Көктүбек селолық округі әкімі Ә.Қ.Дүсіповтың 2014 жылғы есеп беру баяндамасының тезистері

- 2015 жылдың 1 қаңтарына малдың саны: ірі қара мал барлығы – 4537 бас, оның ішінде сиыр 1604 бас, жылқы – 2737, қой - 12131, шошқа – 14 бас, тауық – 4025.
- Көктүбек селолық округінің аумағында 15 шаруа қожалығы тіркеліп, жұмыс істеуде;
- аудан орталығында тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 1 КБМ жұмыс істейді;
- 17 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды;
- аудан орталығында орта білім беретін екі мектепте 552 бала оқиды. № 13 кәсіптік колледжде 71 оқушы білім алуда;
- үш бала-бақшада 185 бала тәрбиеленуде;
- Көктөбе селолық округінде 2 сауда үйі , 70 дүкен, 4 наубайхана, 5
қоғамдық тамақтандыру орындары қызмет көрсетуде. Халыққа тұрмыстық қызмет көрсету орталығы қызмет етеді;
- үлкен жолдың бойында 2 жанар-жағармай станциясы қызмет көрсетіп
және дөнгелек жөндеу шеберханасы жұмыс істеп тұр;
- жеке меншік аулаларды дамыту мақсатында «Шыған» несиелік серіктестігінен мал алуға 2014 жылы 3 адамға 5 млн. 50 мың теңге несие берілді;
- Көктүбек селолық округінде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін 300 мың теңге қаржы бөлініп, толықтай игерілді;
- әр жұма және сенбі сайын сенбіліктер өткізіліп, көктемгі және күзгі егіске 3800 тұп ағаш отырғызылды;
- Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының 1 бағыты «Инфрақұрылым мен тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» шеңберінде жалпы сомасы 33 млн. 651 мың теңгеге 3 жоба іске асырылды. Олар: «Айгөлек» бөбектер бақшасының қасбетін, төбесін және қоршауларын күрделі жөндеу жұмыстарынан өткізу үшін 9 млн. 916 мың теңге бөлінсе, Ерсін Мұқашев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің терезелерін ауыстыру үшін 5 млн. 674 мың теңге қарастырылды және Көктөбе ауылының Әйтеке би көшесі – 0,9 шақырым және Абылайхан көшесі – 0,55 шақырым ауыл ішіндегі автомобиль жолдарының орташа жөндеу жұмыстарын өткізуге 14 млн. 999 мың теңге бөлініп, іске асырылды. Жұмыстардың барлығы уақытында және сапалы орындалды. Бұл жұмыстарға жұмыспен қамту орталығынан 15 адам жұмыспен қамтамасыз етілді.
- Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының 2 бағыты «Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу» 2014 жылы Көктөбе ауылы бойынша 4 адам құжаттарын тапсырды, біреулері өз бизнестерін ұлғайтып жатса, келесілері өз істерін ашып жатыр.
- Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының 3 бағыты «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» Көктүбек селолық округінен 2 адам оқуға жіберілді, оқуларын тәтәмдаған соң жұмыс орындарына орналастырылады.
- ауылымызды абаттандыруға және қоғалдандыруға 1280 мың теңге
жоспарланып, игерілді;

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala