Кеңтүбек селолық округінің әкімі А. Оразалинның 2014 жылғы атқарылған жұмыстарының тезисі

Кеңтүбек селолық округі бойынша 257 отбасы тұрады. Халық саны 1020 адам, зейнеткерлер 99, студенттер 43, оқушылар саны 128, жұмысқа қабілетті тұрғындар 464 адам, тұрақты жұмыс атқаратындар 217 адам, мерзімдік жұмыс атқарушылар 20 адамды құрап отыр. 4 тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек алатындар саны 5 отбасы 23 адамды құрады. Балалар жәрдемақысын алатын 20 отбасының санын құрап отыр. Жұмыспен қамту орталығында тұратындар саны 46 адам. Былтырғы жылы қоғамдық жұмысқа 68 адам тартылды.
Білім беру саласы.
Ауылымызда 1 мектеп, 50 балаға арналған балабақша жұмыс істейді. Ауылда Жалтыр жалпы білім беретін орта мектеп тек қана мемлекеттік тілде оқытылады. Онда 23 мұғалім қызмет атқарады. Олардың жоғарғы категориялы-4, бірінші категориялы-6, екінші категориялы-6, категориясы жоқ-7 мұғалім қызмет атқарады. Бірыңғай ұлтық тестілеуде мектеп түлектері 83 пайыз үлгерім көрсетті. 5 түлек жоғарғы оқу орнына түсті. Мектеп толық материалдық жағдаймен қамтылған, сапалы білім беру үшін барлық жағдай жасалынған және ыстық тамақпен қамтылған.
Мәдениет саласы.
Ауылда 1 кітапхана, 1 мәдениет үйі жұмыс істейді. Кадырлармен толық қамтылған, дегенмен мәдениет үйіне көркемдік жетекші штатын сұраудамыз. Кітап қоры 7290 дана, жыл сайын жаңа кітаптармен қамтылып, кітап қоры жаңарып келеді. Компьютермен, телефонмен және музыкалық аппаратурамен қамтылған. Жаңа жыл, 8-наурыз, 22-наурыз, 1 мамыр, 9 мамыр, 1 қазан қарттар күні басқа да мәдени шаралар өткізіліп оған мектеп өнерпаздар үйірмесі қатысып өз өнерлерін көрсетіп жүр
Ауыз су.
Кеңтүбек ауылында судан тазарту қондырғысы (КБМ) жұмыс жасап тұр. Өткен жылы «Май сервис» мекемесі арқылы 902 мың теңге бөлініп бөлшектері ауыстырылды.
Ауыл көшелерін жарықтандыруға келетін болсақ бүгінгі күні 66 дана шам орнатылған. Жалпы жарықтандыруға кеткен қаражат 1 млн 100 мың теңге. 2015 жылы жарықтандыруға 1 млн 560 мың теңге бөлінді. Ауылды абаттандыру үшін бөлінген 266 мың теңге толық игерілді. 2015 жылы осы жұмыстарды атқару үшін 367 мың теңге бөліп отыр. Сонымен қатар 1 млн 17 мың теңге Ұлы Отан соғысына 70 жыл толуына орай ескерткішті қайта жаңарту үшін осы жылға бөлініп отыр.
Ауылды көң-қоқыс пен қардан тазалау. 2014 жылы ауыл ішіндегі автомобиль жолдарын қардан тазалауға 300 мың теңге бөлініп игерілді. 2015 жылы 357 мың теңге бөлінді.
Баспасөз. Жылсайын Республикалық және жергілікті басылымдарға жазылуда ауыл оқырмандары белсенділік танытып 100 пайыз орындалып отырды. Бұл халықтың елімізде және аймағымыздағы болып жатқан жаңалықтарды баспасөз арқылы оқып біліп отыруларына мүмкіндік туғызады.
Селолық округте 206 телефон нүктесі, тұрғындардың антена арқылы республикалық 4 телеарнаны көруге мүмкіндігі бар.
Спорт. Тұрғындардың спортпен шұғылданулары үшін спорт кешені жұмыс істейді. Селолық клубтағы спорт әдіскерінің аудандық мекмелер адасында валиболдан және кір көтеруден жарыстар өткізіліп бюджет қаржатынан тиісті марапаттарға ие болды.
Қоғамдық тәртіп.
Қоғамдық тәртіпті сақтау үшін тәжірбиелі учаскелік инспектор лейтинант Хамитов Қайрат түнгі уақытта ауыл көшелерін аралап тәртіпті қадағалап отырды, сонымен қатар ауыл ішінің тазалығы үнемі қадағаланып көң-қоқысты дұрыс төкпеген азаматтарға ескертулер жасалынды. Ішкілікке салынған адамдарды есепке алып тиісті шаралар қолданылды.
Денсаулық. Ауылда учаскелік емхана жоқ, тұрғындар аудандық емханаға емделеді. Оған аудан орталығы жақын орналасқандықтан ауылға медициналық бірлік берілмей тұр.
Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасы барысында Кеңтүбек селолық округінде бағдарламаның бірінші бағыты бойынша Кеңтүбек ауылының кіре-беріс жолы мен ішкі жолдарына 16 млн 317 мың теңге бөлініп «Содружество» ЖШС мердігер болып Абай, Ленин, Алтынсарин көшелері, барлығы 1,4 метр жол асфальтанды. Бұл жұмысқа жұмыссыздар қатарынан 7 азамат жұмысқа тартылды. Бағдарламаның екінші бағыты бойынша үш ауыл тұрғыны атап айтқанда Айдаргазина А. С.,-2 млн 100 мың, Нургалиев К.К.,-2 млн, Сыздыков Ш.Э.,- 3 млн теңге несие алды. Үшінші бағыты бойынша 9 адам біліктілігін арттыру мен қайта даярлауға оқуға жіберілді.
Әлеуметтік сала бойынша селолық округте өткен жылы мүгедек 19 адамға 334 мың 761 теңгеге бір жолғы әлеуметтік көмек берілді, 4 адамға 74 мың 80 теңге жүктілігіне байланысты бір жолғы әлеуметтік көмек берілді, өрт салдарынан зардап шеккен 2 адамға 183 мың 343 теңге берілді, 8 наурыз халықаралық әйелдер мейрамына 2 адамға 8 890 теңге берілді, 2 топтағы мүгедек баласы бар 1 адамға 9260 теңге берілді, 9 мамыр мерекесіне орай 8 адамға 26 672 теңге, АӘК және балалар жәрдемақысын алатын 24 адамға 422 856 теңге бір жолғы әлеуметтік көмек берілді, мүгедектер күніне 18 адамға 74040 теңге берілді, аз қамтылға отбасына көмір алуға 22 адамға 407440 теңге берілді, 9мамыр күніне Ұлы Отан соғысы ардагерінің жолдасына берілетін көмек 1 адамға 26 668 теңге, 4 студенттің оқу ақысына 2 млн 341 теңге берілді, Ұлы Отан соғысының мүгедегіне теңестірілген бір адамға 45 188 теңге, 1,2 топ мүгедектеріне 17 адамға 221 мың 943 теңге, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға 29 632 теңге, туберкулезбен ауыратын 3 адамға 38 892 теңге бөлінді, анкалогиялық аурумен ауратын 2 адамға 34040 теңге берілді. Өткен жылы селолық округ бойынша 11 сәби дүниеге келді.
Ауыл шаруашылығы.
Селолық округ бойынша 2015 жылдың бірінші қаңтарына 3558 бас ірі қара мал, оның ішінде сиыр 1286, қой- ешкі 9917 бас, оның ішінде аналығы 7896 бас, жылқы 1729 бас, оның ішінде 704 бас аналық. Селолық округке тіркелген 16 шаруа қожалығы бар. «Бакау» шаруа қожалығы 3 адамды әлеуметтік жұмысқа тартты.
Салық. Селолық округ бойынша 2015 жылы жер салығы 55896 теңге, мүлік салығы 42940 теңге жиналып аудан бюджетіне төленді.

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala