Баскөл селолық округінің әкімі А.С. Хәкімовтың есеп беру ТЕЗИСТЕРІ

Бүгінгі күні ауыл экономикасының аграрлық секторында – 13 шаруа қожалығы, 24 - жеке кәсіпкерлер жұмыс атқарады.
Ауылда - 301 жеке аула бар, оның ішінде - 267 мал ұстаса, - 34 аула әр түрлі себептермен мал ұстамайды.
Ауыл шаруашылығының негізгі саласы мал шаруашылығы болғандықтан, аграрлық саясаттың басымды бағыты мал шаруашылығын одан әрі қарай дамыту болып отыр. Осы тұрғыда ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлеріне республикалық, облыстық, аудандық шаруашылықты қолдау дамыту шеңберіндегі бағдарламалар іске асуда. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы іске асырылуда .
Ауылшаруашылық өнімдерін Астана, Павлодар қалаларының тұрғындарына нарық бағасына бәсекелестік ретінде, төмен бағамен қамтамасыз етілуде, өткізілетін жәрменкесіне ауыл тұрғындары және кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары белсене ат салысты.
Бүгінгі күні қысқы маусымға шөп дайындалу науқаны өз деңгейінде өтіп жатыр.Дайындалған шөп қоры – 8800 т. Аз қамтамасыз етілген ,жалғыз басты тұрғындарға шаруа қожалықтары арқылы шөп жеткізіліп берілуде.
Баскөл ауылының А.Иманов атындағы мектебінде 27 ұстаз еңбек етеді, оқушылар саны-146. Мектеп түлектерінің 2014 жылғы ҰБТ нәтижелері 67,7% көрсеткендей, білім деңгейінің өскенін көрсетеді. Оқушыларды ыстық тамақпен қамтылуына үлкен көңіл бөлінуде, 1-4 сынып оқушылары, аз қамтамасыз етілген отбасылар балалары, туб вираж, туб инфекция балалар тегін тамақтанады.
Мектептің қысқы маусымға дайындығы өз деңгейінде, қажетті көмір көлемі жеткізілді. Сапалы білім алу мақсатында округтің бөлімшелерінен 38 бала тасымалданады. Оған екі автобус бөлінген.
Округ тұрғындарының денсаулығына басты назар аударылуда. Кардиология, онкология, түберкулездің алдын алуға үкімет тарапнан үлкен қөңіл бөлініп отырғандықтан бүл дертке қарсы ауқымды шара өткізілуде. Көктобе селосындағы денсаулық поезына ауыл тұрғындарының жол мәселесін шешіліп тексеріске апарылды, сондай ақ ауылымызға денсаулық авто-керуені 2 рет қатынап , жоғарда айтылған дерт түрлерімен толыққанды тексеруден өтілді. Тұрғындар скрининг тексеруден өтті.
Баскөл ауылында дәрігерлік амбулатория ішінде дәріхана жұмыс атқарады, тегін дәрі дәрмек уақытында жеткізіліп отырылады. Жыл басынан бастап – 17 нәресте дүниеге келді. Фелдшерлік акушерлік пункт барлық құрал-жабдықтармен жабдықталған.
Ауыл тұрғындарын таза ауыз су мен қамтамасыз ету үшін «Ақ бұлақ» бағдарламасы шеңберінде су тазартқыш блок модулі халықты сапалы сумен қамтамасыз етуде.
Елбасының халыққа дәстүрлі Жолдауында атап көрсеткеніндей тұрғындардың денсаулығын нығайту мақсатында ауылымызда бірнеше кешенді бағдарламалар іске асуда. Спортпен шұғылдануға барлық жағдайлар жасалған, ауылдың үлкен спорт алаңы, мектептің спорт залы, 2 шағын ойын алаңдары спорттың барлық түрімен айналысуға мүмкіндік береді.Мектепте спорттық секциялар саны 11, онда 98 оқушы қамтылған. Мектепішілік спорттық сайыстар жиі өткізіліп әр спорт түрінен жеңімпаздар анықталып, топтар жасақталынып,аудандық жарыстарға жіберіліп отырады.Сол сияқты ауыл жастары кешкі уақытта мектеп спорт залында белгіленген кесте бойынша спорт ойындарына қатынасып отырады. Жүйелі түрде спортпен шұғылданудың нәтижелері көңіл қуантанарлықтай.Біздің ауылдың жасөспірімдері мен жастары аудан, облыс көлемінде жүлделі орындарға ие болып жүр. Ауыл тұрғындарының спортпен шұғылдануы әркез назарда болып,ауыл әкімшілігінің басты назарында.
Селолық округтің шағын және орта бизнес саласы күн санап өсіп өркендеуде. Жеке кәсіпкерлердің саны екі есе артты. «Бизнестің жол картасы- 2020» аясында бірнеше кәсіпкерлер жеңілдетілген несие алды, мал басын көбейтуге және ауылшауашлығы техникалары алынды. Ауыл кәсіпкерлерің 2 кафесі, 4 азық-түлік дүкені халыққа қызмет көрсетеді.
Ауылымызда құқық саласына басты назар аударылуда. Учаскелік полиция инспекторы жанынан, ерікті жасақ тобы құрылып, түнгі уақытта кезекшілік ұйымдастырылды.
Округ бойынша көріктендіру, көгалдәндіру жұмыстары оңтайлы шешімін табуда. Биыл 51 түп ағаш, 8 гүлзәр отырғызылып жаз бойы күтіліп , суарылып отырылды.
Округ бойынша 1209 адам оның ішінде еңбекке жарамдысы 698.
Мемлекеттік мекемеде 187, өзін-өзі қамтыған 286, жұмыспен қамту
орталығында тұрғандар саны- 15 адам. 2014 жылдың қаңтар айынан бастап 32 адам қоғамдық, 8 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Селолық округі бойынша аз қамтылған отбасылар 7. Атаулы әлеуметтік көмек алатындар 1 адам. 8 Наурыз мерекесі, Жеңіс күні, қарттар күні мерекелерінде ауылдың
азаматтары, шаруа қожалықтарының демеушіліктерімен мерекелік
дастархан жайылып, сыйлықтар таратылды. Жыл сайын республика бойыша өтетін «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды. «Қамқорлық» айлығы барысында әкімшілік, мектеп, мәдениет үйі, дәрігерлік амбулатория қызметкерлері жалғыз басты тұрғындарға көмек көрсетуде, үш тұрғынға тегін отын жеткізіліп берілді. Құрбан айт мерекесіне орай ауылдағы мүгедектер мен аз қамтамасыз етілген отбасыларына 260 кг тегін ет таратылды.
Аулымызда мәдениеттің өркендеуіне үлкен көңіл бөлінуде. Жаңа сахналық костюмдер алынды. Ауыл азаматы Рүстам Сағитов ауыл жастарына барлық жабдығымен тенис үстелін сыйлады.
Округ бойынша байланыс жүйесіне 237 абонент тіркелген. Бозша, Жаңатілек ауылдары, Талды, Комсомол, Қошай қыстақтары толығымен байланыс және электр жүйесімен қамтамасыз етілген. Округ бойынша байланыс желілері жаңадан ауыстырылуда. Баскөл селолық округінде 1 пошта бөлімшесі халыққа қызмет көрсетеді. Қазақстандық ОТАУ ТВ арнасы 61 үйге орнатылды, спутниктік қабылдағыш - 88, ауыл тұрғындарының 32 жеке компьютерлері интернет жүйесіне қосылған.
Республикалық, облыстық, жергілікті басылымдарға жазылу уақытылы жүргізіліп, ауыл тұрғындары ақпаратпен қамтамасыз етілуде.

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala