жанынан ашылған шағын орталық жұмыс істейді, онда 35 бала тәрбие алуда.  Биылғы жылы  450 тонна көмір тасылды. Жылу беру орталығының мұржасы айырбасталып мектеп төбесі күрделі жөндеуден өтті.

Мектеп бойынша 25  мұғалім жұмыс істейді.

                Мектеп оқушыларынан 65 бала ыстық тамақпен қамтылған бұл оқушылардың 72,2 пайызын құрайды. Мектеп ұстаздары    былтырғы оқу жылында  ғылыми жобалар сайысына қатысып облыстық деңгейде жүлделі орындарға ие болып дипломдармен марапатталды. Оқушылар ұстаздарының жетекшілігімен аудандық және облыстық пән олимпиадаларына қатысып жүлделі орындарға ие болды.

Денсаулық сақтау саласы.

                Жедел-жәрдем көрсету мәселесі Курчатов қаласымен келісу арқылы шешіліп отыр. Фельдшерлік пунктке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ауыл бойынша  2012 жылы жыл басынан 8 сәби  дүниеге келді, олардын денсаулықтарын бақылау ауылдық фельдшердің міндетінде . Ауыл бойынша балалар арасында тубвиражды 3 бала тіркелген болатын олар үнемі бақылауға алынып мектеп асханасында ыстық тамақпен қамтылған болатын биылғы жылы 4-балаға дейін төмендеп отыр  ,1-бала санаторийде емделуде. Қысымы жоғары тіркеуде  тұрған адамдар құны елу пайызға төмендетілген    дәрімен қамтамасыз етілген. Қант және демікпе дертімен ауыратындар тегін дәрімен қамтамассыз етіледі.

Мәдениет саласы.

                Мәдениет үйінде жоспарға сәйкес түрлі мәдени іс-шаралар өткізіліп тұрады.Іс шаралар өткізуге 125 мың теңге қаражат бөлінген бұл қаражат толығымен игерілді .Ақылы қызметтен 42 мың теңге түсіп, оған клубтың ағымдағы жөндеу жүргізілді .

Ауылда селолық кітапхана халыққа қызмет көрсетеді. Кітап қоры  5896 дана. Жылда кітапхана жаңа кітаптармен толығып отырады. Оқырмандар арасында  кездесулер дөңгелек үстел шаралары өткізіліп тұрады. 

2012 жылда атқарылған жұмыстар жөнінде тоқталып өттім. Алда әліде атқаратын істер баршылық.Әкімшілікке ғимарат сатып алу жоспарда тұр.                Сонымен қатар топтық ауыз су құбырын жөндеуден өткізу жоспарда тұр.

                      Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы жыл сайын бұзылмас  дәстүрге айналды .Біз бәріміз телевизордан көріп,радиодан тыңдап жатырмыз .Қазір барлық мектептерде ,кітапхана және басқа мекемелерде  пікрталастар  өткізіліп жатыр. Өткен жылы 1 желтоқсан күні елеулі оқиға алғаш рет Тұңғыш Президент күні аталып өтті. Тұңғыш Президенті күні мерекесінің қарсаңында елордамыз Астана қаласына ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу құқығының берілгені жөніндегі көптен күткен қуанышты хабарды еліміз ерекше ықыласпен қабылдады. Бұл жетістікке жеткеніміз Елбасының тәуелсіз және өсіп өркендеген Қазақстанды құру идеясымен жасампаз еңбекке талпынған біздің халқымыздың бірлігі мен тұтастығы деп білеміз

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ең алдымен Тәуелсіздік алған кезеңнен бастап қандай ірі табыстарға қол жеткенімізді сараптап берді және алдымызға айқын мақсаттар қойды .

                Бірлесе көтерген жүк жеңіл дейді сондықтан алдағы жоспардағы істерді бірлесе атқарамыз деп ойлаймын. Сіздерге отбасыларыңызға амандық дендеріңізге саулық тілеймін. Жаңа жылда жаңа табысқа жете берулеріңізге тілектеспін. 

 

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala