Малайсары селолық округі әкімі С.Б. Омирбековтың 2014 жылы бойынша есеп беру баяндамасының тезистері

-2015 жылдың 1 қантарына малдың саны: ірі қара мал барлығы – 2350 бас, оның ішінде сиыр 986 бас, жылқы – 1034, қой -5231 бас, тауық – 670бас;
- Селолық округі бойынша мал-дәрігерлік сақтандыру және диагностикалық шаралар орындалады. Бүгінгі күні мал шаруашылығымен айналысатын 17 шаруа қожалығы бар, 2014 жылы 4 азамат шаруа қожалығын ашты;
-«Жұмыспен қамту - 2020 Жол картасы» бағдарламасының 2-ші бағыты бойынша ауылдың 8 тұрғыны 18 млн. 300 мың теңге несие алды;
- 3 отбасына 13 балаға балалардың жәрдемақысы тағайындалды;
- Тұңғыш Президент күніне орай 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға «Елбасының сыйлығы» атты республикалық акция аудан бойынша ұйымдастырылды, оған Малайсары селолық округінен 2 мүгедек бала қатысты, көп балалы отбасыларға, ең төмен зейнетақы алатындарға, жалғыз басты зейнеткерлерге, тағы басқа категорияларға материалдық көмек беріліп тұрады;
-«Ардагерлерді ардақтайық» проектісі бойынша 1 қазан Қарттар күніне орай мәдениет үйінде мерекелік шара өткізілді, дастархан жайып,сый-сияпат жасап, құрмет көрсетілді;
- Малайсары жалпы орта білім беретін мектепте 112 оқушы білім алады;
- Малайсары жалпы орта білім беретін мектептің жанында ашылған шағын орталығында 39 бала, мектепалды даярлық топта 18 бала тәрбиеленеді;
- 2014-2015 жарты жылдық оқу жылында орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәнінен облыстық пән олимпиядасында жүлделі II орын (Ронде К. 10 сынып), аудандық пән олимпиадасында мектептен 11 оқушы қатысты,3 орын-1 оқушы,2 орын-2 оқушы,1 орын-1 оқушы, «Жарқын болашақ» олимпиадасының аудандық кезеңіне-7 оқушы қатысып,5 оқушы жүлделі орындарға ие болды, «Русский медвежонок»халықаралық лингвистикалық ойынының 1,2-орын жүлделері 3 оқушы,аудандық ғылыми жоба сайысына «Өлкетану» секциясы бойынша 9 сынып оқушысы Галиева Г. 1 орын иеленіп,облыстық ғылыми жоба сайысында 2 орын иеленді;
- округте 1 мәдениет үйі, 1 селолық клубы, 2 кітапхана жұмыс істейді. Кітап қоры 7953 дана. Қазақ тілінде – 4759, орыс тілінде – 3192, басқа тілде – 2. Компьютермен және музыкалық аппаратурамен қамтылған,интернет желісі қосылған;
- 2014 жылы мәдениет үйіне сахна костюмдері, видеобақылауыш, ноутбук, түрлі түсті принтер, шкафтар, стол, музыкалық орталық, компьютерлік құрал-жабдықтар, музыкалық аппаратура сатып алынды;
- округте дәрігерлік амбулатория және медициналық пункт жұмыс істейді. Кадрлармен толық қамтылған, фельдшер және медбибі ауыл тұрғындарына қызмет көрсетеді. Жылына бір рет жылжымалы флюкар келіп халықты тексеруден өткізеді. Республикалық «Саламатты Қазақстан» автопоезы екі рет ауылымызға келді;
- дәрігерлік амбулаторияда аптекалық пункт жұмыс істеп тұр;
- Малайсары селолық округінде 3 дүкен қызмет көрсетуде;
- округ бойынша ардагерлер кеңесі, әйелдер кеңесі және жұмысқа орналастыру комиссиясы өз жұмысын атқаруда;
- 2015 жылдың басылымдарына жазылу 100 пайызға орындалды;
- 2014 жылы «Жұмыспен қамту -2020 Жол картасы» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша ауылға кіреберіс 1,1 шақырымдық автомобиль жолдарына орта жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala